Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

1 қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу.
Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл
Мінеки, достар, тағы бір
Өткізіп жазды дүбірмен
Құшағы толып гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!

Аружан Ә.: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
Нұрәділ: Себебі, бүгін мереке ғой..!
Ерасыл Қ.: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
Аружан Қ.: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді...
Медина: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе? Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
Аружан Ә.: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)

Тәрбиеші: Сәлем, достар, балалар,
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі! – бүлдіршіндеріміздің жаңа білім күніне арнаған өлең шумақтарына кезек берейік.

Аружан Қ.: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

Нұрәділ: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Аружан Ә.: Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар ұғымдын
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні

Бағжан: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Тәрбиеші: Қымбатты, Гүлнар Авраровна, құрметті сөз кезегін өзіңізге ұсынамыз! Құттықтау сөз

Медина: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!

Ән «Балабақша бағында»
(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып н - е майда түрлі - түсті доптармен ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - Күлдіргіш: Келіңдер, балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
1 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?......
Медина: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке!
Нұрәділ: Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал, көп оқып миды ашытып керегі не?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі