25 қазан Республика күніне балаларға тақпақтар мектепке балабақшаға

25 қазан Республика күніне балаларға тақпақтар мектепке балабақшаға

1) Республика күні

Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді.

2) Республика күнімен

Құттықтаймын сіздерді,
Республика күнімен.
Құтты болсын қазағым,
Қуанатын күнің ең...

3) Республика күнінде

Республика күнінде,
Ән айтамыз, билейміз.
Қайғы жұтып, алаңдап,
Мұңаюды білмейміз.

4) Балалармыз бақытты

Балалармыз бақытты,
Мерекені тойлайтын.
Республика күнінде,
Бар жақсыны ойлайтын.

5) Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Республика күнінде,
Жұлдыз болып жанамын.

6) Республика күні бұл

Республика күні бұл,
Шаттығымды көбейтер.
Қазағымның үні бұл,
Тынысымды кеңейтер...

7) Құтты болсын Қазағым

Құтты болсын, Қазағым,
Республика күні бұл.
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл.

8) Республикам жасай бер

Республикам жасай бер,
Атар таңың бақ сыйлап.
Тәуелсіз ел жасай бер,
Қуанышты күй сыйлап.

9) Республикам ғажабым

Республикам ғажабым,
Артсын даңқың, ажарың.
Қазақ елі жанданып,
Таусылмасын базарың!

10) Сен деп соғад(ы) жүрегім

Республика күні бұл,
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғад(ы) жүрегім.

11) Республикам сен менің

Көңілге нұр сыйлайтын,
Республикам сен менің.
Өзің барда биіктеп,
Көтерілер еңсем мың!

12) Республикам сен барда

Республикам сен барда,
Түспес менің көңілім.
Тәуелсіз ел айбыным,
Шуақ берер өмірім.

13) Республикам жаным бұл

Жақсы көріп, сүйетін,
Республикам жаным бұл.
Шуақ берер шырайлы,
Сәтті атар таңым бұл.

14) Соғып тұрған жүрегім

Республикам киелім,
Соғып тұрар жүрегім.
Республикам жасай бер,
Мықты болып тірегің.

15) Республикам өзіңсің

Республикам өзіңсің,
Сыйлар бізге гүл бағын.
Бір өзіңе арналар,
Таусылмайды жырларым.

16) Республикам әнімсің

Республикам әнімсің,
Жүрегімде тербелер.
Ел жоқ шығар өзіңе,
Республикам тең келер.

17) Құтты болсын қазағым

Республика күні бұл,
Құтты болсын қазағым.
Елім менің тәуелсіз,
Таусылмасын базарың.

18) Жасай берсін еліміз

Азаттығы жанданған,
Жасай берсін еліміз.
Республика күнінде,
Гүлдей берсін жеріміз.

19) Нұр сыйласын арай, күн

Жадыратып жанды бұл,
Нұр сыйласын арай, күн.
Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.

20) Республикам асылым

Республикам асылым,
Жанға қуат беретін.
Мен балаңмын сен үшін,
Маржан сөзді теретін...

21) Республикам жырымсың

Республикам жырымсың,
Тұмарым қып тағатын.
Әуелетіп жүрекпен,
Шырқап әнге салатын.

22) Құтты болсын бүгінгі

Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.
Әр қазақтың лүпілдер,
Жүрегінің үні бұл.

23) Республикам бақытым

Республикам бақытым,
Мерекеге бастайтын.
Құтты болсын күн бүгін,
Шаттығымды растайтын.

24) Азаттықтың көк туы

Республика күнінде,
Орнасын бар жақсылық.
Азаттықтың көк туы,
Сыйлай түссін сәттілік!

25) Жасай берсін Қазағым

Республика күні бұл,
Елге шаттық беретін.
Азаттықтың байрағы,
Көкілге нұр себетін.

26) Қазақ аты танылсын

Құтты болсын мереке,
Республика күні бұл.
Қазақ аты танылсын,
Шырқалып ән, жыры бұл.

27) Республикам бақытым

Республикам бақытым,
Елге сенім беретін.
Құтты болсын мереке,
Әр жыл сайын келетін.

28) Республика күні бұл

Республика күні бұл,
Келіп жеткен қуантып.
Көк ту желбіресін деп,
Жүреміз біз жырлатып.

29) Бақытымыз жанданып

Азат елім жасай бер,
Бақытымыз жанданып.
Республика күнімен,
Құттықтаймын жар салып.

30) Мен бақытты баламын

Республика күнін бұл,
Тойлап жүрген жыл сайын.
Мен бақытты баламын,
Азаттықта, жоқ уайым!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу