Әдебиет | Арыстанбаб кесенесі

Діни туризм - діни аңыздар бойынша Ахмет Ясауидің алғашқы ұстазы, әулие есімі Отырар, Сайрам, Яссы өңіріндегі сопылардың және сонымен қатар Отырар өңіріндегі әулиеге Орта Азиялық елдерден және тағы басқа ұлттардан саяхатқа, мәдени орындарға келеді. Бұл әулиеге келушілер зиярат етушілер бейсенбі сайын Арыстанбаб қонақ үйіне түнеп ғибадат етеді.
Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: «Бабтардың бабы Қорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, бабтардың бас-баба Арыслан» деп жырлаған.
Қазақ бақсылары да: «Түркістан түмен баб, сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, ең үлкені - Арыстанбаб, сіздерден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған.
«Арыстанбаб» - орталық мешіт болған. Мұсылмандардың аллаға ғибадат етуіне арналған ғимарат. Бұл ғимаратқа басқа да ұлт өкілдері және Орта Азия елдерінен саяхаттауға туризм орталығын дамытуға зиярет етуге келеді. «Арыстанбаб» мешітінде намаз оқитын зал, ислам тарихы мен өнегесінен дәріс беретін және арабша хат танитын бөлмелер бар. Онда сонымен қатар сүндетке отырғызу, неке қиғызу рәсімдері тағы басқа діни дәстүрлер орындалады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қ.А.Иассауи кесенесі

Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Алматы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Армысыздар құрметті саяхатшылар!
Бүгін біз сіздермен «Тез тур» фирмасы «Алматы-Түркістан» атты экскурсия жүргіземіз. Эскурсия жүргізуші экскурсоводтар Мендебаева Нұргүл, Бейсембаева Мадина және Болыспекова Айжан.
«Гульнар тур» фирмасы арқылы сіздер Қазақстанның көрікті, табиғаты тамаша жерлеріне саяхаттап бара аласыздар. Экскурсиямызды бастамас бұрын біз сіздерге жалпы Қазақстан туралы қысқаша мәлімет бере кетейік.
Қазақстан Республикасы – Орталық Азияда (солт. ендіктен 55 26 -4056 және шығыс бойлықта 45 27  -87 18 алалығында) орналасқан.
Президенттік басқару пішіміндегі мемлекет. Негізгі заңы- 1995 ж. 30- тамызда Заң шығарушылық қызметті жүзеге асаратын жоғары үкілетті органы -4 жыл мерзімге сайланатын Парламент. Ол тұрақты негізде қызмет істейтін қос палатадан –Сенат пен Мәжілістен тұрады. Жоғары атқару билікті Үкімет жүзеге асырады. Қазақстанның жері батыстағы Еділ өзенің төменгі ағысынан шығыстағы Алтай тауларына дейінгі 3 мың км –ды, солт.- гі Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь- Шань таулы жоталарыны дейінгі 1700 км кеңістікті алып жатыр. Шекарысының жалпы ұзындығы 15 мың км, оның 12 мыңы құрлық жер, 3 мың су айдындары өтеді. Жер көлемі 2 млн. 724,9 мың км , яғни аумағы жөнінен әлемде 9-орынды иеленеді. Батысында, солт.-батысында және солт.-де –Ресеймен, оңт. мен оңт. батысында- Түрікменстанда, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, оңт. –шығысы мен шығысында Қытаймен шекараласады. Халқының саны-14,95 млн. адам. Ұлттық құрамы: қазақтар бүкіл тұрғындардың басым көпшілігін, 53,4  құрайды, қалғандары орыстар, украиндер, немістер, өзбектер, татарлар, белорустар....
Курстық жұмыстар
Толық

Арай ЖҰМАТАЙ | Түске сенесіз бе


Көрген түсін жорытып, оның орындалуын тағатсыздана күтетіндер бар. Ырымшыл біздер үшін бұл жағдай таңсық емес. Керісінше, көрген түсін елеусіз қалдырып, бүгінгімен өмір сүретін адамдар да аз емес. Төмендегі бірнеше мысал "түс - түлкінің боғы" екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдейді. Егер түсіңізде небір оқиғалардың куəсі болып, өңіңізде өз көзіңізге өзіңіз сенбей жүрсеңіз, нақты салдарын мақаладан біле аласыз.



Адам ұйықтаған кезде ми жасушаларының барлығы дерлік "ұйқыға" кете қоймайды, кейбір бөлімдері қызу жұмыс істейді. Осы бөліктер арқылы біз бұрын көрген, естіген, дәмін татқан заттардың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Əрі ұйқыдағы адамның миы жартылай тежелуге ұшырайтындықтан, ойлау дəрежесі төмендеп, түсте небір ақылға сыйымсыз образдар бейнеленеді.

Адамның күндіз басынан кешкен оқиғалары, тілегі мен арманы, өзгелермен қарым-қатынасы, күнделікті қызметі сынды əрекеттер түс көруге бірден-бір себеп. Физиологиялық тұрғыда ми жасушаларына кез келген қимыл-қозғалыс (ағаш жапырағының сылдыры, қоңырау сыңғыры, əтештің шақырғаны, есіктің ашылғаны), тіпті ұялы телефондағы вибрация да əсер етеді. Ағзаңызда (жүрек, асқазан) жайсыздықтың орын алуы да түсіңізге қай-қайдағы "кереметтерді" кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне салмақ түссе, кенеттен қатты соға бастайды. Түсіңізде біреумен төбелесіп, яки қашып жүрсеңіз немесе ақшаңызды жоғалтып сабылуыңыз да жүрек соғысының əсерінен екен. Сол себепті, "өңімде ақшам жоғалады-ау" деп қорқудың еш қажеті жоқ.



Өмірде естімеген, көрмеген дүниелердің түске кірмейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: туғаннан көру қабілетінен айырылған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, есесіне иіс, есту, дəм арқылы қабылданған нәрселері енетін көрінеді.

Қатты шаршап, қалғып кеткенде, жартастан немесе биіктен құлап бара жатқандай күй кешіп, өздігіңізден шошып оянатын кездер де болады. Себебі, адам клиникалық өлімге ұшырап кетуі ықтимал болса, мидан сигнал беріледі. Сол кезде қорқынышты түс көргендей шошып оянып, қайтадан тəтті ұйқыға кетесіз. Осындай жағдай жиі қайталанса, "періштем қақты" деп есептеңіз.



"Иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді". Түсіңіз шынайы өмірде орындалып, қуанышқа кенелуіңіз, яки орындалмай арманда кетуіңіз де ғажап емес. Сол себепті шынайы ғұмыр кешейік!

Түннің тынышын, түстің дұрысын берсін!

Арай ЖҰМАТАЙ .....
Әңгімелер
Толық

Исаев Ерғали (Жаным менің)

Жаным менің жаным менің тынышталсын
Махаббаттан жүрегім тыныштаталсын
Қайғыдан қан жұтып жүргенімді
Біліп тұрып неге сен қазбалайсың
Білесіңбе жаным сеніғана сүйгенімді
Сен маған қарай келесіңбе
Жүрегіме жылуыңды бересіңбе
Сен жоқта жүректің дүрсілі тақтайтынын
Сен жоқта қайғылан қан жатамын
Сен осы сөзіме сенесіңбе
Сен осыны естісең келесіңбе жаным
Өлеңдер
Толық

Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)

Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сен жоқсың. Енді кімге еркеледім?
Бүгінгі қызығымды көрсетпеген,
Ой, өмір-ай, неғылған келтелі едің.
Шынында өмір неткен келтелі едің,
Анамды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің....
Өлеңдер
Толық

31 қазанда алып астероид айға соғылуы мүмкін

Бұл алып ғарыш денесі абырой болғанда, біздің ғаламшардан алыс траектория бойынша ұшуда. Оның жер серігімен қатығысу мүмкіндігі бар, деп жазады британдық БАҚ, ғалымдардан алған ақпаратқа сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Ене мен күйеу бала

Енесі мен күйеу баласының арасында кикілжіңдердің болып тұратыны ешкімге де құпия емес шығар. Көрші елдерде олардың қарым-қатынасы туралы әзіл-қалжыңдар көп айтылатындықтан, жігіттер енесімен алғашқы кездесуге жақсылап дайындалып барады екен. Сол әзіл-қалжыңның кейбірін аударып беруді жөн көрдік.
Анекдоттар мен әзілдер
Толық