Әңгіме: Жазылар естеліктер мен туралы

Әңгіме: Жазылар естеліктер мен туралы казакша Әңгіме: Жазылар естеліктер мен туралы на казахском языке


Жол басында

Екібастұзда алғаш қазақ тіліндегі «Отарқа» газетін ашуға ұйтқы болған Аманкелді Қаңтарбаевтың есімі аймаққа, әрине, қолына қалам ұстаған қауымның бәріне жақсы таныс. Неге? Өйткені ол қаламгер ретінде де, әділдікті ту етіп көтеріп, кез келген ортада ой-пікірін бүкпесіз айтатын турашылдығымен де, ең бастысы ұлтжандылық қасиетімен көпшілікке танылған гуманист азамат еді («... еді» деп айту қандай ауыр).

Қаңтарбаевтың ана тіліміздің өркен жаюы үшін, ұлттық руханият, игілік үшін атқарған еңбегін айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың:

«... Тән көмілер көмілмес еткен ісім,

Ойлайтын да мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дейтін өлең жолдары үнемі тіл ұшына оралады. Рас, ол елдің ертеңі үшін қызмет етті, денсаулығын да, тіпті бар өмірін осы жолға сарп етті... Сондықтан ол биік тұр, сол биікте қала бермек!

Әттегене-ай, тағдырдың ісіне дауа жоқ, қаламгер келместің кемесіне мініп кетті... Енді, міне, қаламдастары, әріптестері, журналистикаға өзі баулып, тәрбиелеген шәкірттері толғанып, естеліктер жазуға мәжбүр болып отырмыз. Иә, «Өткен күнде белгі бар» деген осы.

Газеттің әр нөмірі шыққан сайын, оқырмандар оң пікір-лебіз білдірген сайын, газет жұртшылыққа тараған сайын көңіл марқайып, жұмысқа құлшына кірісетін, тың тақырыптар іздестіріп, жазып, газет бетінде жариялауға ұмтылған, ізденіске толы болған сол бір күндер де, міне, тарихқа айналып кетіпті. Соның бәрінің де басында Аманкелді Қаңтарбаев тұратын.

Биыл Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің жарыққа шыға бастағанына ширек ғасыр – 25 жыл толмақ. Сондықтан А.Қаңтарбаев туралы естелік жазғанда оның туған перзентіндей болған «Отарқа» газеті туралы, оның ашылуы мен халыққа танылуына қандай еңбек сіңіргенін айтпай кету мүмкін. емес.

Кеңестік тоталитарлық жүйе салтанат құрған уақытта балабақшасынан бастап, мектебі, үлкенді-кішілі оқу орындары, мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп, әкімдік, бәрі-бәрі орыстанып, қазақ тілі мүлдем ұмытыла жаздаған Екібастұз сынды қалада қазақ тілінде газет ашу ісін ең бірінші болып қолға алған Аманкелді Қаңтарбаев болатын. Осынау бір машақаты, қиындығы, кедергісі таудай, абыройынан азабы асып түскен газетті қатарға қосу айтуға оңай шығар-ау... Ал сол жылдарда бұл бір жасанған жауға жалаңаш қолмен қарсы шыққан батыр сипатты іс еді. Бірақ алған бетінен қайтпайтын, тура мінезді, намысшыл Аманкелді аға сірескен мұзды мұзжарғыш кемедей жарып өтті. Бір есептен бұған сол кезде қоғамда қалыптасып қалған жағдаяттар да септігін тигізді.

Жалпы бұл газет қалай ашылды, Аманкелді ағамыз қандай әрекеттер жасады, қандай қиындықтар болды, айта кеткеніміз жөн болар.

Ұлттық сана-сезімді оятқан сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейінгі 1989 жылдың күзінде қабылданған «Тіл туралы» заң, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы қазақ жеріндегі ірі - ірі тарихи оқиғалардың туындауына, ана тіліміздің мәртебесінің биіктеуіне үлкен серпіліс жасалды. Бұған сол кезеңде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық хатшысы болып, қазақтың ұлтжанды азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың қызмет істеп, ана тілімізге қозғау салуы игі ықпалын тигізген еді. Әрине, жер-жерде қазақ тіліне деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Павлодар облыстық партия комитетінің бұрын әуелі орысша жазылып, содан соң қазақ тіліне аударылып шығып келген Ақтоғай (бұрынғы Краснокутск), Ақсу (бұрынғы Ермак), Май, Лебяжі, Екібастұз аудандық газеттерін 1990 жылдан бастап қазақшадан орыс тіліне аударып шығатын етіп қайта құру туралы қаулысы шықты. Сөйтіп, Екібастұз ауданына тарайтын «Вперед» - «Алға» газетінің негізгісі қазақша болып, орыс тіліне аударылып басылатын болды.

Ол кезде Аманкелді Қаңтарбаев облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінің Екібастұз қаласы мен Екібастұз, Баянауыл аудандары бойынша меншікті тілшісі еді. «Мені облыстық партия комитетінің идеология хатшысы Алма Әжібаева шақырып, қояр да қоймай «Вперед» - «Алға» газеттерінің редакторы етіп тағайындайтынын айтқанда қарсыластым. Өйткені сексенінші жылдары осы газеттердің редакторының орынбасары болдым. Сонда тәжірибелі журналистер жоққа тән, материалдық базасы да нашар болатын, сондықтан келіспеген едім. Бірақ үш рет шақыртып, «партия қайда жұмсаса, сонда барасың» деп міндеттеді ғой.

Амал жоқ, келістім. 1990 жылдың 9 қаңтарында редактор болып тағайындалдым» деп сол кездегі оқиғаны жиі есіне алатын Аманкелді аға. Жаңадан құрылған газетті аяғынан тік тұрғызу үшін Май аудандық «Шамшырақ» газетінде жұмыс істейтін тәжірибелі журналист Серік Мұхтаров пен Екібастұз ауданы Ақкөл орта мектебінің мұғалімі, ақындық талабы бар Жассерік Сәдуақасовты жұмысқа шақырады. Редакцияға пәтер мәселесімен көмек береміз деген аудандық партия комитеті уәдесінде тұрмай, ақыры Серік Мұхтаров кетіп қалыпты. Белді журналистен айрылса да «Алға» - «Вперед» газеті бұл қиындыққа қарамастан үздіксіз шығып тұрған екен. Дегенмен тың өзгеріс, оң жаңалық әлі алда еді...

Сая Молдайып, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Жазылар естеліктер мен туралы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Жазылар естеліктер мен туралы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Жазылар естеліктер мен туралы туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Жазылар естеліктер мен туралы на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные, Әңгіме: Жазылар естеліктер мен туралы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер