Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту

Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту казакша Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Әлемдік білім беру жүйесіндегі 12 жылдық оқытудың үлгілері
1.2 Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық оқытуға көшу қажеттілігі

2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ
2.1 Қаржы рыногының мәні мен функциялары
2.2 Қор рыногы және оның қалыптасуының ерекшеліктері

3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Нарықты экономика тұсында мектеп оқушыларына экономикалық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі
3.2 Мектеп оқушыларына «Экономикалық негіздері» пәні бойынша сабақ берудің үлгілерін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды.
ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1].
Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде.
ҚР 12 жылдық білім беру жағдайындағы мәселелердің бірі оқушылардың экономикалық білімі мен мәдениетін арттыру болмақшы. Өйткені, нарықты экономика тұсында халық қоғамдағы қаржы айналымындағы инфляциялық құбылыстарға, валюта (ұлттық және шетел валюта курстарына), банктік, сақтандыру және бағалы қағаздар рыногындағы жағдайлармен жақын таныс болулары қажет. Мәселен, 2007 жылғы экономикалық дағдарыс тұсында халықтың қаржылық сауаттылықтарының жетіспеуі салдарынан адамдардың көбісі коммерциялық банктерден жоғары пайызбен алған несиелерін тиімсіз жұмсаудың нәтижесінде оларды уақытында қайтара алмай, кепілдікке қойған мүліктерінен айырылып талай шығынға ұшырады. Сондықтан бүгінгі жасұрпақтың келешекте осындай келеңсіз жағдайларға тап болмаудың алдын алу үшін экономикалық білім міндетті түрде берілуі тиіс .
Қазіргі кезде де қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі төмен, олар банктен басқа қаржы құралдарына сенімсіздік білдіреді. Жиі адамдар өз ақшаларын қайда саларын және қалай пайдалануды біле бермейді, себебі капиталды салудың балама көздері мен ақша сақтаудың жолдарынан бейхабар, яғни өз капиталдарын басқару жүйелері туралы үнемі хабардар бола бермейді.
Дамыған нарықты экономикалы елдерде ақшаны көбейтудің немесе ақшаны капиталдандырудың бірнеше көздері бар. Оларға коммерциялық банктер, сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтары жатады.
Қазіргі кезде мемлекеттің басыңқы бағыттарының бірі бағалы қағаздар рыногына халықты тарту, сондықтан бұл мәселеге үкіметтің назары ерекше. 2012 жылы Үкімет халықты бағалы қағаздар рыногына тарту үшін ІРО бағдарламасын іске асыруға байланысты насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Ол осы жылдың екінші жартысында Ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарының 10-15 пайызын қор биржасына шығаруды жоспарлауда. Өйткені, бұл рыноктың экономикалық және әлеуметтік мәні орасан үлкен. Бүгінгі күні еліміздегі бағалы қағаздар рыногындағы акционерлердің үлесі өте төмен. Қазақстандағы халықтың көпшілігі артық бос жатқан ақшаларын банктік депозитке салуды артық көреді. Ал, әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған қарапайым адамдар ақшаларын құнды қағаздарға салып табыс табуды әдетке айналдырған.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканы инвестициялау мен халықтың табыс табуын қамтамасыз етуге әсері ерекше. Алайда, ҚР бағалы қағаздар рыногындағы өзекті мәселелерге АҚ-дың қор рыногына құнды қағаздардың шығарылуының төмен деңгейі және сатып алушылардың да аз болуы жатады.
Бірақ соңғы жылдары халықтың бағалы қағаздар рыногына қызығушылығын арттыру мақсатында инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жиі мақалалар жазылуда, ал теледидардан «Капитал әліппесі», «Ақшаң болса» сияқты бағдарламалар жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің тиімді шешілуі үшін, жастарды қаржы рыногындағы жағдайларды талдау жасауға, адамдардың бар ақшасын капиталдандыруға байланысты экономикалық білім мен мәдениетке, соның ішінде қаржылық сауаттылыққа отбасы мен мектеп қабырғасында үйренген жөн. Қазіргі кезде бұл мәселеге байланысты білім жүйесінде біршама жұмыстар атқарылуда, орта мектептерде «Қолданбалы экономика», «Экономикалық білім негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» пәндері оқу бағдарламасына енгізілген. Алайда, олар барлық мектептерде бірдей жүргізілмейді. Кейбір мектептерде 4 сыныптан басталса, басқа мектептерде жоғары сыныптардан басталады. Ал, ауыл мектептерінің бәрінде бірдей бұл пәндер жүргізілмейді. Сондықтан келешекте экономикалық пәндердің барлық мектептерде оқытылуын бір жүйеге келтіру қажет сияқты. Келесі мәселе мектептердегі осы пәндерді жүргізетін мұғалімдерге қатысты, өйткені жиі бұл пәндерді арнаулы мамандығы жоқ адамдар оқытады. Осындай мәселенің болуына қарамастан «құқық және экономика негіздері» мамандығын бітірушілерге облыстық білім беру басқармасы мектептерге орын бөлмей отыр.
Халықтың, оның ішінде жастардың экономикалық білімдерін арттыру мәселесі экономикалық пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдердің оқу үрдісінде қолданатын әдістеріне де байланысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәні: Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты, білім беру жүйесіне жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі оқу үрдісінде балалардың экономикалық білім деңгейінің дамуын, олардың экономикалық құбылыстарды әрі қарай өз өмірлерінде қолдануын, тәжірибеде пайдалануларына мүмкіндік беру. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінде мұғалімдер экономикалық білім мен мәдениетті оқушылардың жоғары деңгейде игеруі үшін оқытудың инновациялық технологияларын кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар оқушылардың жоғары деңгейде білім алуы әр педагогтың жетік білім деңгейіне, біліктілігіне, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданып сабақ берулеріне де байланысты.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Қаржы рыногының теориялық негіздерін зерттеу. Мектеп оқушыларына бағалы қағаздар туралы сабақ берудің жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің, бағалы қағаздардың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына келесідей міндеттер қойылады:
- 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі мен оның әлемдік тәжірибесін қарастыру;
- бағалы қағаздардың теориялық және тәжірибелік мазмұнын зерттеу;
- мектеп оқушыларына қаржы жүйесіндегі бағалы қағаздар рыногы туралы сабақтар өту арқылы қаржылық сауаттылықтарын қалыптастыруды қарастыру;
- мектеп оқушыларына «Бағалы қағаздар рыногы» атты тақырыпты оқытудың тиімді әдістерін анықтау.
Диплом жұмысының ғылыми және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер, соған лайықты ұстаздар даярлау мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар А. Құсаинұлы, М.Н. Сарыбеков, А. Құсаинов және тағы басқалар. Қазақстандағы қаржы рыногының қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері қазақстандық экономистер Я.Әубәкіров, Қ.Қ. Ілиясов, М.Ә. Тілеужанова, Г.С. Сейтқасымов, Б.А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А.А. Арыстановтардың ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің мазмұны Қ. Ағанинаның еңбектерінде орын алған. Дипломдық жұмыс осы авторлардың еңбектеріне сүйеніп орындалды. Сонымен қатар БАҚ шыққан мақалалар пайдаланылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы: Түркістан қаласының № 8-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында, осы мектептің 5-7 сыныптарында қаржы сауаттылық пәнінен қаржы тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспе, тарау, параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:


1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ


1.1 Әлемдік білім беру жүйесіндегі 12 жылдық оқытудың үлгілері

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр, яғни қазіргі кездегі білім берудің бұл үлгісі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады, ал оның пайда болуы соңғы жиырма-отыз жылдар арасындағы ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізуіне және жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай, сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет. Бүгінгі таңда осындай өзекті мәселені шешу үшін жаһандық білім беру жүйесі оқытудың 12 жылдық жүйесіне көшуді қолға алды. Әрине, Қазақстан Республикасы да, әлемдік кеңістіктің бірі ретінде, бұл мәселеден шет қалмай, керісінше, Қазақстанның білім беру жүйесі дүниежүзілік білім қауымдастығына енуге бар күшін салып, осы салада жаңарту іс шаралары жоғары деңгейде жүргізілуде. Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сай әлемнің 140-қа жуық мемлекеттерінде білім жүйесі 12 - жылдық оқытуға көшірілуде, оның ішінде дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Финляндия және т.б, ал бұрынғы Кеңес одағына мүше елдерінен бірқатар мемлекеттердің осы жүйеге өткеніне хабардармыз.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты келешекте жастарды дамыған қоғам тұсында өмір сүре алатын, еліне пайдасын тигізетін, өз-бетінше білім алып, оны тәжірибеде тиімді қолдана алатын, білімге қызығушылықпен қарайтын, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі: пәнді оқыту барысында оқушылардың терең білім алуы үшін, яғни білімді, білікті мамандыққа бағыттауды, құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, оқушылардың денсаулығына үлкен мән беріліп оған барлық жағдайлар жасалады, яғни олардың сабақ уақытын қысқарту, ауылды жерлерде оқушыларды тасымалдау үшін көлік мәселесінің шешілуі қарастырылады.
12 жылдыққа көшу барысында оқу үрдісін ұйымдастыру белгілі қағидаларға негізделеді:
- жеке тұлғаның жас ерекшелігінің, оның денсаулығының жағдайының ескерілуі;
- алдына мақсат қойып әрекет етуі;
- ашықтығы;
- интерактивтігі.
12-жылдық білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылған интеграцияланған пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:
- Қоршаған әлем,
- Өзін-өзі тану,
- Көркем еңбек,
-Жаратылыстану,
- Қоғамдық білім негіздері,
- Көркем мәдениет,
- Әлемдік көркем мәдениет,
- Экономика,
-Құқық
Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:
-мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына сәйкестендіру;
-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуға жағдай жасау;
-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру ортасы ретінде қарастыру;
-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі құзыреттілікті /компетенцияларды/, технологияларды енгізу;
-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын оқу ситуацияларын кеңінен қолдану;
- білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының білім алудағы талғамын ескеру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.
Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:
- білім алушының «дайын білімдерді алушы» ретіндегі енжар қалыптан танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін көтеруді;
- оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;
- білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;
- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда сабақтастықтың сақталуын;
- білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші түлектердің тұлғалық сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді болжауды;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіруді;
- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.
Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат міндеттері 12 жылдық білім беру жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері белгіленген:
- білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
- метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
- пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Жалпы орта білім беру саласына прогрессивті өзгерістерді енгізу ұсынылуда. Бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі ғылым негіздері бойынша білім мазмұнын жетілдіру десек, мектептегі оқытылатын білім көлемін әрдайым үстемелеп отыру қажетілігі дәлелденіп отыр.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі пәндермен қатар экономика , экология, валеология, психология, саясаттану, дінтану ғылымдары негіздерін оқыту заман талабына айналуда. Сонымен қатар, балалардың жалпы психологиялық дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен шықпай, талапқа сай келуін қадағалау, білім мазмұнының оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагог ғалымдардың жұмысына қойылатын негізгі талап болуда. Осындай талаптарды қанағаттандыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді түзіп, оны мектеп практикасына енгізу болып отыр.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны жаңартуға және білім беру саласын қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
2008-2009 ж.ж. оқу жылдарында Республиканың 96% мектептері интернет желісіне қосылды. Қазақстандық білім беру порталы құрылды.
Ауыл мектептерінің дамуын қамтамасыз ету үшін «Ауыл мектебі» бағдарламасы іске асырылды. Қазақстан мектептерді компьютерлендіруді ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аяқтады. «100 мектеп, 100 аурухана», «Жол картасы» бағдарламалары жемісті түрде жүзеге асырылуда.
12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарту жэне жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1,04 млрд. теңгеге 1000 интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бүл мектептерді толығымен жабдықтау үшін тағы да 721 мектепке интерактивті қүралдар алу үшін бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылған.
2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердің 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен физика, химия жэне биология кабинеттері жабдықталатын болады. 2008-2010 жылдары лингофондық жэне мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092 мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға - 2 676 454 мың теңге, 2009 жылға -2 543 319 теңге жэне 2010 жылға - 2 3 31 193 мың теңге.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер жүргізілді. 2009 жылға «Оқулық» РҒПО-ға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты. Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде:
- қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық базасын нақтылауға;
- мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын іріктеуге;
- түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу жүктемесін азайтуға;
- білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруге;
- білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы дайындауға;
- өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
- қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби дайындау жүйесін жетілдіруге;
- Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы жаңа жүйелерді ұсынуға;
- мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық ұсыныстар жасауға;
- мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне тиімді жолмен көшуіне;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының сапалық деңгейін көтеруге;
- жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
- білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
- жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
- педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
- білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына, жағдай жасауға;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.Қазіргі таңда құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім беру мүмкіндіктері қарастырылу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған [3]. 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [4].
Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн. “Тұлға ”-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл процесте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі, мектеп үлгісі және орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.
Мәселен, АҚШ ХХ ғасырдың 90-жылдарынан білім жүйелеріне жаңа бағыт беруге бет бұрды. ХХ ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде «америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді.
АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пәнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пәндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие болады.
Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушының білімін бағалаудағы басты әдіс – тест. Қазіргі таңда көбіне тесттердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп қолданады.
Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80 жылдары бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сәйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымды болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту, дипломдык 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайы, Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін