Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ

Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ казакша Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ на казахском языке

Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Н.Ә. Назарбаев

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы елді елең еткізгені сөзсіз. Бірінші кезекте әрдайым еліміздің тұтастығы мен береке-бірлігіне сызат түспеуін тілейтін жергілікті жұрттың көңіліне майдай жаққан ой-орамдары қалың бұқараның жүрегінің төрінен орын алды. Осыдан болар, Елбасы мақаласы әлеуметтік желіде толқын туындатты. Көркі түзулерді былай қойғанда, бөркі қисайып жүргендердің өзі Президенттің парасатты пайымдарына тәнті болып жатыр. Бұл Елбасы мақаласының әскери тілмен айтқанда, «дәл ондыққа» тигеніне айқын дәлел. Ендеше, соларға кезек-кезек тоқталып өтсем деп едім.

Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу қарқынды түрде жүзеге асуда. Сөздің тереңіне батпай жатып, дүрлігудің қажеті жоқ. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшелене білетін Елбасымыз еріккеннен латып қарпіне ауысамыз деп жатқан жоқ. Тағылымы мол тарихымызға көз жүгіртер болсақ, бабаларымыз сонау заманнан сол әліпбиді қолданған болатын. Сұм орыстың отарына айналып қана қоймай, тіліміз де орысшаланды, қазақ тілінде екі сөздің басын қоса алмайтын, «мәңгүрттер» көбейіп кетті. Өкінішті... Елбасымыздың бар жеткізгісі келген ойы- түбіміз түркі болған соң, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға қадам жасау, ұлтымыздың санасын тор бұғаудан босатып, санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу. Біз бұл арқылы бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ сыйлаймыз, тілімізге екінші дем береміз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерден құтылып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттауға мүмкіндік аламыз.

Құлдық санадан құтылу үшін не қажет? Сананың ашықтығы қажет! Қазіргі ақпарат заманында кірпік қаққандай ғана уақыт болып саналатын жылдар барысында, жылдам өзгерулер мен мүлде жаңа жүйелердің қалыптасу кезеңін бастан кешіріп жатқан заманда, бүгінгінің қалыптасқан жүйесімен тоқтап қалмай, заман талабына сай келетін, дамыған елдермен тереземіз тең мемлекет атануымыз біреулерге ертегі сынды көрінгенімен, бүгінгі күннің ақиқаты екенін көріп те, естіп те жүрміз. Енді осы биіктен аласармай, алға қарай қарыштай беру үшін үнемі жаңару жолында болуымыз қажет. Азиядағы екі ұлы держава- Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті- мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, дамуымызға тежеу болатын жаман әдеттерден арылып, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл - табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіші. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын біле де алмайды.

Болашақта Қазақстанның бет-пердесін анықтайтын не? Еліміздің болашақтағы келбетін анықтайтын-бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде іріп-шіріп, тозып кетеміз. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Бірақ, «бәсеке» сөзін «бақталастықпен» шатастырмауымыз керек.

Дәл қазір- әр қазақтың түбегейлі өзгеретін, ойын, жан сарайын жаңғыртатын шағы . Уақыттың ұтымды шағында уысымызға түсіп тұрған тарихи мүмкіндікті қос қолымызбен қолдап, заман көшіне ілесудің барлық шараларын қамтып қалу керек екенін түсінгеніміз абзал. Оның үстіне Көшбасшымыз рухани жаңғыру үшін ұлттық кодты сақтай білу маңызды екенін атап көрсетті. Бұл-ұлт жанашырларының жүрегіне жететін сөз. Көк бөріні пір тұтып, бөрілі байрақ қолға алған түркілерден тараған текті халық өзінің «бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерін қайта түлетуге» құлшынатын шақ-осы! Осы тұста бір сілкінбесек, бір серпілмесек, халықтымызға да, елдігімізге де сын. «Ұлттық кодымызда» тамаша қасиеттерімізбен қатар, әттеген-ай дегізетін кемшеліктеріміздің де бар екенін жасыруға болмайды. Ондай кемшіліктердің басым көпшілігін өз уақытында хакім Абай да айтып кеткен. Қынжылтатыны, әлі күнге дейін «мал шашпақпыз». Тойда да, өлім-жітімде де жылқы сойып, той-тойлап, аста-көк ас береміз. Бұлжөнінде де еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін Елбасымыз «прагматизм» сөзіне көңіл бөлуді ұсынды. Мақалада «прагматизм- өзіңнің жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деп түсіндіреді.

Жалпы болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың күн санап артып, нұрлы болашақтың темірқазығына айналуда. Солардың бірі әрі бірегейі басшымыздың кезекті «Туған жер» бағдарламасы. Аумағы ұшқан құстың қанатымен, жүйіткіген тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлке, қазақ даласында қасиетті орындар, тарихи ескерткіштер,табиғат тамашалары жетерлік. Бір өкініштісі, соларды өзіміз ғана білеміз. Яғни, мақсатымыз: Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан дархан жердің інжу-маржандарын төрткүл дүниеге паш етіп, қаны бұзылмаған, қасиеті қашпаған қазақ елінің абыройын асқақтату.

Олай болса, жас достарым, «Рухани жаңғыру өзімізден басталады» демекші, көп сөзді доғарып, еңсемізді тіктейік! Әрқайсысымыз өзімізге бір-бір міндет жүктейік! Ынтымағымызды ыдыратпай, бірлігімізді жоғалтпай, әрбір істі жұмыла бірігіп атқарсақ, ауыр жүгіміздің жеңілдері анық. Біздің міндетіміз жаңа ағымдардан және технологиялық үрдістен хабардар болу.

Құрметті Елбасы, рухани жаңғырудың, қазақ қауымын түлетудің барлық кешенді шараларын сіз соқырға таяқ ұстатқандай анықтап, қолымызға шырағдан жағып бердіңіз. Бүкіл жастар қауымы озық идеяларыңызды қоштап отыр деп нық сеніммен айта аламын. Ал, мен, өз кезегімде егемен елімнің тағдырына жауапты екенімді айтқым келеді.

Елімнің ертеңі жарқын болсын! Лайым,көгілдір туым мен қасиетті көк байрағым бейбіт көгімде желбірей берсін деген жүрекжарды тілегім бар!




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақна казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақна казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер бала, Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер