Дінтану | АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

 Дінтану | АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................


І ДІНИ-ЭКСТРЕМИСТІК ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ БАҒЫТЫ...............................

1.1 Діни-экстримистік ұйымдар мен қозғалыстар.................................................
1.2 Қазіргі таңдағы діни экстремизмнің идеялық түп негізі.................................


ІІ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС............

2.1 Орталық Азия аймағындағы діни-саяси экстримизм......................................
2.2 Эксремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы............


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

1.1 Діни-экстримистік ұйымдар мен қозғалыстар

К. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев парламент палаталарының біріккен міжілісінде сөйлеген сөзінде Терроризммен күрес мәселесе басты назар аударды. Н.Ә. Назарбаев сол кездегі сөйлеген басты жаңалығы біздің аймаққа да тероризм қаупі барлығын алғаш рет ресми түрде атап көрсетті сол сияқты осыған сәйкес экстримизмге қарсы тез арада заң қабылдану керектігін баса айтты. Себебі, діни – саяси партия Хизб-ут Тахрир өзінің заңсыз іс - әрекеттерін ашық түрде жүргізе бастаған. Олар Қазақстанда 2003 жылы 1000 үнпарақты таратқан болса 2004 жылы 11 мыңын таратып үлгерген. Оның үстіне заңсыз келетін күмәнді адамдардың саны көбейген. Шымкентте қыздар пансионатында 8-15 жастағы қыздардың арасында исламдық фанатизмге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілген. Ал оны тоқтататын құқық тетіктері болмай шықты Сөйтіп Қазақстандағы бұл реттегі шаралары шектен тыс анархиялық сипат алып кеткен. Іс жүзінде олардың іс-әрекетін заң жолымен шектеуге болмайтын болып шықты. Ождан бостандығы жөнінде бұрын қабылдынған заңдарымыз қазіргі талапқа сай емес екені мәлім.
Қазақстанда 2299 діни ұйым жұмыс істейді, 46 конфессия, 1534 мешіт, 230 проваслав шірекеуі, 70 лютеран қауымдастығы, 40 елушіл, 34 иегова куәлері 20 пресвитариян, жалпы алғанды 2005 ғибадат орны жұмыс істейді. Айта берсек бұрын-соңды атын естімеген затын көрмеген діни топтар мен ұйымдар елімізде қаптап кеткен. Бір діндегілер миссионерлердің алдау арбау әрекеттерінің салдарынан қақ жарылып жатса дін аралық және ұлтаралық араздықтар туып татулық бұзылуы мүмкін. Сондықтан да азаматтардың діни сенімдері заң мен қорғау ісі назардан тыс қалмауы тіс.
Республикада әртүрлі секталар мен шіркеулердің саны көбейген. Дәлірек айтқанда, «новая жизн», «новая неба», «қуаныш», «церков сатаны», «блогоя весть» «община бахай», «обшество сознаня кришны», т.б. Мұнымен қатар шет елдерден Германиядан, Польшадан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан, келген миссионерлердің іс-әрекеттері еліміздің көптеген аумақтарында әрекет етуде. Ғ. Елшібайдың пайымдауынша, Қазахстанда соңғы 5-6 жылдың ішінде Евангелия сектасы 4000 дай ұя салған. Енді 2010 жылы біздің елімізді Евангалияға айналдырмақшы екен. Миссионерлер қазақтарды ақшаның мен насихат пен алдап-арбау арқылы өз дініне өткізіп жатыр. Ал заң бойынша конфессиялар мешіттер мен храмдар діни бірлестіктер заң щеңберінде ғана әрекет етуге құқылы бірақ қәзір толық солай болып тұр деп айтуға болмайды.
Дін қоғамды құраушы бірден бір күш, сонымен қатар кейбір уақыттар да ол мемлекеттің ішкі тыныштығына нұқсан келтіретін кездері болады. Хангиктонның айтқанындай XXI ғ діндер қақтығысы орын алады делінген. Біз осы шет елдерден келетін миссионерлердің ісіне сипаттама бере кетейік. Олар не үшін біздің дінсіздігіміз үшін қам жейді, не үшін соншама қаржы жұмсайды, осы сұрақтар адамға үлкен ой салады. Әлемде мемлекетті жаулап алудың екі жолы бар біріншісі соғыс арқылы, екіншісі соғыссыз оның негізгі құралы: дін адам санасын діни идеология арқылы жаулап елдегі адамдарды мемлекетке қарсы қою. Әлемде дін қоғамдық өмірге кері әсерін тигізген мемлекетті айтатын болсақ Ливан ммемлекеті ол елдің жартысы мұсылман жартысы христиан болып табалыды. Және тағыда айта кететін жағдай әлемде 5000 жыл тарихы бар Оңтүстік Кореяны алатын болсақ ХХ-ғ екінші жартысынан бастап елде жаппай христиан дінінің миссионерлері белсенді жұмыс істеуінің арқасында елдің үштен бірі христиан дінін қабылдаған және біздің елемізге келушілердің көбісі сол Таңғы Жұпар елінен (Оңтүстік Корея) келгендер. Сырттай білінбеседе Қытай Халық Республикасында ҚХР Европадан келген мисионерлер белсенді жұмыс атқарып жатыр. Қытай тілін үйреніп, қытай қыздарына үйленіп өздерінің ұяларын салуда. Біз енді мына сұраққа жауап берейік; Бұл істің артында кім тұр әне неліктен. Біріншіден Әлемдік басапасөз құралдарының дәлелдеріне сүйенетін болсақ АҚШ және Батыс мемлекеттері. Неліктен деген сұраққа келетін болсақ. Оның екі болжамдық сипаты бар.
1. Әлемде АҚШ өмірінің салты мен негізделген «жаһандану» проблемасы қоғамдағы негізгі құндылықтары, басқа құнсыздықтар мен алмастыру. Айта кететін жайт хриситиан дінімен әлемде бәсекеге түсе алатын ислам діні ғана. Ислам діні жаһандану процесіне қарсы тұра алады. Өйткені жаһандану процесінің кейбір компаненттері ислам дінінің ұстанымдары мен сәйке келмейді. Сондықтан АҚШ әлемдегі ықпалды державаларды өз қатарына косып қарсыластарын азайтуда.
2. Миссионерлердің көпшілігі Азия мемлекеттерінде белсене жұмыс атқаруда. Әлемдік экономист ғалымдардың айтуынша әлемдегі халық тұтынатын шикізат энергиясының қайнар көздері Азияға қарай ауытқуда. Сондықтан ертеңнің қамын қазірден ойластыруда.
Біз енді секталардың тағы бір бөлігі ислам дінінің атын жамылып өзінің саяси мақсатын іске асыратындар. Қасиетті дініміздің әлемдік аренада абыройына осы топтар нұқсан келтіруде. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ә.у.) Бір хадисінде; «мен өлген соң менің үмметім 73-ке бөлінеді, тек оның бір ғана жолы жұмаққа апарады». Шынында қазіргі таңда қасиетті дініміздің атын жамылып өз саяси мақсатын іске асырушылар аз емес.
Қорыта айтқанда елдегі діни ақуалдың алдын алуға қазірден қам жасау керек және оған дінтанушы мамандар қызмет етеді. Және еліміздегі діни конфессиялар дін шеңберінде ғана жұмыс істеуді қатаң түрде назарға алу керек. Біздің елдің негізгі діні конституцияда көрсеткендей ислам діні. Басқа сырттан келген миссионерлер дінінің насихатына жол бермеуіміз керек. Бізде статистикаға сүйенсек 75 пайыз ислам дінін 22 пайыз проваслав қалғаны әртүрлі конфессиялар. Және бұлар бір-бірі мен «қош көрушілік» бейбіт қатнаста өмір сүріп келеді. Жас ұрпақ ертеңгі күні адаспас үшін оның санасына мектептен бастап дін сабағын үйрету керек. Әлемде мектепте дін сабағын көптеген елдере жүргізеді көршіміз Ресей федерациясы да мектеп жасына бір ыңғай проваслав дінінің әліппесін енгізген. Біз мектеп жасына бірыңғай мұсылман емес дінтану пәнін светтік түрде өткізсек нұр үстіне нұр болар еді.
Дін әрбір адамға таныс сөз ( латынша «религио» - байланыс деген мағынаны білдіреді). Дін дегеніміз не? Деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында көп уақыттан бері таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Оның негізгі мәні діннің құдірет күшінен туындайды, олар «құдай», «абсолюттілік», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» делінді. Мұндай көзқарас теологтар мен обьективті идеалистерге тән. Егер алғашқылар діннің көзін құдайдан тапса, соңғылары обьекттивті рухани бастамадан іздейді, оны философ-идеялистер өздерінше атайды. Қалай аталса да, діннің көзі құдіреттіліктен табиғаттан тылсым күштен іздестіріледі. Олардың пікірінше, адамдар осы «қасиеттілікте», «абсолюттілікке» ұмтылады. Діннің шығуы осылай түсіндіріледі. Мұндай қағидаға сүйену кұдайды негіздеуге келіп саяды.

1.2 Қазіргі таңдағы діни экстремизмнің идеялық түп негізі

Президент Н. Назарбаев атап көрсеткендей, «қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген лаңкестік әрекетттер, әлемдік деңгейдегі текетірес, ұлтаралық мемлкетет аралық қақтығыстар толастар емес». Осы қақтығыстардың дінмен байланыстырылуы, біздіңше тегін емес. Бұл мәселе едәуір жарияланымдар болғанына қарамстан, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады. Неліктен терроризм мен антитероризм арасындағы күрес діни белгілеріне карай жүргізіледі. Діни идеяларының қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизм бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адам немесе белгілі бір топтың лаңкестік екенін анықтаудың критериі неде? Бұл жұмысымда осы және басқа мәселелер қарастырылады.
Шынайы әлемдік діндер тікелей экстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмалаған түрлері ғана экстремизмге лаңкестікке бой ұрады. Олардың көріністерін тарихи деректерден білеміз. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен мынада: Фундаментализм қай дінде болсада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді «бұзылды» оны жақсартамыз деп немесе өзге діндердің «озбырлығынан қорғанамыз» деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік тіпті лаңкестік әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, «фундаментализм» деген ұғымнның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, Хрестияндықтыңда, Иудайзмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі «фундаментализм сөзінің» төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX-ғасырдың, 20-жылдарында кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты християндық қауымдар өкімін фундаменталистер деп атай бастағанды. Міне, олай болса, фундаментализм тек Ислам дініне қауіпті құбылыс емес. Ол тағы да Н. Назарбаев айтқандай айтқандай «бүгінгі дүниеде Фундаменталистік ағым әлемнің барлық тарабына АҚШ-та Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында төбе көрсетіп отырғанын да ескерген абзал» «Фундаментализм» «экстремизм» ұғымдары қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі - бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын күштеудің шектен шыққан ең жеккөріністі түрі. Оның себептері де алуан түрлі. Бірақ олардың көбінің саяси сыр-сипатын анықтау оңай емес. Белгілі бір саяси күштер радикалдық жолға түскендердің наразылықтарын қалуға тырысады. Оның да түр-түрі бар: жиналыс, шеру, антиглобалдық, антиамерикандық наразылық және т.б. осындай қазғалыстар экстремизм идеологтарының назарына ілігеді, осы арқылды түрлі желеулермен радикалды көңіл-күйдегі адамдар легін толтырады. Олар өз реттерінде экстремистерге, сепаратистерге бөлініп, көбінде діндер араснындаығы текетірес ретінде көрініс беруде.
Қазіргі кезде ислам дүниесі әлемдік азуы мықты ақпарат құралдарының «азығына» айналып отыр. Кез-келген бас көтеру, террорлық акт болсын түп негізін Исламцға тірей салуға әуес. Ал осындай «ақпараттар соғысының» нәтижесінде «Ислам терроризмді» деген пікір қалыптасып кетті. Осыған байланысты әлем елдерінің көпшілігі АҚШ- президентін исламға қарсы бастаған жорығы үшін қатты айыптауда. Оған себеп АҚШ-тың негізінен ислам елдеріне қарсы соғысатыны. Пакистан унивверситетінің ректоры Маулан Сами-уль-Хактың айтуынша: «Это борьба межлу крестом и исламом, начавшаяся атакой США на Афганистан».
Соңғы кездері, әсіресе орыс тілді баспасөз беттерінде де ислам экстремизмі туралы жиі айтылуда. «Қазақстан Еуропадан келген әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері «Ислам экстремизмі» тақырыбы ғылыми конференциялар ұйымдастырып, оған өзіміздің атқарушы билік басындағылар, саясаттанушылар да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері осы тақырыпта баяндама да жасап жүр»-деп қынжылады Балқаш ауданынан С.Мұқанқызы.
Шындығында ислам дінінде адамдарды бір-біріне қарсы қоятын бірде бір идея таба алмайсың. Бүкіл адамзатты оқуға, білімге, ізденіске, ғылым жаңалықтарын ашуға үндейді. Таза жүруге, адал еңбек етуге, бір-біріне кешірімді болуға шақырады. Ең бастысы, өзіне дейінгі бірде-бір дінді, бірде-бір пағамбарды жоққа шығармайды.
Бұл айтылғандардың шығатын қортынды: терроризмге қарсы күрес ислам дініне қарсы күрес ретінде жүргізілмеуі тиіс.
Сонда діни негіздері экстремизм, конфессияаралық төзбестік қайдан шығады? Мәселе осында. Зерттеулер көрсетіп отырғандай олардың негізінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және діни айырмашылықтар қайшылықтары жатыр. Қалай дегенде де діни экстремизмнің сол дінмен бір байланысты жағы бар. Оны анықтау үшін фундаментализмнің пайда болуы тарихына көз жүгіртіп, ой елегінен өткізу қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз мынаны дәлелдеп отыр.
Орта Азияда діни фундаменталистер, яғни Ваххабистер Ислам Дінін тазарту желеуімен саяси экстремистік жолды ұсынады, Тіпті лаңкестікке бой алдырып ұрады. Ал оның шығу себептерін түсіну үшін мұсылман елдерінің әлеуметтік өміріндегі исламның рөлін жете түсінбей болмайды. Ол үшін оны тереңірек қарастырып көрейік. Шығыстағы исламның рөлі, Еуропадағы хрестиандықтан гөрі өзгеше. Еуропа инкивизацияның шарықтап тұрған кезінің өзінде, хрестианшылдық зайырлы билікті түгелімен ығыстыра алған жоқ. Ал ислам діні болса барлық жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік құрылым, мәдениет және діншілдердің тұрмыстық жақтарының бәрін, яғни мсұсылман қауымының өмірін түгелдей қамтыды. Мұсылман елінің адамы исламға қарсы шығатын болса, онда ол, әлемге және қоғамға қарсы болып табылады, яғни өзін осы қоғамнан тыс, заңнан тыс қояды. Осының барлығы мұсылман елдерінің саяси-әлеуметтік өмірінде исламның ерекше рөль атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші оны жақтайтындардың санында емес, ең алдыммен, Мұхаммед белгілеп кеткен мұсылман қауымдастығының идеялық – институционалдық бірлігінде. Ол әлем мұсылмандарын, олардың мәдени және этникалық ерекшеліктеріне теориялық жағынан ғана емес, керек болса тіпті, іс-жүзінде топтастырады. Қоғамдағы діннің осындай жағадайда, рухани және әлеуметтік – саяси жіктерді ажырата қарау мүмкін емес. Олар бірнеше жүздеген жылдар бұрынғыдай рухани өмірге үлкен ықпал етеді және саясатта белсенді рөль атқарады. Оның үстіне үстіне соңғы жылдары исламның беделі мен белсенделігі ислам мемлкеттерінің батыстық экспансияға қарс.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі