Әңгіме: Құдайберді ұрпақтары

Әңгіме: Құдайберді ұрпақтары казакша Әңгіме: Құдайберді ұрпақтары на казахском языке

Шәкерімнің әкесі Құдайберді - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған жалғыз баласы. Ақылды, дәулетті адам болған. Құдайбердінің Төлебике (қолы ашық болғандықтан жұрт Дәметкен деп атап кеткен) және Ботантай деген әйелі болған. Дәметкеннен Омар, Мұртаза, Шәке, Шәкерім туған. Шәкерімнің бәйбішесі Мәуеннен Суфиян, Тауфық, Мәйміне, Ғалия есімді екі ұл, екі қыз туған. Суфиянның жеңгелей алған әйелінен Шәмел, одан Бану туған. Осы Бану мақаланың басында біз сөз еткен әнші Құралайдың анасы болып шықты.

Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан Ғафур, Қабыш, Ахат, Кәмпит (ол жас кезінде қайтқан, Жәкіш (Жәкібала), Гүлнәр мен Зият туған. Ғафурдың Ақлима, Мәкей атты әйелдері болған. Мәкейден Баязит, Ләбиба, Нағима, Кәмилә туған. Жоғарыда анасының естелігін айтқан Мақсат Жаппарханұлы Кәмиланың баласы. Шәкерім ұлы Қабыштың отбасы ашаршылықтың құрбаны болыпты. Шәкерім ұлы Ахаттың әйелдері – Сағила, Қадиша, Бәтима. Сағиладан туған екі бала 1931 жылы Райханның үйінде қайтыс болған екен.

Ахат Шәкерімұлы зерделі, сауатты, ақылды адам болған дейді. Ол Шәкерімнен тараған бірнеше ұрпаққа қамқорлық танытып, олардың білім алуларына жөн сілтеген. Шәкерімнің Айғаншадан туған кенже ұлы Зият нәубет жылдары Қытайға өтіп кеткен екен. Қытайда отасқан әйелінен туған баласы Мереке Алматыда тұрды. Шәкерімнің кенже қызы Гүлнәр 1970 жылы Алматыда қайтыс болған.

Сая Молдайып



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Құдайберді ұрпақтары туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Құдайберді ұрпақтары на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Құдайберді ұрпақтары туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Құдайберді ұрпақтары на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказы на казах, Әңгіме: Құдайберді ұрпақтары ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер