Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне, одан басқа алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адаляықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылалы. Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес. Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр. Иман дегеніміз — сенім. Имансыз сөзі — сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішу, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сиынып өмір сүру оның табиғатына тән. Ол солай жаратылған. ....
Бүгінде дін сөзінің көптеген реңкі қалыптасқан. Миллиондаған адамдар өздерін белгілі бір дінге жатқызады немесе соның бөлшегі санайды. Діни ой-шабыт пен сезім тұтастай мемлекетке немесе жекелеген адамдарға күшті ықпал етуге қабілетті. Адамдар көптеген себептер бойынша дінге қатысты болып келеді. Адам әрқашан:"біз қалай пайда болдық?", "біз бұл өмірге неүшін келдік?" және "біз қайда барамыз?" деген сұрақтарға жауап ізумен келеді. Ғылым бұл сұрақтарға бүгінде зерттеу және ғылыми тұжырымдау жолымен жауап беруге ұмтылады. Адамды ең алдымен өзінің кім екені қызықтырып ойландырады. Ғалымдар мен философтар әртүрлі және қарама-қайшы версияларды ұсынады. Алайда адамдардың көпшілігі жауапты діннен іздейді.Ал дін адамдардың кім екені және қайда баратынын түсіндіріп береді. Ол әрі адамзаттың қалай пайда болғанын түсіндіреді. Әлемде жүздеген діндер мен конфессиялар өмір сүреді және олардың наным-сенімі бір-біріне қарсы келгенімен барлығы да адамға өз түсінігін береді. Білуге деген ынта мен рухани тапшылық бізді жануарлардан ерекшелеп тұрады. Демек адамда физиологиялық мұқтаждықтан басқа рухани танымға деген талап-тілек те бар деген сөз. ....
Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәде¬ни жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық. Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарын-да гана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеотит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б.з.б. ІП-П~мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқын-да болғандығын дәлелдеп отыр. Б.з.б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо-Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дөстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Кене үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады. ....
XIX г. соңғы ширегінде Тигр жөне Ефрат (Қос озен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялык казба жұмыс-тарьпіың ңәтижесінде ежелгі ескі қалалардьщ орны ашылып, өлеыге «Шумер өркеннеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының гасырлар бойы жинактаған мол мәдени мураларына қомақты үлес қосқан, дүннежүзілік оркениеттің тағы бір бастауына аііналған бүл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалык мәйегі», ілгерілеу мен дамудың каіінар бүлағы деп дәріптелді. Жер бетіяде алгаш өркенуіетті қауым, іргелі мемлекет күрған шумерлердің ыәдениеті дүниежүзілж мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей оте жоғары болды. Бірақ Ніл аңгарында үш мың жыл бойы бір-ак, халық коныстанып, бір-ақ қана мем-лекет Ежелгі Египет коныстанса, ал Қос озен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирня, Иран сиякды түрлі мемлекеттік кұрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып турды, турлі халықтар өзара сауда-саттык жасаумен қатар, езара әскери кактығыстарға да жиі барьш түрды, соның салдарынан калалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып кирады да. Бірақ мұндай кактығысқа қарамастан бұл мемлекеггердіц мәдени гұлдену процесі тоқтап қалған жок. Оған дэлел, Қос озеннің ең көне мөдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.Й. Грозный сиякты аса көрнекті шыгыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бұкіл Вавилон мэдениепнің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердщ вздері, олардың ата-бабала-рын Қос өзен оңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген. Ғалымдардың айтуьшша, бүл келгендер «тау түргындары», «малшы кошпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белплі ғалым Л. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқынын басым көпшілігі келімссктерден күрылганы анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халыктардың игере алмаіі отырған биік мөдениетін еркендетуге белгілі дөрежеде әсер еткен болса ке-рек», — деп жазады.....
Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э.д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады: Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздері топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал. Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императордың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді; Діни өлеңдер кітабы. Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген; Салтанатты рәсімдер кітабы. Күн - Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады. Дао - Сюэ (Ұлы ілім), Чжун - юн (тепе - теңдік туралы), Лун - юй (әңгімелер мен толғаулар) және Күн - Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн - Цзының атымен аталған еңбек - екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер. Конфуций ілімі - тұтасымен дерлік адамшылдық, адамгершілік туралы ілім. Мұнда Кұдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмаған. Дін деуден гөрі әлеуметтік - этикалық жүйеге жуық тұрған бұл ілім бойынша ең маңызды нәрсе - рәсімділік. Яғни, конфуцидегі құлшылық объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Оның өмірі - осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша үш мың ереже мен жүз ғұрыпты орындаған ....
Өзімізге белгілі әртүрлі факторларға сүйенсек, денсаулыққа байланысты тамақтану – ең маңызды мәселе. Өйткені, тамақтану – адам ағзасы үшін энергетикалық материал ( энергия көзі ) болып табылады. Сонымен қатар, ағзадағы биологиялық белсенді заттардың пластикалық материалы мен стимуляторы болып табылады. Практикалық түрде көптеген адамдар объективті және субъективті себептерге байланысты тамақтану режимін бұзуда. Соның салдарынан ағза өте қажетті биологиялық белсенді заттарды керегінше ала алмайды. Қазіргі таңда алиментарлық жағдайына байланысты бірсыпыра, аурулардың түрлерінің көбейгені белгілі. Қалыптан артық тамақтанғаннан кейін гипертоникалық ауру дамиды және атерсклероз, бедеулік, семіру, өте бөлу жолдары және несеп жолдарының аурулары, ишемиялық ауру, диабет және т.б. аурулар туындайды. Ал адам ағзасына тағамдық заттармен энергия жетіспеушілік мынадай ауруларға әкеп соқтырады: кахехисия, маразм, диатрофит, анемия, рахит, көздің күндіз көріп, түнде көрмеуі (куриная слепота), гингивитер,полиневриттер, нәрестелер өлімінің жйілеуі, гастриттер, ісік(рак), туберкулез және т.б. аурулар пайда болады. Ғылыми зерттеулер қорытындылары тамақтану факторы ағзаны әртүрлі аурулардан қорғайтындығын және қорғай отырып иммундық жүйеге спецификалық және спецификалық емес түрде әсер ететіндігін, ағзаның өсіп-жетілуіне, физиологиялық жүйенің дұрыс жұмыс жасауына, денсаулығын сақтауға, жұмыс қабілетін, ағзаның ауруларға қарсылық күшін арттырып, дені сау ұрпақ келтіруіне әсер етіп, өмірін ұзартудағы маңызы зор екендігі дәлелденуде. Ол ағзаны қоршаған ортадағы бөгде агенттерге төзімділігін, кедергісін арттырады, балалардың өсу, даму ырғағын анықтайды. Жоғарыдағы баяндалған мәліметтерден денсаулық сақтау ұйымының тамақтану факторына үлкен көңіл бөлетінін көреміз. Мәселен, қазіргі кезде денсаулық сақтау ұйымының ғылыми-практикалық қызметкерлері денсаулыққа байланысты ешқандай әлеуметтік-гигиеналық шарт қоя алмай отыр. Себебі, адамдар керекті құнды тағаммен тамақтанбау өз алдына, санитарлық-гигиеналық қалыптарға сай тамақтанбағандық салдарынан да денсаулықтары нашарлауда. Жүкті және емізулі әйелдер жағдайы бұл фактілерді түсіндіруде маңызды топты құрайды. Себебі, бұлардың арасында анемия 30 және одан да жоғары. 1990-1995 жылдары туылған балалар 1980-1985 жж. Туылған балалармен салыстырғанда, төмен антрометрикалық көрсеткішті көрсетеді. Әдебиеттегі деректер және біздің зерттеу материалдарымыз бойынша сапасыз, құнарсыз тағаммен тамақтанған жүкті әйелдерден сәбилердің төмен салмақпен туылатындығы және осы аналардың жүкті кезінде анемиямен, токсикозбен ауыратындығы дәлелденді. 1990-1995 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындаған кезінде туған сәбилердің антрометриялық орташа өлшемдері 1980-1985 жылдардағы деңгейімен салыстырғанда статистикалық дәлдікте төменгі дәрежеде анықталады. Сәбилердің антенаталды өсіп-жетілуіне әлеуметтік-экономикалық және биологиялық факторлардың әсерлері тиемелді түрде болатындығы анықталды, бірақ әлеуметтік-экономикалық ахуалдың аналар мен перзенттердің денсаулық көрсеткіштеріне теріс әсер ету ықпалы биологиялық факторлардың тегеурінін пәрменді екендігі дәлелденді. Ана денсаулығы – биологиялық фактор, бірақ денсаулығы жақсы аналар екі түрлі жағдайда сәбилерді дүниеге келтіреді. Осыған орай, 1990-1995 жылдарда туған сәбилердің самотометриялық көрсеткіштері анағұрлым төменгі деңгейде анықталды. Бұл ретте қиын жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторлардың пәрменділігі байқалды. Биологиялық фактордың күші әлсіздік танытып, экономикалық ахуал әсері басымдық көрсетті. Денсаулығы жақсы аналардан туған сәбилердің салмақ-бой индексі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсеріне арнайы көрсеткіш бола алады. 1980-1985 жылдары бұл деңгей 65.0-65.2 г/см, ал 1990-1995 жылдары 62.2-62.4 г/см-ге тең болды(норма 65.0 г/см-ден жоғары). ....
Дүние тану пәнін оқуынын әдісі педагогикалық ғылымдар жүйесіне жатқызылады.Бұл пәннің зерттейтін объектісі дүние тану пәнін оқыту және тәрбиелеу процесі.Дүние тану пәнінің әдісі негізінен дедактикалық принциптерге сүйенеді Басқа пәндерге қарағанда дүние тану пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Дүнитану оқуының әдісі басты кемелі оқушының жас ерекшелігін ескере отырып оқыту атериалының теориялық мазмұнын осыған байланысты етіп береді.Басқа педагогикалық ғылым сияқты дүние тану әдісі оқу тәрбиелеу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар іске асыруда бірқатар мақсаттарда негізделген.Алдымен дүниетану әдісі «қоршаған дүниені таныпбілу не үшін қажет»деген сүраққа жауап береді. 1.Дүниетану пәні қоршаған ортаны танып ,білу тірі табиғатпен олі табиғаттың баланысты түсіну ,оқуды табиғат құбылыстар жайлы білім мен білік дағдыларды қалыптастыру. 2Дүниетану әдісінің пәні дүниетану пәні нені оқытады.?Осылайша оқу пәнінің мазмұны қалыптасады.Одан әрі дүние тану әдісі дунитануды қалай оқыт қажет деген сұраққа жауап береді. Бұл пәнді оқытқанда қандай әдіс тәсілдерді пайдаланамыз?Қалай дамытамыз?Қандай тәрбие береміз?Бұл пәнді оқытуда қандай ерекшеліктер бары көрсетіледі. Дүниетану пәні негізі педагогикалық ғылым болып саналады одан ары бүл пән теориялық мазмұнны жағынан биология мен географиямен байланысты .Сонда мұғалім бұл ғылым жетістіктерінде білу қажет оқушыларға тұсіндіре ашу қажет.Тірі табиғатпен өлі табиғатты дүрыс менгере түндіру білу қажет .Дүниетану әдісі оқуда оқушының физиологиясы мен гигиенасы пәні мен тығыз байланыстыра түсіндіру қажет.Бұдан басқа дүниетануды оқыту басқа коптеген ғылымдар мен байланысты. Олар:Экология Табиғатты қорғау Жер байлықтарын қорғау Валеология Синергетика т.б Бұл пәнді оқыту нгізінен соңғы ғылым жетістіктеріне қоғамдық даму бағытына негізделетіндіктен бұл пәннің атының да ,мазмұнынын да бұл пәннің озгертуінде осыған байланысты.....
Құс шаруашылығы пәнінен мен құс өнімі «Жұмыртқа» тақырыбы туралы курстық жұмыс жаздым. Курстық жұмыс 20 беттен құралған. Онда мынадай тақырыптар қарастырылады. Негізгі бөлімде: Жұмсыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні, жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар, жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама деген тақырыптарды қамтиды. Техника қауіпсіздігі мен қорытындыға да толық түсінік берілді. Бірінші кестеде - жұмыртқаның химиялық құрамы туралы жазылған. Екінші кестеде - жұмыртқаның сапасын бағалау әдістерінің жіктелуі туралы жазылған. Жұмыртқа өнімі туралы суреттер қосылды. Осы тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған. ....
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды. Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.....
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады. Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз. Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды ....