Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі

Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі казакша Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі на казахском языке


«Қазіргі дәуір атыс айқайдың дәуірі емес, іс дәуірі», -деп Сұлтанбек Қожанов айтқандай, қазір сөзге емес, іске көшетін заман. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы 26 жылдан асып келеді. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, Қазақстан «Тәуелсіз ел» атанғанда бүкіл алаш жұрты «міне, ел болдық, еркіндік қолымызға тиді» деп қуана бөріктерін аспанға атқандары тайға таңба басқандай анық байқалады. Қазақ елінің соңғы жиырма алты жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы - тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. «Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманға қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек» дейтін елбасымыз, еліміздің ендігі тарихын ұлылар рухында одан әрі жаңғыртуда. Тәуелсіздік алған сәттің алғашқы жылдарынан бастап елбасымыздың жолдаулары Қазақстан халқына бағыт-бағдар беріп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Қайта түлеу жолында халқының қамы үшін қалтқысыз еңбек етіп жүрген кемеңгер елбасымыз бүгінгі күнге дейін жаңғырудың үш сатысымен толыққанды таныстырып өткен болатын. Біздер алғашқы жаңғыруда экономикадан нарықтық экономикаға өткен болсақ, екінші жаңғыруымыз «2030 стратегиялық бағдарламасының қабылдануы» болып есептелінді. Ал, үшінші жаңғыруымыздың орны орасан зор. Бүгінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын Қазақстанның үшінші жаңғыруы кімнің де болмасын делебесін қоздыратыны айдан анық.

Өмір сүре білу үшін өзгере білу қажет. Міне, егемен елдің ертеңгі күні жарқын болсын десек, күні бүгіннен, тіпті дәл қазіргі сәттен бастап тыным таппауымыз керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ой таразысынан өткізген соң, ауқымды және маңызды жұмыстардың іргетасын бірге қалағанымыз жөн. Сабақты ине сәтімен. Осындай ірі, ауқымды жұмысымыз жемісін берсе екен деймін. Сонымен қатар, сарабдал саясатының жемісін көріп келе жатқан елбасымыз, елімізді әлі талай-талай биік шыңдар мен толағай табыстарға жеткізетініне сенемін!




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Махамбетәлиева Зере Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Махамбетәлиева Зере Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Махамбетәлиева Зере Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Махамбетәлиева Зере Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер бала, Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер