Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................5-6
І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен ерекшеліктері
1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері.......................7-10
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары...............................................11-17
ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары...........................................18-21
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-биологиялық ерекшеліктері...................................22-29
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі бағыттары.............................................30-33
Қортынды ..........................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................36

Кіріспе
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, брақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі роль атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігімі де бар.
Сол үшін басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ та, егде жасқа жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені, кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен біліктілігіміз жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзуге мүмкіндік береді.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекеттің, халықтың жекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыру қажет.
Курстық жұмыс барысында еліміздің алға қойған экономикалық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тағы басқа бағыттары бойынша актуалды мәселелер қамтылып, осы шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанның 2030-шы жылға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы қалыптастырылып, оны жүзеге асыру талабы қойылды. Сондықтан курстық жұмыс осындай елеулі жұмысқа арналды.
І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен ерекшеліктері
1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері
Үкімет 2002-2004 жылдарға арналған басты мақсат ретінде қоғамдық –саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканың теңдестірілуі деңгейін арттыру, капитал қозғалысын жандандыру, экономикалық қауіпсіздікті нығайту, жүйелік қатерлерді азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық және аймақтық деңгейлерде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, қауіп-қатерлерге қарсы тұру әзірлігі негізінде халықтың тұрмыс-деңгейінің өсуі деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрі демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне зор назар аударатын болады.
Басым міндеттер ретінде мыналар айқындалды:
1. Ел халқының әл-ауқатын жақсарту және оны одан әрі өсіру үшін алғы шарттар жасау.
2. Жаңа, қазіргі заманғы өндірістер құру, неғұрлым жоғары техникалық-технологиялық деңгейге шығу.
3. Олардың функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін жіті айқындап, мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
4. Әлеуметтік-экономикалық процестер мен сыртқы факторлардың өзгеруіне бара-бар ден қоюды қоса алғанда, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетіктерін жасау.
Мақсаттар мен орта мерзімді басымдылықтарға қол жеткізу Үкімет пен Ұлттық Банктен:
елдің қаржы және бюджет жүйелерінің теңдестірілуі мен тұрақтылығын;
халықтың тұрмыс деңгейі өсуі, кедейлік пен жұмыссыздықтың азайтылуы негізінде ішкі сұранысты арттыру;
рыноктарды құрылымдаудағы Үкіметтің ролін арттыру;
экономиканың барлық саласының рентабельді жұмыс істеуін;
бірінші кезекте өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында тауарлардың бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық жаңартуды;
ауылшаруашылығының өнімділігін елеулі түрде арттыруды, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу жөніндегі бәскеге қабілетті өндірістерді дамытуды;
мердігерлік жұмыстар рыногын құруды, қазіргі заманғы құрылыс кешенін және құрылыс материалдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытуды;
қызмет көрсету саласын кеңейтуді және оның бәсекелестік қабілетін көтеруді;
экономиканың барлық деңгейі үшін сапалы жаңа басқару инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономиканың басым секторларына инвестициялар құйылуын ынталандыруды, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіруге жұсмсалатын мемлекеттік инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануды;
аймақтар экономикасын теңдестіре дамытуды қамтамасыз ететін экономикалық, фискалдық және заңнамалық жағдайлар жасауға бағытталған міндеттерді шешуді талап етеді.
Бағдарламаның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы дамуының 2010- жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негізінде әзірленді және Қазақстанның 2030-жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыруға нысана алынды. Таяу кезеңдегі бірінші кезектегі міндеттер Мемлекет басшысын 2001-жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, сондай-ақ, 2002-жылғы 25 қаңтардағы облыстардың әкімдерінің кеңесінде Үкіметке берген тапсырмаларынан туындайды.
Бірінші. Индустрия салаларында жаңа қайта бөлістер мен өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау.
Екінші. Инфрақұрылымды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өндірістерді озыңқы дамыту.
Үшінші. Әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Төртінші. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), «Орталық Азиялық ынтымақтастық» (ОАЫ) ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету.
Бесінші. Халықтың ден саулығы, жай-күйін жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Экономиканы қарышты өсірудің резервтері мыналар болып табылады:
Бірінші. Отандық шағын және орта бизнестің серпінді өсуі.
Екінші. Мұнай-газ секторын тиімді пайдалану, 2001-ші жылы КТК құбыр өткізгішінің іске қосылуына, Қарашығанақ мұнай конденсаты кен орнының игерілуіне байланысты мұнайды экспорттау жөніндегі елдің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайту.
Үшінші. Метоллургия, химия және мұнай химиясы салаларында жаңа тезнологиялық қайта бөлістер мен өндірістер құру, экспорт құрылымын жақсарту.
Төртінші. Қаржы секторын дамытудың жаңа сапалық деңгейі.
Бесінші. Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды үдемелі әрі теңдестіре дамыту, ішкі сұранысты және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер көрсетудің бара-бар ұсыныстарын дамыту.
Үкімет орта мерзімді кезеңде мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге ниеттенуде:
2004 –шы жылы ішкі жалпы өнімнің өсуін 2001-ші жылмен салыстырғанда 18-20 пайызға жеткізіп, оның орташа жылдық нақты өсуін 5-7 пайызға жеткізу;
2004 жылғы халықтың жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің деңгейін 1600-1700 АҚШ долларына баламалы сомаға дейін жеткізу;
инфляция деңгейі 2002 жылы 5-7 пайыз, 2003 және 2004 жылдары 4-6 пайыз;
өнеркәсіптік өндірістің орташа жылдық өсуі -8-10 пайыз;
табысы ең төменгі күн көрістен аз халықтың үлесін 20-25 пайызға дейін азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің: «Жаңа Үкімет салиқалы әрі нақты істің Үкіметі болуға тиіс» деген сөзін Үкімет ұран ретінде толық қабыл алады.
Мақсаттары:
Үкімет аппараты қызметін ұйымдастыруда жүйелі көзқарас қалыптастыру, оның жұмысын икемді, тиімді және ретті ету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту.
Қоғамда мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және лауазымдар жіктемесін мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру.
Алғышарттар:
Мемлекеттік қызметті өркениетті нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің базалық негіздері әзірленді және енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс істеуде.
Мемлекеттік басқару ограндарының қызметінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлау қағидаттары енгізілді. «Қазақстан -2030» стратегиясында айқындалған басымдықтар бойынша Қазақстан Республикасы дамуының 2010-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленді. Облыстарды, Астана және Алматы қалалары дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде тиісті заң және бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Шешу жолдары:
Ел Үкіметінің жұмысын ұйымдастырудың тетігін жетілдіру міндеті алда тұр. Оның барлық құрылымдық элементтері қызметінің өлшемдері - нақты басшының тұлғасына тәуелді болмай, жалпы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкестігі, аппарат жұмысының тұрақтылығы жолға қойылуы, жауапкершілігі және оның жұмысының нәтижелілігі болуы тиіс. Осы мақсатта Үкіметтің орталық атқарушы органдардың ішкі құрылымын бекітуінің, олардың жетекші құрылымдық бөлімшелері санының нормативтерін белгілеуінің орындылығы қаралады. Үкімет құрылымын жетілдірудің үздіксіз процесі қайталау мен төрешілдік былықты болдырмайтын жіті айқындалған, біркелкі әрі теңдестірілген функциялары бар түпкілікті сұлбасын сызуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың штат саны олар орындайтын функциялардың саны мен сапасына қарай белгіленеді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың кадрлық құрамы кәсіби деңгейіне, біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын жаңа талаптарға сай келуі және тиісті материалдық-тезникалық әрі қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттеу негізгі міндетін орындаудағы тиімділігін арттыруға және ең бірінші кезекте, түпкі нәтижеге бағдарлануына бағытталады.
Олардың Құзыретіне енетін мәселелерді бірлесіп шешуі үшін министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру күшейтіледі.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында және олардың ішінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді тиімді бөлуді заң жүзінде бекіту.
Әрбір деңгейдегі мемлекеттік басқаруды құрайтын ұйымдастырушылық құқықтық және экономикалық бөліктерінің теңдестірілуіне қол жеткізу.
Алғышарттар:
«Бюджет жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туарыл» Заңдарды қамтитын мемлекеттік басқару және биліктің барлық деңгейінің өзара іс-қимыл жасауының жүйесін одан әрі жетілдіру үшін база жасалады. Азаматтық кодекске билік деңгейлеріне өкілеттіктерді және мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі жағдай жасаған өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік-бюджет реформасы шеңберінде экономикаға орынсыз араласуды шектеу, олардың әрқайсысына тиісті кіріс көздерін бекітумен бірге биліктің барлық деңгейі арасында өкілеттіктерді ажырату жөніндегі жұмыс басталды. Мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар арасында бюджет саласының шекарасы ажыратылады.
Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттік басқару секторының фунцияларына және бірінші кезекте, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландыратын ұйымдардың функцичларына талдау жүргізіледі.
Шешу жолдары:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 2002 жылы мемлекеттік функцияларды одан әрі оңтайландыру және ең алдымен облыс-аудан деңгейіндегі мемлекеттік басқару деңгейлері арасында оларды тиімді бөлу, мемлекеттк аппараттың оңтайлы құрылымын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің тиісті штат саны және басқарудың әрбір деңгейін қаржылық қамтамасыз ету кезінде әрьір мемлекеттік органның функцияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Басқарудың төмендегі деңгейлеріне берілетін функцияларды таңдау кезінде тиісті деңгейінде табысты іске асыру үшін қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды ақиқатты бағалау жүргізіледі.
Кең ауқымды жекешелендіруден мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға көшу және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды реттеу мүмкіндігін сақтау, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру.
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары
Біздің еліміз жоғарыда аталғанперспективаларға қол жеткізуі үшін мынындай ұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру қажет:
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанның бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Баолық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газды өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қаіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейінен бес жылдық жоспарларда белігленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйкті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мен мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз. Оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырылған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемелер үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттігімізден айрылып, егеменділігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 35 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары
Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы - әлеуметтік – экономикалық дамудың және халықтың әл – ауқатын жақсарту бағдарламасы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы - әлеуметтік – экономикалық дамудың және халықтың әл – ауқатын жақсарту бағдарламасы
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы
Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жу, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін