Татулық әлемді құтқарады

 Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында..... 

Эсселер
Толық

Коронавирус індеті

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны күннен күнге артуда. Қазірдің өзінде Қазақстанда 500-ден астам адам ауырып жатыр. Біздің қолдан келетін көмек үйден ешқайда шықпай, ұстаздар берген тапсырманы уақытылы орындап, тапсырып отыру. Үйден шығпауымыз, әрине, бірінші орында өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін, екіншіден үйде отырғанымыз өзіміз ауырып қалғанда басқа адамға .....
Эсселер
Толық

Жастарға бата

Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!.....
Баталар
Толық

Мал-жанға берілетін бата

Е, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.

***
Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Әлдеріңнің келгенінше
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға,
Бермесек, отқа күйеміз,
Бергенді тым - ақ сүйеміз.
Жомарттық қылып қолдасаң!
Әрбір жерде жар болсын
Бір жасаған - Иеміз!.....
Баталар
Толық

Мерейтой батасы

Той дастарқаны мол болсын,
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың,
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

***
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып.....
Баталар
Толық

Бауыржан Момышұлының ақ батасы!

Е, Жаратушы, Жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.....
Баталар
Толық

Сабақ жоспары: Тазалық – денсаулық кепілі. Короновирус дегеніміз не?

Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Короновирус дегеніміз не?
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан, короновирустан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Коронавирус. Тазалық — денсаулық кепілі

Сабақ тақырыбы: Коронавирус. Тазалық — денсаулық кепілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
- жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
- короновирустың адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру

Ашық сабақтар
Толық

Ер - азаматқа бата

Жазықсыз жаладан сақтасын,
Арқаңа ауыр жүк батпасын.
Сөйлесең шешуші сәттерде,
Сөзіңе ағайын тоқтасын.

Еңбегің еленсін әрдайым,
Арайлап жайнап бер таңдайын.
Ер болып туған соң анадан,
Ойлай жүр халықтың жағдайын......
Баталар
Толық