Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау

Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық және басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Қаржылық талдаудың мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау болып табылады. Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Ал бұл нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы менеджерлерінің серіктестермен, қаржылық – несиелік жүйемен, салық органдарымен және т.б. құрылған экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын көрсетеді және де бұл мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында біздің елдің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес келеді. Олар:
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйіне әсер ететін факторларды анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштердің сандық және сапалық өзгерістерін бағалау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан

Әлемдік шарушылықтың түпнегізі – бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері.Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен кедендік базасы халықаралық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш ұйымға қайткен күнде де кіру керек.
Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және маркетинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мемлекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келгенде, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жасауына орасан зор мүмкіндіктер береді. 2002 жылдың 31 қаңтарына дейін аталмыш ұйыммен 162 аймақтық әріптестік шарт жасалған екен. Оның саны жылдан жылға артпаса, кемімейтіні де белгілі болып отыр. Өз кезегінде ТМД-ның бірқатар елдері сияқты Қазақстан да осы ұйымға мүше болуды мақсат етіп отырғанын айта кету керек.
Отандық өнім өндірушілердің тауарлары әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар «баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады» дейді. Бұл нені білдіреді? Яғни, бір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауыл шаруашылық және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.
Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай сыртқы сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлттық экономиканы дамыту үшін мыналарды орындау керек дейді:
* сауда балансын сақтау: шеттен тауар әкелгенше, керісінше, сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем ретінде көбейту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері

Әуелі барлық әлемдерді Құран нұрымен нұрлы қылған Ұлы Раббымыз Аллаһ-Тағалаға сансыз алғыс-мақтауларымыз болсын, Ал заттың сүйікті пендесі және пайғамбары болған әзіреті Мұхаммедке (с.а.у) дуа сәлемдеріміз болсын. Міне, 1400 жылдан артық уақыттан бері адамзат әлемін бір Ұлы Кітап нұрлы қылып, жарқыратып келеді. Ол Аллаһ Тағаланың Өз пайғамбары Мұхаммед алйһис-сәлемге, ол кісі арқылы барлық адамдарға түсірген қасиетті Құраны.
Аллаһ Тағала бүкіл әлемді жаратып, сосын ол әлемге иелік қылсын, басқарсын деп адамзатты дүниеге келтірген соң, оған және оның ұрпақтарына жер жүзінде нағыз адам болып жасап өтулері үшін илааһи қолданба қылып Өзінің көрсетпелерін- кітаптарын жіберіп тұрды. Сол илаһи кітаптардың ең соңғысы және сонау Қияметке щейін жоғалмай бұзылмай тұрғаны және тұратыны Құрани Кәрім болып есептеледі. Бұл қасиетті кітаптың адамзат ғұмырындағы мәртебесін адам денесіндегі жанға ұқсатсақ еш бір қате кетірмеген боламыз. Өйткені адамның басқа жанзаттардан айырмасы, басқаша айтқанда,адамды айуаннан ажыратып тұрған нәрсе оның діні-иманы болса, сол діннің дінгегі-негізі Құран екендігі шексіз. Құран біздің, мұсылмандардың Қасиетті Кітабы болудан тыс, теңдессіз ұқсасы жоқ бір илаһи керемет. Сөз де болып, жалғыз мұсылмандар емес, басқа діндердің өкілдері де оған өзгеше сый-құрмет көрсетеді. Оның сырттай қарапайым көрінген аяттарындағы, сөздеріндегі өте терең мағына, бір аяттың өзіндегі тірлік дүниесі ақыретпен, жер тұрмысы аспанмен жанаса келтірілгені, ол түгілі, Құран мәнісінен бейхабар адам да оның өзгеше жағымды және өте әсерлі үнін ұққан кезде, өзі сезбеген жағдайда рахаттанып, демін ішіне тартып, құлақ түріп қалуы, ол түгіл тұла бойымен беріліп тыңдауы- бұлардың барлығы осы Ұлы кітап қарапайым адамның емес керісінше Жаратқан Аллаһтың сөзі екндігіне ашық-айқын дәлел. Міне, 14 ғасыр болады, бұл кітап мұсылмандарға илаһи қолданба болып және басқа барлық адамдарды да өзіне тартып, таң қалдырып келеді. Құран Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед алейһис-сәләмге түсіріле бастаған уақыттың өзінде бұған таң қалу басталған. Белгілі болғанындай, сол мезгілде арабтарда әдебиет өте дамып, ақындардың арасында әрдайым әдеби бәсекелер өткізіліп тұрған. Сондай сынақтарда жеңіске жеткен ең күшті шығармаларды сыйлық қатары, оларды Қағбаның дуалына іліп қоятын. Ел ол шығармаларды оқып, оларды жазған ақындарға алғыстарын айтатын. Сонда пайғамбарымыздың сахабаларының бірі, жеңіске жеткен шығармалардың қатарында Құрандағы ең қысқа сүре-« КӘУСАР» сүресін іліп қойғанда, бұл сүрені оқып көрген ең күшті ақындар бір ауыздан «Бұл сөз-адамның сөзі емес» деп таң қалған. Бұл оқиға Құран Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне ашық-айқын бір дәлел болса, енді Құранның басқа илаһи Кітаптардан айырмасы және де анық. Құраннан ілгері түсірілген Тәурат, Інжіл сияқты илаһи кітаптардың біреуінің де түп нұсқасы қалмаған, керісінше олардың барлығы түрлі тілдердегі аудармалардан оқылары мәлім ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ

Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары мен қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал нақтылай атап өтетін болсақ «Аль-Каида», «ХАМАС», «Мұсылман-ағайындар », «ЭТА», «Аль-Джамаа аль-Исламийя», « Ансар аль-Ислам», « Хизб-ут-тахрир аль-Ислами» және т.б.
Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасыуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей өте күрделі мәселе болмағаны, сонымен қатар оның жан-жақты қарастырылмағаны тарих беттерінен көрінеді. Ал қазіргі ғаламдану кезінде, осындай экстремистік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл қиын және өзекті мәселе ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінде тұрғаны және соған қатысты күн сайын конференциялар, шақырулар өткізіліп, көптеген декларациялар, конвенциялар қабылданып жатқаны бәрімізге де мәлім. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дипломатиялық қызметтің тарихи

“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады.
Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі – оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды. АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып отырды.
Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық мағынасына ие болған және солай болмақ та. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инфляция оның Қазақстандағы себебі мен салдары

Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол даадам тәрізді:қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады.Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі.Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады.Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс,қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда ьолды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты депсаналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Ұзақ уаұыт бойы инфляцмяны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының осуі тұрғысында түсіндіріліп келеді.Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды.Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес,сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну,сұраным мен ұсыным,мемлекеттің кірістері мен шығыстары,айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инфляция

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.
Ал үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері туралы айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция — ақша жүйесінің дағдарысты жай — күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануына халықтың әл – ауқатынының дәрежесін төмендетуге әкеп тоқтырады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық