Балабақша тәрбие сағаты: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»

Балабақша тәрбие сағаты: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»

«Салтанат» –бөбекжай бақшасы»
Тәрбиеші: Н.А Низамова
Петропавл қаласы, 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау; дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар.
Көрнекті құралдар: геометриялық пішіндер (сопақша, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер немесе дөңгелек), санау таяқшалары, суреттер, сандар.
Үлестірмелі материалдар: санау таяқшалары, геометриялық пішіндер
Мотивациялық қозғаушылы Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар!

- Көңіл күйлерін қалай?
- Өте тамаша!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Атап беріңдерші?
- Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?

- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Атап беріңдерші?

- Бүгін қай күн?
- Жарайсыңдар, балалар!
Ал енді балалар, біз сендермен «Көршілерін тап » ойынын ойнайық
Енді тақтаға аялдайық! Балалар "Жоғалған сандарды тауып беріңдерші", "Көрші сандарын табыңдаршы" - Балалар қимылмен көрсетіп, орындайды.
- Жақсы!
- Көктем мезгілі.
- Бір жылда 4 мезгіл бар.
- Жаз, күз, қыс, көктем
- Наурыз, мамыр, сәуір.
- 12 ай бар.
- Бір аптада 7 күн бар.
- Апта күндерін атап береді: дүйсенбі, сейсенбі...
1,.3..,5
Ұйымдастырушылық-ізденістік - Ертегі (көрініс)
"Ерте, ерте, ертеде шеңбер мен үшбұрыш болыпты. Олар бір күні серуендеп жүріп, белгісіз фигураны көреді. Шошып кетіп, ағаш арасына тығылып қалады да, "бұл кім екен?" деп ойлайды. Шеңберге ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ. (Бұрыштары бар, санаңдаршы). - (4). "Жүр, атын сұрайық", - дейді шеңбер. Олар осылай танысып.
- Мен шеңбермін, менің бұрыштарым жоқ, мен Күнге, тәрелкеге, құймаққа ұқсаймын. Мен дөңгелек сияқты домалай аламын.
- Мен үшбұрышпын, менің үш бұрышым, үш қабырғам бар, мен шатырға ұқсаймын.
- Сен шатырға ұқсасаң мен қабырға бола аламын.Екеуміз бірге үй жасай аламыз.

- Балалар тағы қандай үйлер болады?

-Бір қабатты үй мен көп қабатты үйдің айырмашылығы қандай?
Ойын «Қай пішінді жоғалттым» Суреттер: геометриялық пішіндер (атау, жоғалған геометриялық пішіндерді табу). Балалар орындарына отырады
Сергіту сәті.
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
Балалар геометриялық пішіндерін тауып береді.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы
- Пәтерлер, қабаттар, терезелер көп болады.
Көп қабатты үйлер
Балалар өлең шумағына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар меніңмен бірге санамақ айтқыларың келеме?
Санамақ
1 дегенім - білеу,
2 дегенім - егеу,
3 дегенім - үскі,
4 дегенім - төсек,
5 дегенім - бесік,
Дидактикалық ойын «Көңілді пішіндер». Балалар геометриялық ішіндерден әр түрлі пішіндер құрастырады.
Мысалы: «Гүлдер», «Ою - өрнек», "Балық", "Қоян"
ия
Балалар санамақты қайталады
Рефлексиялық-
түзетушілік - Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды! Қонақтарымызға арнап балаларымыздың қолдан жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!
Ал, енді қонақтарымызбен қоштасамыз!
Сау болыңыздар, балалар!
Сау болыңыздар, қонақтар! ..


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍