👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ әдебиеті Т1 11 сынып ЖМБ


«Қазақ әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

О. Бөкей «Атау кере» повесі

Оқу мақсаты

11.1.3.1

11.2.5.1

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдайды
  • Кейіпкерлербейнесіарқылыөміршындығын көрсетеді
  • Шығармадан әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды
  • Ұқсастықтарына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасаңыз.

КейіпкерКейіпкер бойындағы қасиеттерӨмір шындығымен байланысы жиынтығы

Ерік Таған Айна

  • Нүрке апаның бойындағы дара қасиетті анықтаңыз. Кейіпкер бойындағы қасиеттің өміршеңдігін талдаңыз.
  • Шығармада Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Бұл үзіндідегі құндылықты анықтап, әлем әдебиетіндегі шығармалармен (үзінділермен) байланыстырыңыз. Үндестігіне талдау жасаңыз.

  • Шығарманың идеясына қатысты кездесетін тағы 2 құндылықты анықтаңыз, әлем әдебиетімен үндестігін көрсетіңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағыкейіпкерлер жүйесін талдайды.

Кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетеді.

1-2

кейіпкербойындағы

қасиеттерді анықтайды;

кейіпкерлербейнесіарқылы

өмір шындығын көрсетеді;

даралық қасиетті анықтайды;

кейіпкерқасиетінің өміршеңдігін талдайды;

3

3

1

1

Шығармаданәлем

әдебиетіндегіортақ құндылықтарды анықтайды.

Үндестігіне талдау жасайды

3-4

берілгенүзіндідегі

құндылықты анықтайды;

әлемәдебиеті

шығармаларындағыортақ құндылықтармен

байланыстырып талдайды;

шығармаданөзге

құндылықтарды анықтайды;

олардыңөзараүндестігін көрсетеді.

2

2

2

2

Барлығы

16

«Уақыт және кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) (О. Бөкей «Атау кере» повесі)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы

кейіпкерлер жүйесін талдайды.

Кейіпкерлер бейнесі арқылыөмір шындығын көрсетеді.

Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтауда, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстыруда, даралық қасиетті анықтауда, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдауда қиналады.

Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтауда, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстыруда, даралық қасиетті анықтауда, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдауда қателер жібереді.

Кейіпкер бойындағы қасиеттерді анықтайды, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланыстырады,даралық қасиетті анықтайды, кейіпкер қасиетінің өміршеңдігін талдайды.

Шығармадан әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды.

Үндестігіне талдау жасайды.

Берілген үзіндідегі құндылықты анықтауда, әлем әдебиетіндегі шығармалардағыортақ құндылықтармен байланыстырып талдауда, шығармадан өзге құндылықтарды анықтауда,

үндестігін көрсетуде қиналады.

Берілген үзіндідегі құндылықты анықтауда, әлем әдебиетіндегі шығармалардағыортақ құндылықтармен байланыстырып талдауда, шығармадан өзге құндылықтарды анықтауда,

үндестігін көрсетуде қателер жібереді.

Берілген үзіндідегі құндылықты анықтайды, әлем әдебиетіндегі шығармалардағыортақ құндылықтармен байланыстырып талдайды, шығармадан өзге құндылықтарды анықтайды,

үндестігін көрсетеді.

«Уақыт пен кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі

Оқу мақсаты

11.3.3.1

шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық

тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманыкөркемдік-эстетикалыққұндылық тұрғысынан талдайды
  • Әдеби эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Берілген үзіндіде дыбыстық, сөздік және образдық құрылымды қамтитын қандай әдістер қолданылған? Кестені толтырыңыз.

Туған дала, тыным алмас жастамын, Тер төгуден, өртенуден қашпадым, Шаршағанда шалғыныңды жастанып, Шалқаласам шаңырағым аспаным.

Анау жақын, мынау алыс демеген, Ақынмын ғой көкірегімде өр өлең, Кернегенде кең дүние дүбірлі

Көз жіберем, көкжиегім керегем,

Туған дала, тоғысты да көп тілек, Көңілімді орап алды отты леп, Осы сенің тауыңа

Бір айналып кетсем бе екен... Тұрсам ба екен көк тіреп

Күдіктенбей құдіретіме көр сеніп, Мұнша неге шықтың деме белсеніп, Осы қазір нуыңа бір айналып, Кетсем бе екен

Тұрсам ба екен көк тіреп.

Туған дала, саған деген сезімім, Сан кеудеге сіңіреді өз үнін, Архивтерден атып тұрып сөз алған Арманыңмын кешегіңнің көзімін.

Жанарымда желбіретіп туларды, Артта қанша асу қалды, ну қалды, Салтанатты мейрамдарда саптағы Сеніміңмін, бүгініңмін думанды.

Дыбыстық көркемік (буын,Сөздік көркемдік (фигура,Образ жасаудағы автордың бунақ, ұйқас, ырғаққатроптарды қолдану)оралымдарына мысалдар

байланысты мысалдар)

2. Өлең мазмұны мен ақынның сөз оралымдарын қолданып, «Даланың ұлы» тақырыбына

әдеби эссе жазыңыз (100-150 cөз).

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы көркемдік- эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды

1-2

өлеңдегі идеяның берілуіне өз пікірін

білдіреді;

өлеңнің дыбыстық көркемдігін құрайтын

әдістерге мысал келтіріп, талдайды;

1

2

Әдеби эссе жазады

өлеңдеқолданылғанкөркемдегіш

құралдарға мысал келтіріп, талдайды;

2

образ жасауда автордың қолданған сөз

оралымдарына мысал келтіріп, талдайды;

2

әдеби эссе жанрын сақтайды (құрылымы

мен мысалдар келтіру);

2

ойын жүйелі, сауатты жеткізеді.

2

көркем тіл қолданыстарын (троп, фигура) ұтымды пайдаланады.

2

Барлығы

13

«Уақыт және кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманы

көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды.

Өлеңдегі идеяның берілуіне өз пікірін білдіруде, көркемдік құндылығына мысал келтіріп талдауда,эстетикалық құндылығына өлеңнен дәлел келтіріп баға беруде қиналады.

Өлеңдегі идеяның берілуіне өз пікірін білдіруде, көркемдік құндылығына мысал келтіріп талдауда, эстетикалық құндылығына өлеңнен дәлел келтіріп баға беруде қателер жібереді.

Өлеңдегі идеяның берілуіне өз пікірін білдіреді, көркемдік құндылығына мысал келтіріп талдайды,эстетикалық құндылығына өлеңнен дәлел келтіріп баға береді.

Әдеби эссе жазады

Әдеби эссе жанрын сақтауда, ойын жүйелі сауатты жеткізуде, көркем тіл қолданыстарын (троп, фигура) ұтымды пайдалануда қиналады.

Әдеби эссе жанрын сақтауда, ойын жүйелі сауатты жеткізуде, көркем тіл қолданыстарын (троп, фигура) ұтымды пайдалануда қателер жібереді.

Әдеби эссе жанрын сақтайды, ойын жүйелі сауатты жеткізеді, көркем тіл қолданыстарын (троп, фигура) ұтымды пайдаланады.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Оқу мақсаты

11.1.1.1

11.2.2.1

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну шығармадағы авторлық идеяның өмір

шындығымен байланысын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармағасюжеттік-композициялықталдау жасайды
  • Жанрлық ерекшелігін көрсетеді
  • Шығарма идеясын талдайды
  • Өмір шындығымен байланысын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз. Басталуы Байланысы Дамуы Шиеленісі Шарықтау шегі Шешімі
  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтаңыз, дәлелдеңіз.

1)

2)

3)

4)

  • Романның негізгі идеясына талдау жасаңыз. Маңыздылығына көзқарсыңызды білдіріңіз.
  • Шығарма идеясының өмір шындығымен байланысына талдау жасаңыз. Ойыңызды шығармадан 3 мысалмен дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармағасюжеттік- композициялықталдау

жасайды

1

шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын көрсетеді;

6

Жанрлықерекшелігін көрсетеді

2

шығарманың 4 жанрлық ерекшелігін анықтайды;

4

Шығармаидеясын талдайды

Өміршындығымен байланысын анықтайды

3-4

романның идеясына талдау жасайды,

өзіндік көзқарасын білдіреді;

идеяны өмір шындығымен байланысын

анықтап, талдайды;

шығармадан3мысаларқылы

дәлелдейді.

2

2

3

Барлығы

17

«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасайды

Жанрлық ерекшелігін түсінеді

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын көрсетуде, шығарманың 4

жанрлық ерекшелігін (уақыт, кеңістік, оқиғалар желісі, кейіпкелер жүйесі) анықтауда қиналады.

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын көрсетуде, шығарманың 4 жанрлық ерекшелігін (уақыт, кеңістік, оқиғалар желісі, кейіпкелер жүйесі) анықтауда қателеседі.

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын көрсетеді, шығарманың 4 жанрлық ерекшелігін (уақыт, кеңістік, оқиғалар желісі, кейіпкелер жүйесі) анықтайды.

Шығармаидеясын талдайды

Өміршындығымен байланысын

анықтайды

романның идеясына талдау жасауда, көзқарасын білдіруде, идеяның өмір шындығымен байланысынанықтауда,, шығармадан 3 мысал арқылы дәлелдеуде қиналады.

Романның идеясына талдау жасауда, көзқарасын білдіруде, идеяның өмір шындығыменбайланысын анықтауда, шығармадан 3 мысал арқылы дәлелдеуде қателер жібереді.

Романның идеясына талдау жасайды, көзқарасын білдіреді, идеяның өмір шындығымен байланысынанықтайды, шығармадан 3 мысал арқылы дәлелдейді.

«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Оқу мақсаты

11.3.2.1

көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі

заман көрінісін салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағы заман көрінісін анықтайды
  • Қазіргі заман көрінісімен салыстырып бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасында қазіргі заманның шындығы айқын көрініс тапқан тұстарды (кем дегенде 3 факт) анықтаңыз.
  • «Пәтер іздер жүр едік» шығармасындағы заман көрінісін бүгінгі замандағы мәселемен байланыстырыңыз. Жас отбасының басындағы қиындықты қазіргі жас отбасылардың мәселелерімен салыстырып пікіріңізді білдіріңіз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы заман

көрінісін анықтайды

Қазіргізаман көрінісімен салыстырып

бағалайды

1-2

шығармадағызаманкөрінісінанықтайды

(кемінде 3 факт);

шығармадағы заман көрінісін қазіргі кездегі

мәселелермен байланыстырады;

жасотбасыныңкездесетінқиындықтарын

талдайды;

жас отбасыларды қолдау бойынша мемлекеттік

бағдарламаларға пікір білдіреді;

дәлелді аргументтер келтіреді;

ойын жүйелі тұжырымдайды.

3

1

1

1

2

1

Барлығы

9

«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағызаман көрінісін бағалайды

Қазіргізаман көрінісімен салыстырып бағалайды

Шығармадағы заман көрінісін анықтауда, заман көрінісін қазіргі кездегімәселелермен байланыстыруда, жас отбасының кездесетінқиындықтарын талдауда, жас отбасыларды қолдау бойыншамемлекеттік бағдарламаларға пікір білдіруде, дәлелді аргументтер келтіруде, ойын жүйелі тұжырымдауда қиналады.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу мақсаты

11.1.5.1

11.2.3.1

ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру

шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағыұлттыққұндылықтардың маңыздылығын анықтайды
  • Ғаламдық құндылықтармен байланыстырады
  • Шығармаидеясынберудегікөркемдегіш құралдардың қызметін талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • «Абай жолы» романының «Қайтқанда» және «Қат-қабатта» бөлімдері бойынша кестені толтырыңыз.

Шығармадағы ұлттық құндылықтардыңҒаламдық құндылықтардың маңыздылығы маңыздылығы

  • Шығармадағы ұлттық және ғаламдық құндылықтардың байланысын талдаңыз, тұжырым жасаңыз.
  • Төменде берілген аңыздың көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.

Тобықты елі мен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш-төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты. Мұса кезекті бір сөзінде: "Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті:

Пұт болдым деп мақтанба, Пұттан ауыр батпан бар.

Биікпін деп мақтанба, Асқар-асқар таулар бар. Ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп, Тосылмаймын енді деп, Алдаушы жалған дүниеге, Ғалып болып азбаңдар,

Қарсы келген дұшпаның,

Басын келіп изесе, Оған да қыл бостандық,

Аяққа салып баспаңдар.

Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Басыңа қарапайым бір іс түссе,

Қылды деп білместікпен шамалайды. "Адам басы алланың добы" деген, Дәм тартса әр тарапқа домалайды.

"Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел.

Көркемдегіш құралдар1.

2.

3.

4. Мәтін идеясын анықтаңыз, көркемдегіщ құралдардың мәтін идеясымен байланысын талдаңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағыұлттық құндылықтардың

маңыздылығын анықтайды

Ғаламдық құндылықтармен байланыстырады

1-2

 бөлімдердіңмазмұныменидеясы негізіндеұлттыққұндылықтарды

анықтайды;

құндылықтардыңмаңыздылығын

талдайды;

ғаламдыққұндылықтардың

маңыздылығын талдайды;

ұлттық және ғаламдық құндылықтардың

байланысын талдайды;

басқа шығармаларға сілтеме жасайды;

өзіндік тұжырым жасайды;

1

1

1

2

1

1

Шығарма идеясын берудегі көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды

3-4

кемінде 3 көркемдегіш құралдың түрін

ажыратады;

көркемдегішқұралдардыңқолдану

мақсатын түсіндіреді;

мәтіннің идеясын анықтайды;

көркемдегішқұралдардыңмәтін

идеясымен байланысын талдайды;

3

3

1

1

Барлығы

15

.

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Ұлттық

құндылықтардың маңыздылығын анықтайды Ғаламдық тақырыптармен байланыстырады

Бөлімдердің мазмұны мен идеясы негізінде ұлттық құндылықтарды анықтап; ұлттық және ғаламдық құндылықтардың байланысын талдай отырып, басқа шығармаларға сілтеме жасауда; өзіндік тұжырым жасауда қиналады.

Бөлімдердің мазмұны мен идеясы негізінде ұлттық құндылықтарды анықтап; ұлттық және ғаламдық құндылықтардың байланысын талдай отырып, басқа шығармаларға сілтеме жасауда; өзіндік тұжырым жасауда қателер жібереді.

Бөлімдердің мазмұны мен идеясы негізінде ұлттық құндылықтарды анықтап; ұлттық және ғаламдық құндылықтардың байланысын талдай отырып, басқа шығармаларға сілтеме жасайды; өзіндік тұжырым жасайды;

Шығармаидеясын талдай отырып, идеяға көркемдегіш құралдардың

байланысын талдайды

Көркемдегіш құралдың түрлерін ажыратуда,көркемдегіш құралдардың қолдану мақсатын түсіндіруде, мәтіннің идеясын анықтауда, көркемдегіш құралдардың мәтін идеясымен байланысын талдауда қиналады.

Көркемдегіш құралдың түрлерін ажыратуда, көркемдегіш құралдардың қолдану мақсатын түсіндіруде, мәтіннің идеясынанықтауда, көркемдегіш құралдардың мәтін идеясымен байланысын талдауда қателер жібереді.

Көркемдегіш құралдың түрлерін ажыратады,көркемдегіш құралдардың қолдану мақсатын түсіндіреді, мәтіннің идеясын анықтайды, көркемдегіш құралдардың мәтін идеясымен байланысын талдайды.

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу мақсаты

11.3.1.1

шығарманыәлемәдебиетіүлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын

бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады
  • Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Төмендегі кестені толтырыңыз, берілген ақпараттар бойынша салыстырыңыз.

Тарихи құндылығы туралыКөркемдік құндылығы

туралы

М.Әуезов «Абай жолы»

Әлем әдебиетінен 1 үздік шығарма

(өз таңдауыңыз бойынша)

  • М. Әуезовтің«Абай жолы» роман-эпопеясын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады

1

шығармалардыңтарихиқұндылығына

қатысты ойын ұсынады;

шығармалардыңкөркемдікқұндылығына

қатысты ойын ұсынады;

2

2

Тарихижәне көркемдік

құндылығын бағалайды

2

шығарманың ұқсастықтарын талдайды;

шығармалардыңайырмашылықтарын

талдайды;

шығармалардың тарихи құндылығына сыни

пікір білдіреді;

шығармалардыңкөркемдікқұндылығын

сыни пікір білдіреді;

көзқарасын дәлелдейді.

1

2

2

2

1

Барлығы

12

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманыәлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады

Шығармалардыңтарихи құндылығына қатысты ойын ұсынуда,шығармалардың көркемдік құндылығына қатысты ойын ұсынуда қиналады.

Шығармалардыңтарихи құндылығына қатысты ойын ұсынуда, шығармалардың көркемдік құндылығына қатысты ойын ұсынуда қателер жібереді.

Шығармалардыңтарихи құндылығына қатысты ойын ұсынады,шығармалардың көркемдік құндылығына қатысты ойын ұсынады.

Тарихиқұндылығын бағалайды

Шығарманыңұқсастықтарын талдауда,шығармалардың айырмашылықтарын талдауда, шығармалардыңтарихи құндылығын, шығармалардың көркемдік құндылығын бағалауда, көзқарасын дәлелдеуде қиналады.

Шығарманыңұқсастықтарын

талдауда,шығармалардың айырмашылықтарынталдауда, шығармалардың тарихи құндылығын, шығармалардыңкөркемдік құндылығын бағалауда, көзқарасын дәлелдеуде қателер жібереді.

Шығарманыңұқсастықтарын талдайды,шығармалардың айырмашылықтарын талдайды, шығармалардыңтарихи құндылығынбағалайды;

шығармалардыңкөркемдік

құндылығынбағалайды; көзқарасын дәлелдейді.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу мақсаты

11.1.4.1

11.2.4.1

көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үзінділерді,қанаттысөздерді,дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарында қолданады
  • Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Қызыл кітап — Бұл өзі қызық кітап:

Тысы жұқа,

Астары қалыңырақ! – өлең жолдардың мағынасын талдаңыз.

  • Қ. Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасынан үзінділер қолдана отырып, болашақ ұрпаққа хат жазыңыз. Шығармада көтерілген мәселені талдауда өзіндік көзқарасыңызды қандай шығармашылық жұмыс арқылы жеткізетініңізді РАФТ әдісімен көрсетіңіз.

Рөл

Аудитория Форма

Тақырып

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Үзінділерді,қанатты

сөздерді,дәйексөздерді шығармашылық

жұмыстарында қолданады

1

өлеңжолдарыныңмағынасын

түсіндіреді

1

Көтерілгенмәселеге

өзіндіккөзқарас тұрғысынан шығармашылықжұмыс жазады

2

шығармаданүзінділермен

дәйексөздерді орынды қолданады;

рөлін,аудиториясын,формасын, тақырыбын анықтайды;

шығармадағыкөтерілгенмәселені

талдайды, тақырыбын ашады;

шығармашылықжұмысформасын

(жанрын) сақтайды;

көркемдегіш құралдарды қолданады;

креативтілігін танытады1

1

4

2

1

1

1

Барлығы

11

«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Үзінділерді, қанатты сөздерді, дәйексөздерді шығармашылық

жұмыстарында қолданады

Өлеңжолдарынталдауда, мазмұнын ашуда қиналады.

Өлең жолдарын талдауда, мазмұнын ашуда, қателер жібереді.

Өлеңжолдарынталдайды, мазмұнын ашады.

Көтерілгенмәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазады

Рөлін, аудиториясын, формасын, тақырыбынанықтауда, шығармадағы көтерілген мәселені талдауда, тақырыбын ашуда, шығармашылық жұмыс формасын (жанрын)сақтауда,тұрақты тіркестерменқанаттысөздер (мақал)орындықолдануда қиналады.

Рөлін, аудиториясын, формасын, тақырыбын анықтауда, шығармадағы көтерілген мәселені талдауда, тақырыбын ашуда, шығармашылық жұмыс формасын (жанрын) сақтауда, тұрақты тіркестер мен қанатты сөздер (мақал) орынды қолдануда қателер жібереді.

Рөлін, аудиториясын, формасын, тақырыбынанықтайды, шығармадағы көтерілген мәселені талдайды, тақырыбын ашады, шығармашылық жұмыс формасын (жанрын) сақтайды, тұрақты тіркестер мен қанатты сөздер (мақал) орынды қолданады.

«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

Оқу мақсаты

11.3.4.1

шығарманыидеялықжағынанмазмұндас

туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманыидеялықжағынанмазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы көтерілген мәселені идеялық жағынан мазмұндас шығармалармен салыстырыңыз.

«Тойдан қайтқан қазақтар»

«.................................»

мазмұндас шығарма

  • Төмендегіпікірдінегізгеалаотырып,кестедегіақпараттарменбайланыстырып, шығармада көтерілген мәселе мен идеяға қатысты әдеби сын жазыңыз.

 Екі бөлімді, тоғыз көріністі «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясы – заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесаның арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. Бұл туынды жұртты еріксіз саналы ойға жетелейді. Спектакль өмірдің өзінен ойып ала салғандай баршамызға етене таныс оқиға өзегіне құрылған. Тойдан қайтқан масаң адамдар шайқалақтап, даурығысып, бірін-бірі жөн- жосықсыз асыра марапаттап келеді. Сол сәтте олардан асар шешен де, дана да, батыр да жоқ. Жел сөзге марқайып, талтаңдап, жер баса алмай келе жатқан Мэлс Әлібаевич сияқты азаматтар да бізге таңсық емес, күнде көріп жүрміз. Мұның бәрі қоғам кемшілігі... Елді ілгері бастырмай келе жатқан осындай адамдар екенін шығарма желісі алдыңа жайып салады. Ішкенге мәз, жегенге тоқ осындай адамдардың іс-әрекеттеріне қынжыласың.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/27666/

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы

идеялықжағынан мазмұндас

туындылармен салыстырып,әдеби сын жазады.

1

идеясымазмұндасшығармалармен

айырмашылығын көрсетеді;

идеясымазмұндасшығармалармен

ұқсастығын көрсетеді;

осы шығарма туралы пікірлерді негізге ала отырып,шығармаидеясынапікір

білдіреді;

кестедегі ақпараттарды қолданады;

әдебисынжанрлықерекшеліктерін

ұстанады;

2

1

2

3

1

Барлығы

9

 «Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманыидеялық жағынанмазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады

Идеясымазмұндас шығармалармен айырмашылығын көрсетуде, идеясы мазмұндас шығармаларменұқсастығын көрсетуде, осы шығарма туралы пікірлерді негізге ала отырып, шығарма идеясына пікір білдіруде, кестедегі ақпараттарды қолдануда, әдебисынжанрлық

ерекшеліктерінұстануда қиналады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы