Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды.
ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1].
Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

АӘД | Химиялық және бактерилогиялық қарулары олардың құрылысы жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді . «Еңбек қорғау» және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәндер жеке пән ретінде оқытылатын болды .
«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің типтік бағдарламасы 1993 жылғы қыркүйекте тұрғындарды және мамандарды төтенше жағдайда әрекет жасауға арналған, оқыту жүйесін ұйымдастыру мәселелері атты Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің №969 қаулысының негізінде Оқу министрлігімен Азаматтық қорғаныс бас штабының 1994 жылғы 10 ақпанындағы № 46 / 27 бірлескен бұйрығына негізделіп жасалған .
Бұл пәннің негізгі қарастыратын мәселесі - адам өмірі , себебі , ол қоғамның д ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | "АЗТМ" АҚ -да еңбекақы төлеуде зерттеу

Нарықтық қатынастарға өту процесінде экономиканың көпсатылы қалыптасу нәтижесінде Қазақстан экономикасы едәуір өзгеру үстінде.
Еңбекақы әрбір мемлекеттің, ұжымның, адамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесінде де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар табысының 30-70%-ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарылатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр салада және әр аймақта әртүрлі болып келеді.
Еңбек ақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | А Е Д К Ғ витаминдері

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | А Е Д К Ғ витаминдерінің адам ағзасында жеткіліксіз болғандықтан туындайтын аурулар

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды. Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ААҚ ТҰК Казхром экономикалык қызметін талдау

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Австрия еліне экономикалық географиялық сипаттама

Австрия республикасының астанасы Вена қаласы. Австрия Батыс Еуропадағы дамыған капиталистік мемлекет. Онда 8,75 млн халық тұрады. Австрия мен Қазақстан арасындағы қарым – қатынас жақсы жолға қойылған. Австрия Қазақстанға көп мөлшерде инвестиция салып Қазақстанның экономикасының одан әрі дамуына өз үлесін тигізуде. Австрия Қазақстанға мәдениет жағынан дамытуға үлесін тигізуде. Австрияның « Макро Роно » фирмасы Алматы қаласында « Рахат Талас » бес жұлдыздық қонақ үйді солуға және оған қаржы бөліп салап берді.
Екі мемлекеттің кәсіпкерлері арасында байланыс жандана түсті. Кәзірге кезде Республикада 30 – дай біріккен кәсіптіе өндірістер жүмыс істеуде. Ауыл шаруашылығының жоғары өнімділігі елдің қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Елдің 41 % ауданын ауыл шаруашылық өндірісі пайдаланады. Ауыл шаруашылық өсімдіктер және үрықтарды қорғаудың қатаң нормативтері қолданылды. Австрия мен Қазақстан 18 қазанда 1992 жылы мтаныды. 1995 жылы Венада Австрияғы Қазақстанның елшілігі ашылды. Қазақстан мен Австрия арасында саяси қарым – қатынас арасындағы кездесу кезінде орнатылған ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала....
Курстық жұмыстар
Толық