Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге. .....
Мұғалімді дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Кептеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мұғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде. Мұғалім ролінің дамуы қалай? Көптеген мүғалімдерде компьютерге оқушымен қарым- қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көзқарас пайда болған. Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплей мен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты, жене сәтті құрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады. Мұғалім компьютерлік сабақты жүргізуге дайын ба, ол пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен компьютерді жаңалық енгізе отырып пайдалана ала ма? Бұрындары мамандар мұндай дайындық жоқ деп ескертсе, қазіргі кезде де бұл сұрақтарға ете сақтықпен жауап беріледі. Әрине, информатика пәні мұғалімін оқып үйретуші программа мен оқытуды автоматтандыру жүйесін қолдана білуге үйрету оңай. ....
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат. Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған. XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды. ....
Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi. Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты. 1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.....
Белок-жер шарындағы өмірдің кілті.Белоктар - әр қырлы биологиялық катализаторлар, оларсыз организмде бірде-бір биохимиялық процестер жүрмейді.Организмде белоктар зат алмасу процесінде азайып жұмсалады да, олардың қоры әр қашан да толықтырылып тұрады.Организмнің 1/5 бөлігі белоктан тұрса және 2/3 бөлігі қатты қалдықтан тұрады, сол себепті адам организмі белок резерві онша көп болмайды.Сондықтан күнбе-күн ьелокті тамақты аминоқышқылдармен жолықтырылып отырылады, олар адамзаттың қоректенуі үшін табылмайтын және басқамен ауыстырылмайтын қорек болып есептеледі.Негізгі ауыстырылмайтын амин қышқылдарымен тамақты толықтыру белокті құрамының толық бөлінуіне талап етеді (аргенин,метионин, лезин, гисьяин, фенил-аларин,летсин,вомен,турифтедан,теонин). Егер адам организмі белокпен бірге 8 негізгі аминқышқылын қабылдау керек болса, ал бала организмі оған қосымша тағы екі аминқышқылын талап етеді (аргинин,гистидин). Егер,ұзақ уақыт тамақта белок аз болса онда ол денсаулыққа зиян тигізеді, яғни салмақты азайтады, қанның мөлшерінің азаюна себепші болады, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді және т.б. Ал егер тамақта белок көп болса ол да әрбір ауруларға себепші болады. Сондықтан адамның тамағында нағыз белоктардың болғаны абзал. Орта жастағы адамға күніне 80-100г белок қажет, немесе 1.6-1.3 г белок 1кг дене салмағына қажет. Белок қабылдау нормасы адамның жасына,жұмыс тәртібіне,денсаулығына байланысты болады.....
Ортақ Отан – Қазақстан! Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет. Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.......
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал – мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; мекені, қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге үйрету. Әдіс тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ – жауап, сахналау. Көрнекілік: Үй және жабайы жануарлардың суреті, үйдің макеті, жануарлар киімі. .....
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру. Жаңа сөздер: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс. Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушы кезең Балалар шеңбер бойына жиналып «Ғажайып ақшақар» Көптен күткен жаңа жыл да келе жатыр. Жаңа жылда жақсы тілек тілесең орындалады. Балалар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатындарын естеріне түсіріп, әңгімелейді. Балалар кезек - кезек «Ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады. Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз, ыстық, мейірімге толы. Балалар шеңбер бойына жиналып өз тілектерін айтады. .....