Сүйем десем сенесің бе, маған қарай келесің бе? Сол жолдарда тұнып тұрған кедергімді жеңесің бе? Қайғыларым толы болса бұл өмірде мен үшін, Жаным мені сонда да еш себепсіз сүйесің бе?
Сағынам десем сенесің бе, маған жауап бересің бе? Сені алып тау шыңына шығып.....
«Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік.....
Жер таппан жерде жете Жетісуым Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым, Асқардың аспан сүйген сілекейін, Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын. Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз, Ну тоғай, қоғалы көл.....
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген Жәндіктің киік деген баласы бар. Бетпақта қысы-жазы ел болмайды, Ел-жайлау, өзен яки....
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар. Думанды шалқар көлдері-ай, Еркін дала белдер-ай. Каздай қатар....