Әңгіме: Отты Арқада

Әңгіме: Отты Арқада казакша Әңгіме: Отты Арқада на казахском языке


Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін «Алға» - «Вперед» газеттерін қаржыландырып тұрған Екібастұз ауданының бюджеті нашарлай бастады. Міне, осы кезеңде Аманкелді Қаңтарбайұлы әлі ешкім ойға ала қоймаған тың қадам жасады. «Впередті» жауып тастап, «Алғаның» негізінде қала мен ауданға бірдей тарайтын қазақ газетін ашуды қолға алды. «Впередтің» жабылып қалуынан ештеңе жоғалмайтын еді, өйткені Екібастұз қаласында сол жылдары қалалық «Заветы Ильича», «Шахтастрой», «Ленинская Искра», «Угольный Экибастуз», «Огни Экибастуза» дейтін салалық орыс тілді газеттер бар. Редактордың бұл ұсынысын сол кездегі беделді, ұлтжанды азаматтар мен ақсақалдар - Адам Мұхамеджанұлы, Көбен Төлепбергенұлы, Серік Жақсыбаев, Нұржан Тишпаев, Іргебай Сатановтар құптап, қолдау жасағанмен бұл ниет басшылар тарапынан үлкен қарсылықтарға ұшырады.

Әйтсе де сол жылдардағы саяси оқиғалар, Одақта, оның ішінде Қазақстанда Компартияның таратылуы басшы қызметтерде отырғандардың бетпердесін өзгертуге душар етті. Иә, әділдік салтанат құрды, аудандық, қалалық кеңестің «қазақ газеті ашылсын» деген шешімі шықты. Өлкетанушы, белгілі қаламгер, экономика ғылымдарының кандидаты Серік Имантайұлы Жақсыбаев жаңа ашылғалы отырған газетке «Отарқа» деген тарихи маңызы бар атты ұсыныпты. Оның мәнісі былай: бірде Бұқар жырау бабамыз Абылай ханға: «Ордаңды уақытша басқа жерге көшір»,- дейді. Сарыарқаны, әсіресе Көкшетауды қимаған хан бұл сөзге немкетті қарайды. Сол кезде Қытаймен арадағы жағдай қатты ушығып тұрса керек, Бұқар содан сақтанған ғой.

Сол сақтығын ханға:

...Бұрынғыдай бай ел деп,

Отарқада қалмаңыз,

Шүршіт келсе жарамас,

Ай-түйіңе қарамас,-деген екен.

Ұлы жыраудың Сарыарқаны Отарқа атауы тегін емес. Серік Имантайұлы: «Сарыарқа аймағы тас көмірдің үстінде тұр. Тас көмір – от, екі бірдей алып электр стансасы да - оттың үстінде тұр, сондықтан газетті «Отарқа» деп атау керек» деген уәжді сөзі құпталып, ақыры 1991 жылдың желтоқсан айының аяғында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне тіркеліп, тәуелсіз елдің алғашқы қарлығаштарының біріндей болып, Екібастұздың тұңғыш «Отарқа» атты газеті дүниеге келді.

Сая Молдайып



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Отты Арқада туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Отты Арқада на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Отты Арқада туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Отты Арқада на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказы на казахском языке, Әңгіме: Отты Арқада ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер