» » » Бата-тілек: Жастарға бата

Бата-тілек: Жастарға бата

Бата-тілек: Жастарға бата казакша Бата-тілек: Жастарға бата на казахском языке
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!

***
Берекең ешбір қашпасын,
Беліңді ешкім баспасын,
Адал болып алғаның,
Арыңды күлдей шашпасын.
Бақыт болса бастасын,
Мейманың, сірә, таспасын,
Тірлікте түзу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын!
Әумин!

***
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмасын сағынды,
Дұшпандарың жер болсын.
Жортқанда жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын,
Басыңа бақыт қонсын.
Ел - жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала - шағаң, туыстарың
Бақытты өмір сүре берсін!
Әумин!

***
Тілек сізден болсын,
Ықылас, ниет бізден болсын.
Жақсы - жаманды көріп бақ.
Бар мен жоққа көніп бақ.
Ащы - тұщыны татып көр,
Тайыз - тереңді батып көр!
Ел басына түскен сынды,
Түз кешіп, түн қатып көр.
Жиында топқа түскенде,
Жүйрігің баптаулы болсын,
Жортуыл, жорық жолықса,
Найзаң саптаулы болсын.
Нөкерің сақтаулы болсын.
Аман сақтап,
Абырой берсін!
Жорытқанда жолың болсын!
Әумин!

***
Мен батамды берейін,
Тілегімді төгейін.
Алладан тілеп жақсылық,
Бүлкілдесін көмейім.
Дастарқаның тарылмасын,
Құт - береке арылмасын.
Жарқылдап жүр жұрт алдында,
Аяғыңтасқа шалынбасын.
Бала - шағаң аман болсын,
Тыныш заман болсын.
Әрбір адымың,
Сәтті қадам болсын!
Әумин!

***
Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Ғұмырың ұзақ болсын деп,
Жуадай жауың солсын деп,
Әкең берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата.
Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп,
Бетінен жанның алма деп,
Жаныңа жара салма деп,
Анаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Құйрық - бауыр жегізген,
Мың жылдық құда дегізген,
Астыңа жорға мінгізген,
Үстіңе шапан кигізген,
Құдаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Қонақсыз үйің құрысын,
Үйіңе өзің ұрысың,
Қырықтың бірі Қыдырың,
Бақ дәулетің ырысың,
Қонақ берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Әумин!

nurgul95 | 73 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Бата-тілек: Қарияларға бата
Бата-тілек: Қарияларға бата
Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Бата-тілек: Халық бата-тілегі
Бата-тілек: Халық бата-тілегі
Бата-тілек: Құрбан айт батасы
Бата-тілек: Құрбан айт батасы
Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы
Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Сапарға, жолаушыға бата
Бата-тілек: Сапарға, жолаушыға бата
Бата-тілек: Үй иесіне бата
Бата-тілек: Үй иесіне бата
Бата-тілек: Мал-жанға берілетін бата
Бата-тілек: Мал-жанға берілетін бата
Бата-тілек: Мерейтой батасы
Бата-тілек: Мерейтой батасы
Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)
Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)
Бата: Тойда жас жұбайларға, үйленгендерге
Бата: Тойда жас жұбайларға, үйленгендерге
Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі
Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі
Қазақша Бата - тілек: Сапарға
Қазақша Бата - тілек: Сапарға
Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы
Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы

KZ / Баталар жинағы, казакша бата-тілек Жастарға бата благословение на казахском, благословение Жастарга бата на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Жастарға бата, казакша бата-тілек Жастарға бата благословение на казахском благословение Жастарга бата на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно бата-тілек түрлері жинағы оқу виды благословения на казахском языке Жастарға бата, Бата-тілек: Жастарға бата бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке