Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні

Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні казакша Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................

І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты
мақсаттары мен ерекшеліктері
1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері.......................
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары.....................................................................................................

ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық
қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары...........................................
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-
биологиялық ерекшеліктері..............................................................................
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі
бағыттары............................................................................................................

Қорытынды ..........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................

І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен ерекшеліктері

1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері

Үкімет 2002-2004 жылдарға арналған басты мақсат ретінде қоғамдық –саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканың теңдестірілуі деңгейін арттыру, капитал қозғалысын жандандыру, экономикалық қауіпсіздікті нығайту, жүйелік қатерлерді азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық және аймақтық деңгейлерде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, қауіп-қатерлерге қарсы тұру әзірлігі негізінде халықтың тұрмыс-деңгейінің өсуі деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрі демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне зор назар аударатын болады.
Басым міндеттер ретінде мыналар айқындалды:
1. Ел халқының әл-ауқатын жақсарту және оны одан әрі өсіру үшін алғы шарттар жасау.
2. Жаңа, қазіргі заманғы өндірістер құру, неғұрлым жоғары техникалық-технологиялық деңгейге шығу.
3. Олардың функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін жіті айқындап, мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
4. Әлеуметтік-экономикалық процестер мен сыртқы факторлардың өзгеруіне бара-бар ден қоюды қоса алғанда, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетіктерін жасау.
Мақсаттар мен орта мерзімді басымдылықтарға қол жеткізу Үкімет пен Ұлттық Банктен:
елдің қаржы және бюджет жүйелерінің теңдестірілуі мен тұрақтылығын;
халықтың тұрмыс деңгейі өсуі, кедейлік пен жұмыссыздықтың азайтылуы негізінде ішкі сұранысты арттыру;
рыноктарды құрылымдаудағы Үкіметтің ролін арттыру;
экономиканың барлық саласының рентабельді жұмыс істеуін;
бірінші кезекте өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында тауарлардың бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық жаңартуды;
ауылшаруашылығының өнімділігін елеулі түрде арттыруды, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу жөніндегі бәскеге қабілетті өндірістерді дамытуды;
мердігерлік жұмыстар рыногын құруды, қазіргі заманғы құрылыс кешенін және құрылыс материалдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытуды;
қызмет көрсету саласын кеңейтуді және оның бәсекелестік қабілетін көтеруді;
экономиканың барлық деңгейі үшін сапалы жаңа басқару инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономиканың басым секторларына инвестициялар құйылуын ынталандыруды, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіруге жұсмсалатын мемлекеттік инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануды;
аймақтар экономикасын теңдестіре дамытуды қамтамасыз ететін экономикалық, фискалдық және заңнамалық жағдайлар жасауға бағытталған міндеттерді шешуді талап етеді.
Бағдарламаның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы дамуының 2010- жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негізінде әзірленді және Қазақстанның 2030-жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыруға нысана алынды. Таяу кезеңдегі бірінші кезектегі міндеттер Мемлекет басшысын 2001-жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, сондай-ақ, 2002-жылғы 25 қаңтардағы облыстардың әкімдерінің кеңесінде Үкіметке берген тапсырмаларынан туындайды.
Бірінші. Индустрия салаларында жаңа қайта бөлістер мен өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау.
Екінші. Инфрақұрылымды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өндірістерді озыңқы дамыту.
Үшінші. Әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Төртінші. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), «Орталық Азиялық ынтымақтастық» (ОАЫ) ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету.
Бесінші. Халықтың ден саулығы, жай-күйін жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Экономиканы қарышты өсірудің резервтері мыналар болып табылады:
Бірінші. Отандық шағын және орта бизнестің серпінді өсуі.
Екінші. Мұнай-газ секторын тиімді пайдалану, 2001-ші жылы КТК құбыр өткізгішінің іске қосылуына, Қарашығанақ мұнай конденсаты кен орнының игерілуіне байланысты мұнайды экспорттау жөніндегі елдің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайту.
Үшінші. Метоллургия, химия және мұнай химиясы салаларында жаңа тезнологиялық қайта бөлістер мен өндірістер құру, экспорт құрылымын жақсарту.
Төртінші. Қаржы секторын дамытудың жаңа сапалық деңгейі.
Бесінші. Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды үдемелі әрі теңдестіре дамыту, ішкі сұранысты және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер көрсетудің бара-бар ұсыныстарын дамыту.
Үкімет орта мерзімді кезеңде мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге ниеттенуде:
2004 –шы жылы ішкі жалпы өнімнің өсуін 2001-ші жылмен салыстырғанда 18-20 пайызға жеткізіп, оның орташа жылдық нақты өсуін 5-7 пайызға жеткізу;
2004 жылғы халықтың жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің деңгейін 1600-1700 АҚШ долларына баламалы сомаға дейін жеткізу;
инфляция деңгейі 2002 жылы 5-7 пайыз, 2003 және 2004 жылдары 4-6 пайыз;
өнеркәсіптік өндірістің орташа жылдық өсуі -8-10 пайыз;
табысы ең төменгі күн көрістен аз халықтың үлесін 20-25 пайызға дейін азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің: «Жаңа Үкімет салиқалы әрі нақты істің Үкіметі болуға тиіс» деген сөзін Үкімет ұран ретінде толық қабыл алады.
Мақсаттары:
Үкімет аппараты қызметін ұйымдастыруда жүйелі көзқарас қалыптастыру, оның жұмысын икемді, тиімді және ретті ету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту.
Қоғамда мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және лауазымдар жіктемесін мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру.
Алғышарттар:
Мемлекеттік қызметті өркениетті нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің базалық негіздері әзірленді және енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс істеуде.
Мемлекеттік басқару ограндарының қызметінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлау қағидаттары енгізілді. «Қазақстан -2030» стратегиясында айқындалған басымдықтар бойынша Қазақстан Республикасы дамуының 2010-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленді. Облыстарды, Астана және Алматы қалалары дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде тиісті заң және бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Шешу жолдары:
Ел Үкіметінің жұмысын ұйымдастырудың тетігін жетілдіру міндеті алда тұр. Оның барлық құрылымдық элементтері қызметінің өлшемдері - нақты басшының тұлғасына тәуелді болмай, жалпы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкестігі, аппарат жұмысының тұрақтылығы жолға қойылуы, жауапкершілігі және оның жұмысының нәтижелілігі болуы тиіс. Осы мақсатта Үкіметтің орталық атқарушы органдардың ішкі құрылымын бекітуінің, олардың жетекші құрылымдық бөлімшелері санының нормативтерін белгілеуінің орындылығы қаралады. Үкімет құрылымын жетілдірудің үздіксіз процесі қайталау мен төрешілдік былықты болдырмайтын жіті айқындалған, біркелкі әрі теңдестірілген функциялары бар түпкілікті сұлбасын сызуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың штат саны олар орындайтын функциялардың саны мен сапасына қарай белгіленеді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың кадрлық құрамы кәсіби деңгейіне, біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын жаңа талаптарға сай келуі және тиісті материалдық-тезникалық әрі қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттеу негізгі міндетін орындаудағы тиімділігін арттыруға және ең бірінші кезекте, түпкі нәтижеге бағдарлануына бағытталады.
Олардың Құзыретіне енетін мәселелерді бірлесіп шешуі үшін министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру күшейтіледі.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында және олардың ішінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді тиімді бөлуді заң жүзінде бекіту.
Әрбір деңгейдегі мемлекеттік басқаруды құрайтын ұйымдастырушылық құқықтық және экономикалық бөліктерінің теңдестірілуіне қол жеткізу.
Алғышарттар:
«Бюджет жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туарыл» Заңдарды қамтитын мемлекеттік басқару және биліктің барлық деңгейінің өзара іс-қимыл жасауының жүйесін одан әрі жетілдіру үшін база жасалады. Азаматтық кодекске билік деңгейлеріне өкілеттіктерді және мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі жағдай жасаған өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік-бюджет реформасы шеңберінде экономикаға орынсыз араласуды шектеу, олардың әрқайсысына тиісті кіріс көздерін бекітумен бірге биліктің барлық деңгейі арасында өкілеттіктерді ажырату жөніндегі жұмыс басталды. Мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар арасында бюджет саласының шекарасы ажыратылады.
Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттік басқару секторының фунцияларына және бірінші кезекте, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландыратын ұйымдардың функцичларына талдау жүргізіледі.

Шешу жолдары:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 2002 жылы мемлекеттік функцияларды одан әрі оңтайландыру және ең алдымен облыс-аудан деңгейіндегі мемлекеттік басқару деңгейлері арасында оларды тиімді бөлу, мемлекеттк аппараттың оңтайлы құрылымын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің тиісті штат саны және басқарудың әрбір деңгейін қаржылық қамтамасыз ету кезінде әрьір мемлекеттік органның функцияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Басқарудың төмендегі деңгейлеріне берілетін функцияларды таңдау кезінде тиісті деңгейінде табысты іске асыру үшін қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды ақиқатты бағалау жүргізіледі.
Кең ауқымды жекешелендіруден мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға көшу және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды реттеу мүмкіндігін сақтау, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру.
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды
іске асыру стратегиялары

Біздің еліміз жоғарыда аталғанперспективаларға қол жеткізуі үшін мынындай ұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру қажет:
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанның бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Баолық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газды өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қаіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейінен бес жылдық жоспарларда белігленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйкті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мен мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз. Оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырылған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемелер үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттігімізден айрылып, егеменділігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдылығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетіміздің ірге тасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттігін сақтап қалуы үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан анық. Бұл тыныштылық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдалануға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Сондықтан, Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса, аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуымыз тиіс. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Тату көршілік бірінші кезектегі іс, бірақ елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды мүдделердің – саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеліп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бұрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау – біздің міндетіміз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықтты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыздың мынандай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтығымызды дамытатындығымызға кепілдік беру;
- этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының, тең болуын қамтамасыз ету;
- қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
- өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
- ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның қалыптасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;
- әр түрлі кнфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайту.
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады бірақ, әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мұнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая түсуде.
Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.
Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға көшуінің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз. Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен ден саулық сақтау, экологиялық апат сынды барлық әлеуметтік проблемалардың өзегіне айналды. Әйтсе де, мұнда демографиялық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні, курстык Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жоба, Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін