Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.....
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым –қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды. Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар. ....
Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология деп аталады. (грек – ethos - әдет, мінез) деген мағананы береді. Этология ғылымы 20 ғасырда пайда бола бастады. Бұл жаңалықты Нобелъ сыйлығының иегері академик И.П.Павлов ашқан. Ол жануарлардың мінез – құлқын жана-жақтылы зерттеді. Қазыргі уақытта этология ғылымымен биология факулътетіндегі Сарбонде, Аксфорде, Англия, Голландия мемлекеттері қатты көңіл бөліп оқытады. Павлов жануарлардың мінез-құлқына генетикалық талдау жүргізген және оның талдау жүргізген бірден-бір жаңалығы осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемде жануарлардың мінез-құлқы үйретімді, жуас, тыңдағыш болған екен. “Жануарлар адам секілді бәлкім рахаттылық, қуаныш-қайғы, күйзелу, бақыттылық және бақытсыздықты сезінуге қабілетті” деп Чарлиз Дарвинның еңбектерінде жазылған. Ағылшын биологі Д. Гексил адам тәрізді маймылдар денемен, сезім ағзаларымен ған қамтамасыз етілген, яғни, адамдарға ұқсас, сонымен қатар қызығушылықтың, ашудың, қауыпсіздіктің, жақындылық, ауырсыну, рахаттылықтың көрсеткіштері бар. Бұл құбылысты кез-келген адам зоопаркте көруі мүмкін, бұл басқада сұтқоректілерге қатысы бар екенін қортындылайды. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-құлқын бақылау әдісі кең қолданылады. ....
Психология- психикалық қубылыстардын пайда болу, даму және қалыптасу зандылықтарын зерттейтін гылым. Психикалық қубылыстар бізді қоршап турган сыртқы дуние заттары мен қубылыстарынын мидагы әр турлі бейнелері болып табылады. Олар копшілігімізге оз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін угымдар. Психология ерте ззаманнан келе жатқан білім салаларынын бірі. Онын дуниеге тунгыш келген жері ежелгі Греция. “Психология” термині гректін екі созінен турады, “псюхе”- жан, “логос”- соз, ілім. Сойтіп, бул соз “ жан туралы ілім” деген магынаны білдіреді. Ерте замандарда пайда болып, гасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардын козқарастарында насихатталып келген тусініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәнгі бақи жасайтын жан адамнын барлық психикалық тіршілігінін иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалган тусініктін пайда болуына алгашқы адамдардын табигат сырларын дурыс тусіне алмауы себеп болды.....
Әйел-Ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясына дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сипап тұрғандай. Себебі - әйел тішілікің тұтқасы, айнасы, ана өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр. Кез – келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Соның бір болмыс -нышанын өз алдына іргелі мемлекет болып отырған біздің елімізден де көруге, байқауға болады. Әйелдің қоғамдағы орнына келер болсақ, ол өз алды әңгіме. Жасыратыны жоқ, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орыны туралы әңгіме қозғалса біз әлі де алдымен олардың жұмысбастылығы, білімі, оларға қатысты басқа да деректерді тілге тиек етіп жатамыз. Қазақ әйелдерінің қоғамдық -саяси ортадан аз көрінуі қазақтың ежелден сақталып келе жатқан патриархаттық менталитетіне байланысты болуы мүмкін. Жекелеген тұлғалар болмаса, қазақ халқы қоғамдағы әйел рөлін негізінен отбасының ұйтқысы алыптар мен данышпандарды дүниеге әкеліп, тәрбие беру үшін ана ретінде елестетеді. Бұрынғы мәселені найзаның ұшымен шешетін заман үшін бұл кешірімді. Берідегі әйелдер “теңдік” алған кездің өзінде шектен тыс саясаттандырылған қоғамда “әйелдің тең құқылығын” көрсету үшін аса бір жауапкершілік жүктелмейтін, мемлекеттік “қайраткерлікпен” ғана шектелетін ұсақ –түйек билік беріп, көз алдаушылық жасалғаны белгілі, Қазақ әйелдері, өздерін үлкен қоғамдық-саяси күш ретінде сезініп, мемлекеттік билікке ұмтылатындай саяси қондырғы да, ахуал да болған жоқ. Міне, сондықтанда қазақ әйелдері арасында Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін елге билеуге лайық тұлғалар болғанымен жеме –жемге келгенде “байтал шауып бәйге алмастың” деңгейінде қалып келеді. ....
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды. Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады. О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер. Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді. Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. ....
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "По¬зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре¬тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Пла¬тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға¬сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді. Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы¬лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. ....
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған ....
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады.Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім дегенсөздерінен. Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі менпәнінің ара жігін ажыратып алған жөн. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынныңбәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде қарастырылады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық –қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес ,оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшкленген объектісі-қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру,бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар-мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар – қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған. ....