«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жоспары
Бекітемін
Мектеп директоры: Қ.Көмекбай
№102 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жоспары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің міндетін атқарушы бұйрығының
2-қосымшасына сәйкес
№194 от 30.07.2024
І. 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау есебі ( SWOT )
ІІ. №102 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының идеясы:
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштаған ұғымы
Принципі: «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»
ІІІ . «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегі тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұны:
Бағдарламаның мақсаты:
- қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру
Бағдарламаның міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
- Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
- табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
- елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
- отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
- өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
- әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
- басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
- өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
- еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
- әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
- білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
- отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту
Бағдарлама мазмұны:
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамытуда білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек айы – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – Тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан айы – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар айы – заң және тәртіп айы;
Ақпан айы – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір айы – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр айы – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
күнделікті:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату
апта сайын:
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды
Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
жыл сайын:
«ДосболLIKE» – буллингтің/әлімжеттіктің алдын алу және тиімді әрекет ету үшін жағдай жасау бойынша акциялар өткізу.
«Әншуақ» – білім алушылар арасында қазақ тіліндегі әндерді насихаттауға бағытталған балалар әндері фестивалін өткізу.
«Ақындар айтысы» – Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындардың сайыстарын өткізу.
Пікірсайыс турнирлері – қоғамда орын алатын проблемаларды жариялы түрде талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру үшін пікірсайыс ойындарын өткізу.
Мектеп парламентінің президентін сайлау – қазан айының үшінші сенбісі.
«Күй күмбірі» домбырашылар челленджі – Наурыз мерекесі аясында күйлер орындау (таңдау бойынша)
ІV. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құндылық: Тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Мектепке дейінгі ұйым түлегі:
Отан, ел, туған өлке туралы білу;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білу;
мемлекеттік тілді білу;
ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білу;
туған өлкенің табиғатын қамқорлықпен қарау
Бастауыш мектеп түлегі:
мемлекеттік тілді білу және құрметтеу;
мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;
дәстүрлерді сақтау және құрметтеу;
отбасының құндылығын түсіну;
тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;
қоршаған ортаға қамқорлық жасау
Негізгі орта мектеп түлегі:
Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның Тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;
азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;
мемлекеттік тілді меңгеру;
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен жобаларға қатысу;
әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу
Жалпы орта мектеп түлегі:
халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;
ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;
мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;
мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;
отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;
Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білу
Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Мектепке дейінгі ұйым түлегі:
отбасындағы, балабақшадағы мінез-құлық нормаларын білу;
басқа балалармен сөйлесуге және олармен ортақ тіл табуға дайын болу;
ойы мен сезімдерін білдіре алу қабілетінің болуы
Бастауыш мектеп түлегі:
командада жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау және ортақ мақсатқа жетуде бірлесіп әрекет ету;
өз ісіне мұқият болу және басқаларға көмек көрсету;
басқаларға құрмет көрсету және олардың ерекшелігіне төзімді болу;
бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру;
тапсырмаларды орындауда және мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесу
Негізгі орта мектеп түлегі:
қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу
Жалпы орта мектеп түлегі:
әлеуметтік, іскерлік және ресми контексте жалпы және ұлттық этикет нормаларын қолдану;
ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;
басқа адамның сезімін және эмоционалды жай-күйін түсіну;
қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау;
мектептегі және мектептен тыс іс-шаралар мен волонтерлік қызметте басқаларға көмектесуге және қоғамдық пайдалы істерге қатысуға дайын болу
Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Мектепке дейінгі ұйым түлегі:
әрекетіне жауапты болу;
уәделерді орындай білу
Бастауыш мектеп түлегі:
шындықты айту;
достыққа адал болу;
жақсылық пен жамандықты, әділдік және әділетсіздікті ажырата білу;
өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;
заттар мен мүлікті ұқыпты ұстау
Негізгі орта мектеп түлегі:
өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;
әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;
оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;
берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;
басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу
Жалпы орта мектеп түлегі:
нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу;
әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;
қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;
белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету;
тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау
Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Мектепке дейінгі ұйымның түлегі:
жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелерін білу;
үлкендерді құрметтеу;
үйде, балабақшада, қоғамда өзін дұрыс ұстау
Бастауыш мектеп түлегі:
өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау;
қауіпсіздік ережелерін, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау;
педагогтерге немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар қабылдауда көрген немесе білетін қауіптер туралы хабарлау;
кемсітушілік пен қудалаудың кез-келген түрінен аулақ бола отырып, педагогтердің, сыныптастарының құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу
Негізгі орта мектеп түлегі:
құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;
тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;
қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу
Жалпы орта мектеп түлегі:
өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау;
моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;
тұрақты даму принциптерін өмір салтына айналдыру, баламалы энергия көздерін пайдалану, табиғи ресурстарды үнемді тұтыну
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Мектепке дейінгі ұйымның түлегі:
үйде, топта қарапайым әрекеттерді орындауға көмектесу;
үй жануарларына, үй өсімдіктеріне күтім жасау;
жеке гигиенаны өз бетінше сақтау, ұқыпты киіну және өз заттарын күту, өз бетінше тамақтану және тазалықты сақтай білу;
жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау
Бастауыш мектеп түлегі:
мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;
өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;
отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;
нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол жеткізуге ұмтылу;
өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу
Негізгі орта мектеп түлегі:
өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;
түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;
өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;
еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;
жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу
Жалпы орта мектеп түлегі:
тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;
өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;
нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;
еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;
дамуға және оқуға үнемі ұмтылу
Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Мектепке дейінгі ұйымның түлегі:
шығармашылық қиял мен қиялға негізделген өнертабысқа қызығушылық;
сурет салуға, модельдеуге, дизайнға қызығушылық таныту;
алған білімді жаңа нәрсе жасау үшін қолдана білу
Бастауыш мектеп түлегі:
қоршаған әлемді зерттеу, сұрақтар қою, эксперименттер жүргізу және алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай алу;
жаңа идеяларды қалыптастыру, мәселелердің стандартты емес шешімдерін көру және оларды іс жүзінде қолдана алу;
инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ететін компьютермен жұмыс істеу негіздерін және басқа да технологиялық дағдыларды меңгеру;
жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу;
өз әрекеттерінің қоршаған әлем үшін маңыздылығы мен салдарын түсіну
Негізгі орта мектеп түлегі:
тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;
өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;
бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;
модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;
оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;
әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет)
Жалпы орта мектеп түлегі:
зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;
ақпаратты талдау және бағалау;
жаңа идеяларды ұсыну;
заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;
мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру барысында ресурстарды тиімді пайдалану.
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
1-қыркүйек – «Білім күні»
5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні
Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні
Апта сайынғы әр сынып сағатының соңында немесе басында 10 минут қауіпсіздік сабақтарына арналады
1-ші аптаның дәйексөзі: Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына (Мұзафар Әлімбаев)
2-ші аптаның дәйексөзі: Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!
3-ші аптаның дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)
4-ші аптаның дәйексөзі: Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. (Абай)
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | Білім күні. «Мектебім – мейірім мекені!» | Салтанатты іс-шара | 1,11-сыныптар | 01.09.2024 | Р.Агибергенова Сынып жетекшілер | |||
2 | «Менің Отаным – Қазақстан!» бірыңғай сынып сағаты. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Бірыңғай сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 02.09.2024 | Сынып жетекшілер | |||
3 | «Тілім менің ғасырларға аманат» (А.Байтұрсыновтың туған күніне орай) | Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара | 1-11-сыныптар | 05.09.2024 | Г.Баядилова Тілдер бірлестігі | |||
4 | «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбы аясында жалпы ата-аналар жиналысын өткізу | Ата-аналар жиналысы | Ата-аналар, сынып жетекшілер | 06.09.2024 | Р.агибергенова Сынып жетекшілер И.Жакешова | |||
5 | «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты «Отбасы күнін» атап өту аясында іс-шаралар ұйымдастыру | Отбасы күніне арналған іс-шаралар | 1-11-сыныптар | 2-8.09.2024 | Р.Агибергенова Мектеп әкімшілігі | |||
6 | «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 09.09.2024 | Сынып жетекшілер | |||
7 | Жарнаманың әсерлеріне бейімделу, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады? | Психологиялық сағат | 8-11-сыныптар | 12.09.2024 | И.Жакешова | |||
8 | «Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 16.09.2024 | Сынып жетекшілер | |||
9 | Электрондық темекінің зияны | Сынып сағаты | 5-10-сыныптар | 18.09.2024 | А.Жақсылық | |||
10 | «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Еңбек күніне арналған сынып сағаттары | 1-11-сыныптар | 23.09.2024 | Сынып жетекшілер | |||
11 | Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу | Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау | Полиция бөлімі Мектеп әкімшілігі Сынып жетекшілер Ерікті жастар | Жыл бойы | Р.Агибергенова Сынып жетекшілер Қ.Қонысбай | |||
12 | Наркобекет жұмыстарының қызметін ұйымдастыру | Жылдық жоспары Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау | 1-11-сыныптар | Жыл бойы | Р.Агибергенова Н.Сисенова | |||
13 | Білім алушының құмар ойынға бейімділігінің белгісі бойынша ішкі есепке алу, жеке жұмыстар жүргізу | Жылдық жоспары | Жыл бойы | Мектеп әкімшілігі | ||||
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық 1-қазан – Халықаралық қарттар күні 5-қазан – Мұғалімдер күні 24-қазан – Кітапханашылар күні 25-қазан – Республика күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың! 2-ші аптаның дәйексөзі: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас! 3-ші аптаның дәйексөзі: Отанды сүю – отбасынан басталады! 4-ші аптаның дәйексөзі: Отаным – алтын бесігім! | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 30.09.2024 | Сынып жетекшілер | |||
2 | «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» | Жалпы мектептік волонтерлық акциясы Мерекелік кеш | 7-10-сыныптар 2-4-сыныптар | 01.10.2024 01.10.2024 | Г.Сарманова Сынып жетекшілер | |||
3 | «Даналық ұстаздан» челленджі | Мұғалімдер күніне арналған челлендж | 5-9-сыныптар | 03.10.2024 | Сынып жетекшілер Н.Сисенова | |||
4 | Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу шаралары (лудоманияның алдын алу) | 5-11-сыныптар | 04.10.2024 | Р.Агибергенова И.Жакешова | |||
5 | Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 07.10.2024 | Сынып жетекшілер | |||
6 | «Күзгі асар» жәрмеңкесі | Жәрмеңке | 5-9-сыныптар | 11.10.2024 | Сынып жетекшілер Н.Сисенова | |||
7 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 14.10.2024 | Сынып жетекшілер | |||
8 | Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық туралы жадынамалар тарату | Жадынама | 8-11-сыныптар | 18.10.2024 | Г.Сарманова | |||
9 | Республикам – мақтанышым! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 21.10.2024 | Р.Агибергенова Сынып жетекшілер | |||
10 | «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | 8-10-сыныптар | 22.10.2024 | Б.Жанкеев | |||
11 | Демалыста кітап оқимыз | Кітапханашылар күніне арналған мектепішілік іс-шара | 2-8-сыныптар | 24.10.2024 | Г.Үсенова | |||
Қараша – әділдік және жауапкершілік айы 15-қараша – Ұлттық валюта – теңге күні 16-қараша –Халықаралық толеранттылық күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым! 2-ші аптаның дәйексөзі: Тура биде туған жоқ! 3-ші аптаның дәйексөзі: Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі 4-ші аптаның дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың таймайды! | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 04.11.2024 | Сынып жетекшілер | |||
2 | Мектеп театры | Театр қойылымы | 8-9-сыныптар | 05.11.2024 | Б.Жанкеев | |||
3 | Вейптерден бас тартудың себептері | Дебат | 8-10-сыныптар | 08.11.2024 | Г.Үсенова | |||
4 | 15-қараша – Ұлттық валюта – теңге күні | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 11.11.2024 | Сынып жетекшілер | |||
5 | «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны | Зияткерлік ойын | 5-6-сыныптар | 13.11.2024 | Б.Жанкеев | |||
6 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 18.11.2024 | Сынып жетекшілер | |||
7 | «Startup» байқауы | Байқау | 20.11.2024 | Н.Сисенова | ||||
8 | Өмірге салауатты қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Спорттық эстафета | 3-4-сыныптар | 22.11.2024 | С.Насымова | |||
9 | Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 25.11.2024 | Сынып жетекшілер | |||
10 | Электронды темекілердің химиялық құрамы | Профилактикалық акция | 8-10-сыныптар | 27.11.2024 | Г.Сарманова | |||
11 | Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша тест сауалнама ұйымдастыру | Қорытындысы бойынша жұмыс жасау | 1-11-сыныптар | 28.11.2024 | И.Жакешова | |||
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы 5-желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні 16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Бірлігі күшті ел озады 2-ші аптаның дәйексөзі: Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді 3-ші аптаның дәйексөзі: Бірлік болмай тірлік болмас 4-ші аптаның дәйексөзі: Ынтымақ – бұзылмайтын қорған | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Мектептегі/сыныптағы тазалықты қолдау акциясы | 1-11-сыныптар | 02.12.2024 | Сынып жетекшілер | |||
2 | «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі | Челлендж | 1-11-сыныптар | 05.12.2024 | Н.Сисенова | |||
3 | «Тәуелсіздік-ел мұраты» тақырыбында сынып сағатын өткізу | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 09.12.2024 | Сынып жетекшілер | |||
4 | Балалар кітапханасы | Әдеби кеш / кітап жәрмеңкесі / кітап кейіпкерлері байқауы | 2-7-сыныптар | 11.12.2024 | Г.Үсенова | |||
5 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 18.12.2024 | Сынып жетекшілер | |||
6 | «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | 3-4-сыныптар | 19.12.2024 | Б.Жанкеев | |||
7 | Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Түсіндірме сағаты (лудоманияның алдын алу шарасы) | 5-8-сыныптар | 20.12.2024 | Р.Агибергенова | |||
8 | «Бірлік және ынтымақ» құндылығы» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 23.12.2024 | Сынып жетекшілер | |||
9 | Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі | Психолог кеңесі | 1-11-сыныптар | 24.12.2024 | И.Жакешова | |||
Қаңтар – заң және тәртіп айы 1-қаңтар – Жаңа жыл 1-ші аптаның дәйексөзі: Талап бар жерде тәртіп бар 2-ші аптаның дәйексөзі: Тәртіп – тәрбие бастауы 3-ші аптаның дәйексөзі: Әділ заң – аспан тірегі 4-ші аптаның дәйексөзі: Тәртіпсіз ел болмайды | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | Мамандықтар марафоны | Байқау | 9-11-сыныптар | 10.01.2025 | Т.Мұратбай Сынып жетекшілер | |||
2 | Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 13.01.2025 | Сынып жетекшілер | |||
3 | «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны | Зияткерлік ойын | 5-6-сыныптар | 15.01.2025 | Н.Сисенова | |||
4 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 20.01.2025 | Сынып жетекшілер | |||
5 | «Заң және Тәртіп» құндылығы Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 27.01.2025 | Сынып жетекшілер | |||
6 | «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы | Байқау | 5-9-сыныптар | 30.01.2025 | К.Рамазанов Сынып жетекшілер | |||
7 | «Компьютерлік ойындардың зияндылығы» тақырыбында бірыңғай түсіндірме сағаттарын өткізу | Бірыңғай түсіндірме сағаттары | 1-11-сыныптар | 31.01.2025 | Г.Сарманова | |||
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық 14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Жасампаздық – бәрімізге өнеге 2-ші аптаның дәйексөзі: Шығармашыл бала – ойлы бала 3-ші аптаның дәйексөзі: Өнерлі бала өрге жүзер 4-ші аптаның дәйексөзі: Жаңашылдық – заман талабы | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Түсіндірме сағаты | 2-11-сыныптар | 03.02.2025 | Сынып жетекшілер | |||
2 | «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | 7-8-сыныптар | 05.02.2025 | Б.Жанкеев | |||
3 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 10.02.2025 | Сынып жетекшілер | |||
4 | «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі | Челлендж | 2-4-сыныптар | 14.02.2025 | Г.Үсенова Н.Сисенова | |||
5 | Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 17.02.2025 | Сынып жетекшілер | |||
6 | «Startup» байқауы | Байқау | 7-10-сыныптар | 17.02.2025 | Н.Сисенова Г.Сарманова | |||
7 | Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 24.02.2025 | Сынып жетекшілер | |||
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы 1-наурыз – Алғыс айту күні 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні 21, 22, 23-наурыз – Наурыз мерекесі 30-наурыз – Дүниежүзілік Жер күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...(Б.Момышұлы) 2-ші аптаның дәйексөзі: Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік 3-ші аптаның дәйексөзі: Ар-намыс ғана тәуелсіздікке тірек бола алады 4-ші аптаның дәйексөзі: Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | Алғыс – ізгі ниет Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Челлендж | 1-11-сыныптар | 01.03.2025 | Сынып жетекшілер | |||
2 | Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Зияткерлік ойын | 3-4, 9-10- сыныптар | 04.03.2025 | С.Ізтілеу Г.Баядилова | |||
3 | «Ананың аялы алақаны» челленджі | Челлендж | 1-11-сыныптар | 07.03.2025 | Н.Сисенова | |||
4 | «Ұлттық мәдениет» көрмесі | Көрме | 8-10-сыныптар | 10.03.2025 | Көркем еңбек мұғалімдері, сын. жетекшілері, өзін-өзі басқару ұйымы | |||
5 | Наурыз – жыл басы Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 17.03.2025 | Сынып жетекшілер | |||
6 | «Жер сағаты» экологиялық акциясы | Акция | 8-11-сыныптар | 17.03.2025 | Сынып жетекшілер | |||
7 | Мектеп театры | Театр қойылымы | 2-4-сыныптар | 18.03.2025 | Б.Жанкеев | |||
8 | «Күй күмбірі» Наурыз мерекесі аясында күйлер орындау (таңдау бойынша) | Домбырашылар челленджі | 1-11-сыныптар | 19.03.2025 | Р.Агибергенова Сынып жетекшілер | |||
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы 2-сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні 7-сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 12-сәуір – Ғылым күні 15-сәуір – Халықаралық мәдениет күні 18-сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні 23-сәуір – Ұлттық кітап күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай) 2-ші аптаның дәйексөзі: Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. (Леонардо да Винчи) 3-ші аптаның дәйексөзі: Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар 4-ші аптаның дәйексөзі: Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | Біз таңдаған кітаптар Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 07.04.2025 | Сынып жетекшілер | |||
2 | Өмірге салауатты қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Тренинг | 9-11-сыныптар | 10.04.2025 | И.Жакешова | |||
3 | «Мен темекіні тастаймын!», «Біз темекі шегуге қарсымыз!», «Жастар темекіге қарсы» акциялар ұйымдастыру | Акциялар ұйымдастыру | 7-10-сыныптар | 11.04.2025 | Н.Сисенова | |||
4 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 14.04.2025 | Сынып жетекшілер | |||
5 | Оқушылардан бопсалау мен әлімжеттік және буллинг бойынша сауалнама алу | Сауалнама алу | 7-11-сыныптар | 16.04.2025 | И.Жакешова | |||
6 | Бір тартып көрудің зиянды салдары Қозғалыста бол! | Дебат Профилактикалық акция | 8-10-сыныптар 5-10-сыныптар | 18.04.2025 | Б.Жанкеев Г.Сарманова | |||
7 | Қоғамдық мүлікті қорға! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Әңгіме сағаты | 1-11-сыныптар | 21.04.2025 | Сынып жетекшілер | |||
8 | «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі | Челлендж | 9,11-сыныптар | 22.04.2025 | Сынып жетекшілер | |||
9 | «Интернеттегі қауіпсіздік», «Қауіпсіз интернет» танымдық сағат | Танымдық сағат | 1-4-сыныптар | 23.04.2025 | С.Есет | |||
10 | «Интернеттегі жеке қауіпсіздік» ақпараттық сағат | Ақпараттық сағат | 5-8-сыныптар | 24.04.2025 | Ұ.Қайназар | |||
11 | «Желілік байланыс этикасы» медиақауіпсіздік сабағы | Медиақауіпсіздік сабағы | 9-11-сыныптар | 25.04.2025 | М.Саденова | |||
12 | «Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сынып | Шеберлік сынып | Ата-аналар | 25.04.2025 | И.Жакешова | |||
13 | Нашақор болмаудың 100 себебі | Дәріс сабағы | 8-11-сыныптар | 28.04.2025 | Р.Агибергенова | |||
14 | Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартудың құқықтық салдары | Дебат/пікірталас | 5-7-сыныптар | 29.04.2025 | Б.Жанкеев | |||
15 | Нашақорлық пен есірткі құқықбұзушылықтың алдын алу | Бейнесабақ көрсетілімі | 1-11-сыныптар | 30.04.2025 | Г.Сарманова | |||
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні 9-мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні 15-мамыр – Халықаралық отбасы күні 18-мамыр – Халықаралық мұражайлар күні 31-мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1-ші аптаның дәйексөзі: Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ 2-ші аптаның дәйексөзі: Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ 3-ші аптаның дәйексөзі: Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, бірлікті ойлау үшін тірлік керек. (Төле би) 4-ші аптаның дәйексөзі: Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп. /Күлтегін/ | ||||||||
р/с | Іс – шаралар атауы | Форматы | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты | |||
1 | «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 28.04.2025 | Сынып жетекшілер | |||
2 | «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі | Фестиваль | 9-10-сыныптар | 06.05.2025 | М.Саденова | |||
3 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут)) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 12.05.2025 | Сынып жетекшілер | |||
4 | Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» көрме | Суреттер, фотосуреттер көрмесі | 1-8-сыныптар | 15.05.2025 | Н.Сисенова Г.Үсенова | |||
5 | Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Ашық алаң | 9,11-сыныптар | 19.05.2025 | Сынып жетекшілер | |||
6 | Білімім – Отаныма! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сынып сағаты | 1-11-сыныптар | 19.05.2025 | Сынып жетекшілер | |||
7 | Медицина қызметкерлерімен «Электронды темекіден бас тарту себептері», «Вейп туралы мифтер мен шындық», «Вейпинг. Бұл не және бұл хобби не үшін қауіпті?», «Кальян мен вейп шегудің зияны», «Абайлаңыз-электронды темекі» тақырыптарында денсаулық сабақтарын өткізу | Денсаулық сабақтары | 8-11-сыныптар | 20.05.2025 | Р.Агибергенова |
Согласовано
29.07.2024 15:30 Медетбекова Меруерт Аскарбековна
29.07.2024 16:57 Жумашев Каныбек Бекболатович
29.07.2024 18:36 Муханбетов Асет Гарифуллейович
29.07.2024 19:01 Куптлеуова Багымкуль Абубакировна
29.07.2024 20:29 Курманбекова Карлыгаш Жаркынбековна
30.07.2024 09:56 Нагметжанова Толкын Сериковна
30.07.2024 10:00 Акитаева Гульден Бериковна
30.07.2024 10:02 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна
Подписано
30.07.2024 18:55 Бейсембаев Гани Бектаевич
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?