Сабақ жоспары 7- сынып Қазақ тілі мен әдебиеті


7 сынып қазақ тілі мен әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер.

Мектеп: «№27 орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: . Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көп тіл білгім келеді

Осы сабақта қол жеткі зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

 Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:Барлық оқушы мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді ажырата алады. Көпшілігі орындай алады:Мәтін құрап айтуда мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана алады. Кейбір оқушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын дамытып айтады.

Бағалау критерийі

- Оқушының­ төменгі жетістігі(ОТЖ):тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді­ табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының­ орташа жетістігі(ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді­ пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.

Оқушының­ жоғарғы жетістігі(ОЖЖ):тақырып­бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатыстыөз ойын айтады,сыныптастарымен пікір алмасады.

 

 

 Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи, аударма шығармалары, озық технологиялар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша...

Осылардың ішінде...

Ғалымдардың айтуынша...

Тілдер тарихына қарасақ...

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Кең таралған тілдер ... деп ойлайсың?

Неліктен ғалымдар айтуынша . . . деп ойлайсың?

«Тіл жойылса, халық та жойылады» дегенді қалай түсінесің?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, география.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Блиц-сұрақ» әдісі арқылы «Тіл қалай пайда болды?» мәтін мазмұны туралы не біледі? - Тілдің пайда болуына не себеп болды?

-. Тіл не үшін керек? - Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?

Сабақтың жосп/ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

«Жүректен жүрекке» тренингі.Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.

Кері байланыс. «Блиц-сұрақ» әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ)

Мақсаты: «Тіл қалай пайда болды?» мәтінінің мазмұнын қай дәрежеде меңгергенін тексеру.

1. Тілдің пайда болуына не себеп болды? А. Адамзат қоғамының пайда болуы В.Ұжымның пайда болуы С. Отбасының пайда болуы

2.Тілді дамытатын кім?А.Сөз, сөйлемВ. Оқушы, мұғалімС. Қоғам, халық

3. Тіл не үшін керек ?А.Әңгіме айту үшін В.Өмір сүру үшін С.ЖОО-на түсу үшін

4. Адамды адам ететін не? А. Тіл В.Ой С. Ақыл

5. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?А.4000 В.2000 С.5000

ҚБ. Смайликтер

«Пазл» әдісі.Мақсаты: топқа бөлу.Үш тілде жазылған мәтін қиындыларын «Пазл» әдісі арқылы құрастырып, топқа бөлінеді.

1.«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.» А.Байтұрсынов

2. «Язык – это путь цивилизации и культуры» А.Куприн

3. «The limits of my language mean the limits of my world.» (Границы моего языка – это границы моего мира.) Людвиг Витгенштейн

ҚБ. От шашу

СЖ. «Сөзжұмбақ шешу» әдісі.Мақсаты: қызығушылықты ояту, сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау

м

е

м

л

е

к

е

т

т

і

к

м

ә

т

і

н

т

е

р

м

и

н

к

і

т

а

п

м

ә

т

е

л

б

і

л

і

м

н

е

о

л

о

г

Ресурстар

Сабақтың басы.

1.Қазақстан Республикасында қазақ тілі қандай тіл?

2. Оқуға берілген жұмыс, тапсырма.

3.Ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

4. «___________ – білім бұлағы»

5. Мақал сөзімен тіркесетін сыңарды тап.

6.Оқушылардың мектептен алып шығатын азығы?

7. Жаңа сөздердің ғылыми атауы.

ҚБ. Көңіл күй одағайлары

Дескриптор

1.Сұрақтардың дұрыс жауабын табады.

2.Сабаққа қатысты жаңа сөздерді қолданады.

Тест тапсырмасы

Сабақтың ортасы

Оқылым алды тапсырма.1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

1.Сөздікпен жұмыс.А)Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөз -дермен таныстырады,аудармасын айтады. Оларды оқиды,оқушыларға­қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.А) Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

3.Тілдік бағдар Көмекші есімдерді меңге теді.А)Жазылым.Оқулықтағы3,4-тапсырманы

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5 тапсырманы­орындатады.«Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады, жұптық жұмыс­орындатады.

4. Мәтінм н жұмыс­. А) Оқылым. Айтылым.Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.Ә) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы­ орындатады.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы­ орындатады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тыңдалым. Оқулықтағы

10-тапсырманы орындатады.Ә) Жазылым. Оқулықтағы 11 -тапсырманы­ орындатады

СЖ. «Сөздікпен жұмыс» әдісі.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

Мәртебе

современный

Үштілді

передовые технологии

Көптілді

треязычия

Заманауи

переведенные произведения

аударма шығармалары

статус

озық технологиялар

многоязычный

ҚБ. «Алма ағаштары»

(қызыл алма – өте жақсы , жасыл –жақсы сары алма-қанағаттанарлық

Дескриптор

1. Сөздікпен жұмыс жасайды.

2.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.

ТЖ. «Прожектор» әдісі.Термин сөздер мен неологизм сөздерді анықтаңыз.

Астын сызып белгілеңіз.Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.

 Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.

  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.

Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 - ұпай беріледі І топтың сұрақтары. 1) Междометие является частью речи? (да) 2) В предложений глагол бывает сказуемым? (да) 3) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да) 4) Қазақстанның астанасы Алматы қаласы ма? (жоқ) 5) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә) 6) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ) 7) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә) 8) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ) 9) қазақ тілінде 7 септік бар (иә) 10) Қазақ тілінде бастауыш сөйлем соңында тұра ма? (жоқ) ІІ топтың сұрақтары. 1. Фонетика изучает состав слова? (нет) 2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да) 3. Антонимы слова противоположного значения? (да) 4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ) 5. –лар, -лер, -дар, -дер көптік жалғауы ма? (иә) 6. Фразеология тұрақты сөз тіркестері туралы ілім. ( иә) 7. Англияның астанасы Лондон (иә) 8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ) 9. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ) 10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия) 4 « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс жауапқа 50 – ұпай беріледі. Суретти жұмбақтар: слайд арқылы суреттер беріледі сол суреттердің атауын орысша, қазақша, ағылшынша айту керек. 5. « Шешендік» ( оратор) – бөлімінде оқушылар берілген тақырыпқа 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, оны үш тілде оқып береді. 5. «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында жарнама жасау. Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен, тапқырлықтарымен жарнама жасап, «үш тілділік» туралы өз ойларын суретпен салып, сол суреттерін қорғайды. 

ҚБ. Бас бармақ

Дескриптор

1. Мәтіннен термин сөздер мен неологизм сөздерді

табады.

  • Термин мен неологизм сөздердің астын сызады.

ЖЖ. «Сен және мен» әдісі.

Берілген неологизмдер мен термин сөздерге қыстырма сөздер қатыстырып диалог құрастырыңыз.

Менің ойымша...

Қазіргі уақытта...

Аударма шығармаларында..

Мысал келтірген болсам...

мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи,

аударма шығармалары, озық ткхнологиялар

ҚБ Мадақтау сөздері арқылы

Дескриптор

1. Қыстырма сөздер қатыстырып диалог құрастырады.

2. Термин мен неологизм сөздерді диалогта қолданады.

  • Диалог құрастырудың ережесін сақтайды.

Ж. «ПОПС» формуласы әдісі.

Мәтін мазмұнын «ПОПС» формуласына салып, 4 сөйлем жаз:

1.Өз пікіріңді жаз;2.Пікіріңді дәлелде;3.Өмірмен байланыстыр;4.Қорытынды жаз. ҚБ. «Смайликтер»

Дескриптор

1. Өз пікірін білдіреді.

2. Пікірін дәлелдеп қолданады.

3.Өмірмен байланыстыра алады.

4.Қорытынды шығарады.

5.Сауатты жазады.

Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрысын

тексеріңдер. (Дұрыс +, бұрыс – )

Тапсырма

Дұрыс

Бұрыс

1. Жер бетінде бес мыңдай тіл бар екені анық.

2. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл

3. Қазіргі уақытта көп тіл білу керек емес.

4. Дүниежүзінде ресми тіл ретінде ағылшын, француз, италян тілдері жатады..

5. Заманауи озық технологиялар ағылшын тілінде.

Дескриптор

1.Мәтіннен сөйлемдерді табады.

2.Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын шартты белгімен белгілейді.

Терминдер мен неологизмдерді

қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.

(мәртебе, үштілді, заманауи)

  • ________________________________________.
  • ________________________________________.
  • _______________________________________.
  • Дескриптор

1. Терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсінеді.

2.Терминдер мен неологизмдерді дұрыс қолданып, сөйлем құрастырады.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мәтін мазмұнын түсінгендеріңді тексеріңдер.

1. Қанша тіл «ең ұлы» тіл болып саналады? (13 тіл);

  • Ғалымдар соңғы кезде дүниежүзінде неше тіл барекенін анықтады? (алты мыңдай);
  • Дүниедегі барлық аударма шығармаларының 15%-ықай тілде? (француз тілінде);
  • Қазіргі уақыттағы заман талабы не? (көп тіл білу).

Дескриптор

1.Мәтіннен сөйлемдерді табады.

2.Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

ҚБ. Көңіл күй одағайлары арқылыТыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.Айтылым. Дұрыс айтылуымен

Тыңдалым. Оқылым.Айтылым. Сөйлемдерді тыңдайды,оқиды,айтады.

Жазылым. Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді жазады,толықтырады, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.

Айтылым. Ойын шарттарын орындайды.Оқылым. Айтылым. Мәтіндітүсініп оқиды,мазмұнын өз сөзімен айтады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ қояды, ақпараттың дұрыстығын тексереді.Жазылым. Көмекші есімдерді пайдаланып,­ сөйлем

құрап жазады.

Тыңдалым. Тіл үйре­нушілердің өз тәжірибестуралы пікірін тыңдайды.

Жазылым. Тіл үйренушілердің пікірін концептуалды кестеге толтырад

Интербелсенді тақта, слайд

Мәтін бөлігі

Слайд, таратпа қағаздар

Жеке таратпа қағаздар

Сабақтың соңы :

Рефлексия

Чемодан (маған қажет),

Еттартқыш (қайта қарастыру қажет),

Қоқыс жәшігі (маған қажет емес)

Өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады.

Үй тапсырмасы:

Барлығы «Тіл туралы» 5 мақал-мәтел жаттау;

Көпшілігі «Тіл қалай пайда болды?» тақырыбына

диалог құрастыр;

Кейбірі: «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл»

тақырыбында эссе жазу (ойтолғау).

Қазіргі кезде неге көп тіл білуіміз керек?

Жеке таратпа қағаздар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу