Курстық жұмыс: Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ

Курстық жұмыс: Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ казакша Курстық жұмыс: Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

І- ТАРАУ. «ЭКСТРЕМИЗМ» ТҮСІНІГІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Экстремизмнің пайда болуы және түсініктемесі
1.2 Діни экстремизм және терроризм: себептері мен салдары
1.3 Діни және саяси экстремизм: бір- бірімен байланыстары және
қайшылықтары
II- ТАРАУ. «ХИЗБ- УТ-ТАХРИ АЛЬ-ИСЛАМИ» -ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Хизб-ут-Тахрир Ал-Ислами партиясы: құрылуының және күшеюінің себептері.
2.2 Хизб- ут- Тахир партиясының Орталық Азия мен Қазақстанға
таралуы
2.3 Тұрақтылық және келісім сақтау: Діни экстремистік ұйымдардың кейбір көріністері:
ІІІ ТАРАУ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ДІНИ- САЯСИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Халықаралық экстремизм және терроризм мемлекеттік мүдделерге қауіп ретінде
3.2 Саяси қақтығыстағы терроризм және экстремизм

ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


І ТАРАУ «ЭКСТРЕМИЗМ» ТҮСІНІГІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Экстремизмнің пайда болуы және түсініктемесі

Қандай да бір құбылысты зерттеу үшін, оның өте маңызды белгілерін анықтап ұқсас және шектес құбылыстармен салыстыру керек, және соның негізінде берілген түсініктің құрылымын құруға тырысу қажет. Ең алдымен бізге «Экстремизм» түсінігін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Әдебиетте (бұл жағдайда ғылым ілімінің кең салалары туралы айтылады - әдебиеттану, саясаттану, құқық және т.б.) берілген түсініктің анықтамалары әр түрлі және көп жағдайларда қарама- қайшы келеді.
Бұндай жағдай көбінесе обьективті сипатта болатынын ескеру керек. Бұл күрделі және көпжақты құбылысқа әр түрлі зерттеушілер өздерінің көбірек қызықтыратын жақтарын зерттейді. [1]
Алғашқы сәтте бұл түсініктің мән- жайын анықтауға тырысу керек. Содан кейін әдебиетте айтылған пікірлерді талдау негізінде сырттан ұқсас, бірақ экстремизмнен маңызды ерекшелігі бар түсініктерден бөліп қарау керек.
Қазіргі шетелдік сөздер сөздігінде экстремизм латын тілінен шыққан- төтенше көзқарастар мен шаралар жолын ұстаушылық деп түсіндіріледі. Сондықтан да, «радикализм» және «терроризм» сияқты түсініктерді синоним ретінде қолданатындықтан экстремизм түсінігінің ерекшелігін көрсету қажет.
Қазіргі әдебиеттерде көзқарастар, тәсілдер өзгерген. Мысалы: «радикализм»... бұл саяси жүйені немесе негізгі түпкі қоғамдық институттарды өзгертуге бағытталған әлеуметтік- саяси идеялар мен іс- қимылдар... қазіргі кезде радикализм қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтін.
Теориялық және практикалық әлеуметтік мәселелерді шешу үшін төтенше зорлық әдістер мен құралдарды қолданумен өзгешеленеді. Ал осы жағдайда экстремизм мен радикализм түсініктерінің араласуы анық көрінеді. Олардың түпкі ерекшелігі сонда, егер бірінші заң шеңберінде болса, соңғысы заңсыз тәсілдермен де жүзеге асырыла береді. [2]
Экстремизм және терроризм түсініктері әдебиеттерде көп жағдайларда араласуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде «экстремизм» және «терроризм» түсініктеріне біртұтас түсініктеме жоқтығынан осы жағдай тереңдетіледі. Бұл екі түсінік бір- бірімен байланысты, қауіпті әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру мәселелерін шешуге қандай да бір жалпы тәсіл шығару қиындай түседі.
Сонымен бірге, тәжірибеде экстремистердің күштеу іс- әрекеттерін өте жиі Терроризм деп атайды. Ол көп жағдайларда саяси экстремизмнің жолаушысы болып табылады. Терроризм түсінігіне қысқаша тоқтау қажет, себебі «экстремизм» түсінігіне қарағанда бұл термин құқықтық құжаттарда көп көрініс табады. Соның ішінде халықаралық құжаттарда, бірақ оның мәні әр түрлі зерттеулерде әр түрлі түсіндіріледі. Сонымен, Американдық мамандардың берген түсініктемесі кең қолданылады: ... саяси жүйеге қарсы немесе үкіметке қарсы іс- қимылдар жасайтын жеке тұлғалардың немесе топтардың саяси мақсаттарда күш қолдануы немесе қолдану қауіпі. [3]
«Экстремизм» және «терроризм » түсініктері қалай дара байланысқанын қарастыру керек. Әдебиеттерде, сондай-ақ ғылыми әдебиетте, олар синонимдер ретінде қарастырылады, бірақ олардың ерекшеліктері анық. «Экстремизм» өзінің мазмұны бойынша «терроризм» түсінігінен өте кеңірек, себебі дәл сол террор арқылы экстремистік ұйымдар алға қойған мақсатына жетеді. Көрсетілгендегідей, экстремизм қандай да бір идеологияның бар екендігін білдіреді. Ал, терроризм болса, көп жағдайда экстремистік идеологияға сүйенетін іс-қимылдар жүйесі ретінде шығады. Бірақ, экстремизм тек қана теоретикалық концепцияларды шығарумен ғана шектелмейді. Ол алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді де жобалайды. [4]
Лаңкестікті экстремизмнің негізгі бөлігі ретінде және қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі өте анық және батымды көрініс ретінде көрсетуге болады. Сондықтан, «терроризм» және «экстремизм » түсініктерін өзара тығыз байланысқан деп айтуға болады, бірақ зерттеулердің өзіндік обьектісі болып шығуы мүмкін. [5]
Әдебиеттерде «экстремизм » сөзі төтенше көзқарастар мен шаралар жолын ұстаушылық ретінде түсіндіріледі. Оның мағынасына қарама-қарсы келетін түсініктер «ұстамдылық» және «центризм ». Сондықтан, солшыл және оңшыл күштер экстремистік болып есептеледі. Француз революциясы кезінен бастап, «оңшыл» термині «фундаментализм» және «традиционализм» ұстанатын консерваторларға қатысты қолданылады. Мұраға қалған салт-дәстүрлер мен діндерге қарсыларды «солшыл» деп атайды. Бұл атаулар құрылтай жиналысының отырыстарынан бастау алады, онда мемлекетті діннен бөлу мәселелері талқыланған, және залдың оң жағында консерваторлар және діни фундаменталистер, ал сол жағында олардың қарсыластары-секуляристер болған.
Сонғы кезде экстремизм түсінігі діни экстремизм ретінде түсіндіру пікірлері тараған. Бірақ та, бұл өте шектеулі түсініктеме тек қана дінді емес, сонымен бірге саясатты және қоғамдық қатынастардың басқа салаларын қамтитын өте кең түсінік. Экстремизм әр түрлі діндердің жолын ұстаушыларға да қарсыластарына да қатысты болуы мүмкін, және де саясатқа да, партияларға және бүкіл мемлекетке де қатысты.
Ислам діні, ұстамдылық дін ретінде экстремизмге және шектен шығушылыққа тиым салады.
Мұқтаждық және экстремизм ешбір құқықтық негізсіз бір жақтың екінші жаққа қарсы агрессия қолданған кезде лаңкестікке айналады.[6] Экстремизм билік алдындағы саяси күштерге емес, жалпы демократиялық мемлекеттерге қауіпті. Экстремистік идеяларының тарауы бүкіл қоғамдық саяси өмірдің бұзылуына әкеледі, демек, адамдар құқықтырын қамтамасыз етуге міндетті мемлекеттік институттардың бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде;
- саясаттағы рұқсат етілген дәрежесі төмендейді, олай балса, конфронтациялық әдістер дами бастайды;
- қоғамдағы шыдамсыздылық атмосферасы қиындай түседі, демек, саяси жүйе тұрақсызданады;
- зорлық-зомбылық мақсаттарға жету үшін өте қолайлы әдіс болып қабылданады. Бұл нәрсе жастарға өте ерекше әсер етеді. Ал, экстремистік қозғалыстардың ұйымдастырушылары мен идеологтары бұны өте жақсы пайдаланады.
- ақырында, азаттық өмірдің үстемдік себебі қорқыныш болады, ал, бұл экстремистер билікті жаулап алу үшін жақсы себеп. Бірақ, қандай бір экстремизм қарсыластардың бар болуын мойындамайтын саяси жүйені орнатуға бағытталған экстремизм болып табылады.
Экстремистік көріністер адамдардың құқықтарына тікелей қысым жасайды. Саяси экстремизмнің анық белгілері неде көрінеді? Қоғамдық дамудың жолында кездесетін барлық проблемалардың себебін бөлек әлеуметтік, этикалық және діни топтарды кінәлауда, қандай да бір топты мемлекеттің немесе жалпы адамзаттың дұшпаны деп көрсетуде, қандай да бір топтың өкілдерін қудалау не жою мақсаттарын жариялауда көрінеді. Әрине, әлемдік қауымдастықтың қабылдаған адам құқықтары доктринасының жалпы принципі бұзылады. Адамның тартып алынбайтын табиғи құқықтарының бірі, ой- пікірі мен сөз бостандығына, өз пікірлерін еркін айту құқығы болып табылады. Осының барлығын жалпы рухани және саяси еркіндікке құқық деп айтуға болады.[7]
Жалпылай айтқанда, энциклопедиялық түсініктемеде экстремизмді төтенше көзқарастар мен әдістер жолын ұстаушылық деп көрсетеді. Осындай анықтамаға қанағат болуға болады, бірақ, біріншіден сұрақтар туындайды: төтенше көзқарастар деп нені айтамыз? Яғни, олар кімдер үшін төтенше болып табылады?
Екіншіден, егерде «көзқарастар» және «әдістер» түсініктерін теңдестірсе және осыны экстремизмге қарсы әрекет бойынша мемлекеттік қызметтің негізіне салынса, онда бүкіл осындай қызмет зомбылық қылмыстар бойынша қылмыс-құқықтық қудалауға әкеліп соғады, себебі, әлеуметтік өмірде экстремистік әдістер ретінде ,ең алдымен, күш жұмсау болып табылады. қойылған сұрақтарға жауап беру үшін, саяси экстремизм ретінде бағаланатын әлеуметтік салыстырмалықты көрсету қажет. Тоталитарлы мемлекет экстремизм деп есептейтін нәрсе (мысалы : адам құқықтарын сақтау үшін күрес) демократия да қошталады және керісінше. Бірақ тоталитарлық тәртіп тұсында «экстремизм» түсінігі қолданылмайды. Жағдайдың барысында басқа түсініктер- «зиянкестік қызмет», «халық дұшпандары», «ұлт дұшпандары» т.с.с. басқа сөзбен айтқанда, саяси экстремизмнің мазмұны бір саяси тәртіптің немесе құрылымның бар болуымен шартталған.
Ашық қоғамда саяси экстремизмге, ең алдымен бір идеяларды, бағыттарды, доктриналарды тарату бойынша қызмет жатады. Олар бағытталған:
- біртұтас идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;
- ұлттық, таптық, мүлік, нәсілдік немесе діни белгілер бойынша адамдарды бөлу;
- адам құқықтарын мойындамау; [8]
экстремистік бағыттардың саяси мақсаты- билікті жаулап алу. Әлеуметтік жағынан бейбітшілік немесе зорлық әдістермен бұған жетушілік маңызды емес. Маңыздысы, экстремистік күштер саяси бақталастық жүйесін жою үшін билікті жаулап алады, сондықтан экстремизм анықтамасы бойынша оппозицияны мойындамайды. Плюрализмге, идеологиялық монополияны болдырмауға негізделген саяси тәртіп негізінде мемлекеттік билік барлық заңды әдістермен ой- пікір және сөз бостандығын конституциялық кепілдікпен қорғауға міндетті. Соның ішінде, саяси және идеологиялық бостандықтың нәтижесінде, жою үшін қолданатын ұйымдасқан күштермен де күресу керек.
Бұл айтылған анықтама- экстремизмге қарсы әрекет бойынша қызмет үшін түпкі негіз. Оны анықтама ретінде белгілемей мемлекет толығымен адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете алмайды, конституциялық құрылымды қорғай алмайды.
Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге шақырулар, билікті заңсыз күштеп алуға шақырулар сияқты экстремистік көріністер зомбылыққа қарсы көтеріліс құқығы деп ақталады.Шынында да, бұл адамның табиғи құқықтарының бірі. Бірақ, әрине, демократиялық жүйеде оны іске асыру мүмкін емес, себебі демократия, дамымаған демократия болсада, анықтамасы бойынша зомбылықты болдырмайды.[9]

1.2 Діни экстремизм және терроризм: себептері мен салдары

Радикалды және реакцияшыл мұсылмандық қозғалыстар мен ағымдардың қатарына діни экстремизм жатады. Дәл осы қозғалыс, қазіргі кезде Усама бен Ладен, Хаттаба (Хабиб Абдүл Рахман), «Джамаат ислами», «Джамаат ат Тафкир» және т.с.с ұйымдардың идеялық негізін құрайды. 90 жж әр түрлі лаңкестік іс- әрекеттер осы ұйымдардың жауынгерлерінің белсенді қатысуымен жасалғаны қазіргі кезде құпия емес, және де олардың өз мақсаттарына жету үшін кең түрде Ваххабизм идеологиясын қолданатыны да құпия еместігі рас.
Бұл идеяның негізін салушы Мұхаммед ибн Абу аль- Даххаб болған. Оның өмірі мен қызметін зерттеген зерттеуші ғалымдар, оның ілімін ханбализмнің төтенше формасы деп есептейді. Ибн Абу аль- Даххаб өзінің бір уағыздарында адамдар нағыз исламды ұмытқан, сонымен бірге өнегеліліктің жалпы құлауы осыдан шығады деп пікір айтқан. Мұсылмандық дінді сақтап қалу үшін, исламның алғашқы үш ғасырда болған қалпын қайтару керек деп есептеді. Ол бір Аллаға сенуге шақырған және бір Аллах- бүкіл әлемді жаратушы деген ұстанымда болды.[10]
Кейбір ғалымдардың пікірінше, Ваххабистік тақуалардың тәжірибесі Ибн Абу аль- Даххаб доктринасынан ерекшеленеді. Олардың ортасында олар төтенше формалар қабылдап отырады. Белгілі тарихшы А.М.Васильевтің айтуынша, «көп құдайға табынушылар мен құдайсыздар, олардың қарсыластары болып табылатындықтан, сендіру бұл олардың соларға қайырымсыздығын ақтап отырады». Нәтижесінде, барлық ваххабистер еместерге соғыс жариялау үшін алғы шарттар жасалып отырады.
Ваххабизм, бұл- өте күрделі және қарама- қайшы идеология. Әр түрлі бағыттағы террористер мен экстремистерге ваххабистік ілім қандай артықшылықтар қамтамасыз ететініне таң қалуға болмайды. Себебі олар, дағдылы қарақшылардан, қылмыскерлерден, есірткі тасымалдаушылардан «исламның тазалығы» үшін күресушілерге айналған. Біздің күндеріміздегі фундаменталистік қозғалыстар мен бағыттарда исламның «Алтын Ғасырын» қайтару мүмкіншілігіне сенім анық көрінеді, және де мұсылман халықтарын орта ғасырлық дәуірге қайтару және кең аймақта біртұтас ислам мемлекетін құру мақсатымен саяси тәжірибеге бағытталған белгілі күштердің саясаты. Осындай саясатты рухани ақтау ретінде олар қасиетті соғыс- джихадты Құран қолдайды деп арқа сүйенеді. Олар лаңкестік пен зорлық- зомбылықты Аллахтың қалауы деп қарастырады. Бірақ, өз табиғатында ислам діни бейбітсүйгіш дін болып табылады. зорлық- зомбылық және терроризм «нағыз ислам» үшін күрестің қасиетті және құқықты көрінісі болып табылатындығы пікірлер Усама бен Ладен айтқан сөздерден де ашық көрініс табуға болады. Оның мынадай сөздер айтқаны бар: «Америкаға қарсы соғыс қажет және бізге Америкалықтарды жою керек - әскерлерді, азаматтық тұлғаларды, әйелдерді және балаларды қай жерде болсада». Діни экстремизмді жақтаушылардың бірі осы келтірілген пікірде қоғамдық моральға толығымен елемеуі көрінеді. Бен Ладен «моральдық құқықты» зорлық- зомбылық пен терроризм мұсылман доктринасымен толық сәйкестіліктен шығады, яғни ислам құдайсыздар мен діннен безгендерге қарсы соғыс жүргізуге рұқсат береді деп сендіреді. Тіпті Бен Леден саясатының сыншылары да өздері құдайсыздарға қарсы шыға тұра, діннің негізгі принциптерін бұрмалауын ескеріп отыр. Қасиетті Құранды негізге ала отырып, сонымен бірге лаңкестік әрекеттерден мыңдаған адамдарды қайғы- қасіретке тартады. Сауда Арабиядағы патшылық жанұядан шыққан Бен Ладен, мұсылман мемлекетінің басшысы да емес, ислам төрешісі де емес. Демек, ислам заңдары бойынша, соғыс жариялауға және жүргізуге оның ешқандай құқығы жоқ.[11]
ХХ жүз жылдықтың тәжірибесі жаһандану үрдістерінің маңызды күштерінің бірі идеология болып табылатынын куәландырады. Сондықтан , ислам экстремизмі мен жаһандануды екі біртұтас жүйе шеңберінде қарастырғанда біріншісін ең алдымен, идеологиялық мүмкіншіліктер жағынан қарастыру дұрыс. Қазіргі кезде кең таралған ислам экстремизмі және лаңкестіктің тараулары ХХ ғасырдың 50-60 жылдары бұрынғы капиталистік мемлекеттердің отарлары орнында ислам әлемінде пайда болған жаңа мемлекеттердің ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінен бастау алған. Ислам экстремизмі және лаңкестіктің алғашқы өкілдері осы мемлекеттерде тек қана ішкі идеологиялық және әлеуметтік- мәдени ресурстармен ғана емес, сонымен қатар геосаяси ықпалдың әлемдік орталықтары жағынан да қолдау тауып отырды. Басқа сөзбен айтқанда, әлемдік орталықтар өздерінің геосаяси мүдделерін жақтау үшін, ислам идеологиясын ыңғайлы құралға айналдырды.[12]
Экстремизм сонау заманнан-ақ «үлкен геосаясатта» қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Діни факторды қолдану ХХ ғасырдағы АҚШ және КСРО арасындағы әлемді толығымен бақылау, яғни гегемондық мүмкіндерін барынша нығайту үшін бақталастықтығы барысында кеңінен етек алды. АҚШ-тың да КСРО-ның да ең басты стратегиялық мүдделері- өздерінің ықпал аймағына тосқауыл орнату. АҚШ барынша кеңестік үрдіспен бағыттас басқару режимдердің енуін болдырмауға тырысса, КСРО бағыты ықпал етуші елдеріне капитализмнің енуіне кедергі жасауға негізделген еді. Бір-біріне қарсы тұру механизмі ретінде радикалды бағыттағы ислам таңдалды.
Аса маңызды стратегиялық жағынан аумақ үшін екі державаның күресі 1960-1970жж дәстүрлі мұсылман қоғамында антидемократиялық, антибатыстық ағымдардың пайда болған кезеңінде өтті. Таяу және орта шығыстағы исламизмге бет бұру капиталистік және коммунистік құндылықтардың қоғамға енуіне наразылық нәтижесінде басталған құбылыс еді. Исламизмнің қоғамда белең алуының тағы бір себептерінің бірі- жаңа элитаның материалдық құндылықтарға негізделінген арнайы мүддесі капитализм деп танылды да, марксизм рухани құндылықтарды материалдық құндылықтармен алмастыратын имансыз идея ретінде көрініс алды.
Сол кездегі стратегиялық маңызды аймақтар нақтыласақ Таяу, Орта Шығыс, Сирия, Ирак, Египет сияқты елдерде саяси тұрғыдан тәуелді етіп жаңғырту кеңестік үрдіспен жүргізу- КСРО- ның көздегені осы еді. Бұл әрекеттерге дәстүрлі мұсылман қоғамында, аймақтағы капитализм бағыттарының тоқырауына байланысты, геосаяси мақсат болып табылатын КСРО-ны әлсірету ойын жүзеге асыру үшін жаңа бір стратегиялық күш қажет болды. Осы орайда «таза ислам» бағытының радикалды бөлігі геосаяси ойындарға ойыншы ретінде енді. Осыдан-ақ АҚШ-тың КСРО-ға саяси геологиялық қарсы фактор ретінде исламизмді таңдау таңсық емес. ХХ ғасырдың 1960-1970жж Таяу және Орта шығыста мұсылман қоғамында ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Динтану курстық жұмыстар, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ, курстык ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын, Курстық жұмыс: Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін