👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып Т2


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау

9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
  • Сөздердіқолданып,мақсаттыаудиторияғасай ауызша мәтіндер құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжаңыз. Себебін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды бірінші бағанға жазыңыз.

Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер: Жазу жүйесі, көне түркі мұралары, араб графикасы, қазақ әліпбиі, латын графикасы, «Латын графикасына көшу қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» (Н.Ә.Назарбаев).

 Менің болжамымМәтін тақырыбы және көтерілген мәселе Тақырып:Тақырып:

Мәселе:Мәселе:

  • Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.

 Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы – қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов,

А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ

әліпбиін жасaды. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жaзылды. 1929- 1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпби қолданылуда.

 Қазіргі кездe қоғамдa лaтын әліпбиінe көшу мәселесі көтеpілy үстінде. Ел арасында түрлі пікірлер айтылады. Біреулері қолдаса, кейбірі әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, көп қаражат, сонымен қатар интеллектуалдық күш-жігер керек деген көзқараста.

 Ал еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Латын графикасына көшу қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», – деген болатын. Сондықтан біздің латын әліпбиіне көшуіміз әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру жолындағы маңызды қадам болмақ.

3. Сіз қалаңыздағы жастар форумына қатысуға шақырту алдыңыз. Жастарға арнап латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызы туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтін мазмұнында келесі сөздер және сөз тіркестерін қолданыңыз: жаһандану дәуірі, тіл тазалығы, сауаттылық деңгейі, ғылым мен техника тілі, тіл үйрену, қазақ жазуының тарихы, көршілес елдер тәжірибесі.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Фразалармен

дәйексөздерге сүйеніп,

тақырыппен

көтерілетінмәселені

болжайды

1-2

  • кілтсөздерарқылытақырыпты болжайды;
  • дәйексөз арқылы мәтінде көтерілетін мәселеге болжам жасайды;
  • мәтін бойынша тақырыпты анықтайды;
  • мәтінмазмұныбойыншакөтерілген мәселені нақтылайды.

1

1

1

1

Сөздердіқолданып,

мақсаттыаудиторияға

сайауызшамәтіндер

құрастырады

3

  • тақырып туралы ауызша мәтін құрайды;
  • мақсатты аудиторияны ескереді;
  • берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
  • латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызын айтады;
  • стиль мен жанр ерекшелігін сақтайды;
  • мәтін құрылымын сақтайды.

1

1

1

1

1

1

Барлық балл:

10

«Қазақ жазуының даму жолы» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Фразалармен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды

Кілт сөздер мен дәйексөздер арқылы тақырып пен көтерілетін мәселені болжауда қиналады.

Кілт сөздер мен дәйексөздер арқылытақырыппен көтерілетін мәселені болжауда қателеседі.

Кілт сөздер мен дәйексөздер арқылы тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды.

Сөздердіқолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады

Мәтін құрылымы мен мақсатты аудиторияға сай ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерінқолданып, тақырып бойынша ауызша мәтін құрауда қиналады.

Мәтін құрылымы мен мақсатты аудиторияға сай ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, тақырып бойынша ауызша мәтін құрауда қателеседі.

Мәтін құрылымы мен мақсатты аудиторияға сай ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды.

«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.3.4.1.Мәтіндердіңстилін,жанрлықерекшелігін салыстырып, талдау жасау

9.4.3.1. Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
  • Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей деңгейлері

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.

А мәтініӘ мәтіні

Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.«Халықаралық бағдаршам күні» 1914 Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,оқиғаға байланысты тойланады. Бұл күні Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.Американың Кливленд қаласында алғашқы Қамданыңдар Болашақ деген елге,заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы Қандай біз сый-сияпат апарамыз?шыққан болатын.

Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,Алайда ең алғашқы бағдаршамды Кеселін тигізеді сапарға алда.британдық Джей Найт есімді азамат XIX He бетімізді айтамыз Болашаққа?ғасырда ойлап тапты. Ол тек екі түсті Жат қылықты қалдырмай апарғандашамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге Жамандық атаулыны қалдырыңдар,ауысқанда дыбыс шығаратын болған. Бұл Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы Лондон Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,парламенті орналасқан көшеге қойылды. Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың жарық шамы жарылып, абайсызда жақын бар,тұрған полиция сақшысын зақымдаған Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы

М. Мақатаев ұмыт қалған.

 1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, Америка және Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла

бастаған.

  • Берілген кестені толтырыңыз.

А мәтіні

Ә мәтіні

Стилі, себебі ...

Жанры, себебі ...

Ұқсастығы

Айырмашылығы

  • Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз.

Афоризмдер:

    • Жол сұрамай, жолға түспе.
    • Жол сұраған адаспайды.
    • Жолаушыны жол сынайды.

Бағалау критерийі

Тапсыр ма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндердіңстилін,

- мәтіндердің стилін анықтайды;

1

жанрлықерекшелігін

- мәтіндердің жанрын анықтайды;

1

ажыратады

1

  • стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;
  • жанр ерекшеліктеріне дәлел келтіреді;

1

1

- ұқсастығын салыстырады;

1

- айырмашылығын ажыратады;

1

Жазбажұмысында

- күнделіктің жазу талаптарын сақтайды;

1

афоризмдерді қолданады

- саяхат барысындағы қызықты оқиғаны

2

баяндайды;

- кездескен қиындығы туралы сипаттайды;

1

1

- алған әсерімен бөліседі;

1

- ұсынылған афоризмдерді қолданады.

1

Барлық балл:

11

«Жолың болсын, жолаушы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндердіңстилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады

Мәтіндердіңстильдерін,

жанрларынсалыстырып, ерекшеліктерін ажыратуда қиналады.

Мәтіндердіңстильдерін,

жанрларынсалыстырып, ерекшеліктерінажыратуда қателеседі.

Мәтіндердіңстильдерін,

жанрларынсалыстырады, ерекшеліктерін көрсетеді.

Жазбажұмысында афоризмдерді қолданады

Мазмұндық және жанрлық талаптарына сәйкес күнделік жазуда және афоризмдерді қолдануда қиналады.

Мазмұндық және жанрлық талаптарына сәйкес күнделік жазуда және афоризмдерді қолдануда қателеседі.

Мазмұндық және жанрлық талаптарына сәйкес күнделік жазады және афоризмдерді қолданады.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.4.1 Орта көлемді поэзиялық, прозалық шығармалардан үзінді тыңдау (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру

9.2.3.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді
  • Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ұрлық

 Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.

 Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады.

 Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.

    • Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.

1.

2.

    • Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді 4-

5 сөйлеммен түсіндіріңіз.

    • Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс, екпін, интонацияны ескеріңіз.
      • Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
      • Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?
      • Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады?
      • Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?

Бағалау критерийі

Тапс ырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тыңдалғанпоэзиялық,

прозалықүзінділердегі

(тұрмыстық,әлеуметтік,

қоғамдық) мәселені анықтап,

пікір білдіреді

1-2

  • 1 қоғамдық мәселені анықтайды;
  • 1 тұрмыстық мәселені табады;
  • таңдау жасаған мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады;
  • өз пікірін 4-5 сөйлеммен білдіреді.

1

1

1

1

Жағдаятқасайинтонация,

кідіріс,логикалықекпінді

қолданып, ойын жеткізеді

3

  • тақырып бойынша сұрақ қояды;
  • сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
  • тақырыпты ашады;
  • кідіріс,екпін,интонацияныорынды қолданады.

1

1

1

1

Барлық балл:

8

«Заң қоғамның тірегі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық)мәселені анықтап, пікір білдіреді

Үзіндіденқоғамдық, әлеуметтік мәселені анықтап, бүгінгі күнмен байланыстыра пікірін білдіруде қиналады.

Үзіндіден қоғамдық, әлеуметтік мәселені анықтап, бүгінгі күнмен байланыстыра пікірін білдіруде қателеседі.

Үзіндіден қоғамдық, әлеуметтік мәселені анықтап, бүгінгі күнмен байланыстыра пікірін білдіреді.

Жағдаятқасай

интонация,кідіріс,

логикалықекпінді

қолданып,ойын жеткізеді

Тақырып бойынша сұрақ қоюда, кідіріс, екпін, интонациянықолданып, диалоке түсуде қиналады.

Тақырып бойынша сұрақ қоюда, кідіріс, екпін, интонацияны қолданып, диалоке түсуде қателеседі.

Тақырып бойынша сұрақ қояды,кідіріс,екпін, интонациянықолданып, диалоке түседі.

«ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру

9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шолу жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді
  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді.

Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.

 Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.

 Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын.

 Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан бар.

Мәтіннің негізгі ойы

  • Сіздің ойыңызша, Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет пе? Ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз.
  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
  • Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: »
  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»
  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».

3. Қалаңызда «Тұңғыш Президент күні» мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Өткізілген іс- шаралар туралы шолу жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсыр ма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қосымшамәліметтер

1

-мәтін бойынша қорытынды жасайды;

1

негізіндеқорытынды

-сұрақ бойынша пікірін білдіреді;

1

жасайды,көзқарасын

-себебін түсіндіреді;

1

білдіреді

-себебін дәлелдейді;

1

-өз ойын қорытындылайды;

1

Жанрлықжәне

2

-стильдік ерекшелігін сақтайды;

1

стильдік ерекшелігіне

-жанрлық талаптарын сақтайды;

1

сәйкес шолу жазады

-өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат береді;

1

-тақырыпты ашады.

1

Барлық балл:

9

«ҚР Тұңғыш Президенті күні Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді

Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, сұрақ бойынша пікірін білдіріп, себебін түсіндіріп, дәлелдеуде, өз ойынқорытындылауда қиналады.

Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, сұрақ бойынша пікірін білдіріп, себебін түсіндіріп, дәлелдеуде, өз ойын қорытындылауда қателеседі.

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды, сұрақ бойынша пікірін білдіріп, себебін түсіндіріп, дәлелдейді, өз ойын қорытындылайды.

Жанрлық және стильдік ерекшелігінесәйкес шолу жазады

Стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтап, шолу жазуда қиналады.

Стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтап, шолу жазуда қателеседі.

Стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтап, тақырыпты ашып, шолу жазады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
  • Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.

 Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:

 «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.

 ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.

 «ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!

    • ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген _ 1,8 есе өсті.
    • Көрме барлық елдің потенциалын көрсетуге жол ашты.
    • Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды

дәлелдеді.

    • Көрме кешені мақсатта одан әрі қызмет ететін болады.
  • Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сөздермен

терминдердің мағынасын түсінеді

1

-босорындарғақажеттісөздермен терминдерді қояды;

4

Қажетті аргументтерді

- тақырыпты ашады;

1

қолданып, тақырыпқа

2

- стильдік талаптарды сақтайды;

1

сай диалог, полилогқа

- сұраққа қатысты пікір білдіреді;

1

қатысады

- өз пікіріне аргументтер келтіреді;

1

- тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді.

1

Барлық балл:

9

«ЭКСПО-2017 Қазақстанның белесі» ортақ тақырыбы бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қиналады.

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қателеседі.

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді дұрыс қояды.

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады

Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлеуде қиналады.

Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлеуде қателеседі.

Сұрақ бойынша пікір білдіреді, аргумент келтіреді, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлейді.

«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлеріОқылым

Жазылым

Оқу мақсаты9.3.4.1 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

        • Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу

Бағалау критерийіБілім алушы:

          • Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
          • Ұсынылғаншешімніңартықшылығымен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтіндерді оқып. стилін, жанрын салыстырыңыз. Ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

  • Сәлеметсіз бе, мына алмаларыңыз қаншадан?

- 500 теңге...

  • Імм, ммм... Неге СОНША қымбат?
  • Бұл алмалар шетелден әкелінген. Құрты жоқ. Ұялмай қоясың дастарқанға. Өте дәмді. Үп-үлкен... Салып берейін, қанша келі аласыз?
  • Жо-жоқ, бұл алмалар гендік модификацияланған өнімдер ғой. Оның пайдасынан зияны көп. Сырты жылтыр болғанмен, денсаулыққа зиян. Маған анау тұрған өзіміздің жергілікті жердің құрт жеген алмасынан беріңіз...

Жасанды гендік модификация дегеніміз

– лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін, түрлі вирустар мен ауруларға, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы әрі ұзақ сақталатын, өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.

  • «ГМӨ-ның пайдасы басым ба, әлде зияны ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Мәселенің екі жағын қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсыр ма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндердіңстилін,

жанрлықерекшелігін

ажыратады

1

  • екі мәтіннің стилін анықтайды;
  • екі мәтіннің жанрын табады;
  • мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;
  • мәтіндердіңжанрлықерекшелігін айқындайды;
  • ұқсастықтарын анықтайды;
  • айырмашылықтарын анықтайды;

1

1

1

1

1

1

Ұсынылғаншешімнің

артықшылығымен

кемшіліктерін

салыстырып,эссе

жазады

2

  • эссе құрылымын сақтайды;
  • логикалық бірізділікті сақтайды;
  • мәселебойыншаөзпозициясын білдіреді;
  • сұраққа қатысты пікірін білдіреді;
  • пікіріне аргументтер келтіреді;
  • аргументтерді түсіндіреді;
  • мәселенің шешімін ұсынады.

1

1

1

1

1

1

1

1

Барлық балл:

14

«Биотехнология жаңалықтары» ортақ тақырыбы бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндердіңстилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қианалады.

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қателеседі.

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.

Ұсынылғаншешімнің артықшылығымен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап,мәселеге өз көзқарасын білдіруде және оны аргументтермен дәлелдеп, түсіндіруде,қорытынды жасауда қиналады.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдірудежәнеоны аргументтермендәлелдеп, түсіндіруде,қорытынды жасауда қателеседі.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіредіжәнеоны аргументтермендәлелді, түсіндіріп,қорытынды жасайды.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1Әлеуметтік-қоғамдықтақырыптараясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
  • Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

 Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.

 XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

 XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда

А. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген адам санының өсімін тұрақтандырды.

В. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық

жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала

өлімін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттырды.

С. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан , білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.

Қажетті сөздер: көмектер, құбылыс, ахуал, жетістіктер, қызмет көрсету, отбасын құру

  • Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Сөз немесе сөз тіркесі

Анықтамасы

1. өсім

А. халық санының тез өсуі

2. шоғырланған

В. халық санының артуы

3. демографиялық жарылыс

С. өндірістің қарқынды дамуы

4. өнеркәсіптік революция

Д. қоныстанған

1

2

3

4

  • Сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіңіз. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда бастапқы ойдың сақталуын ескеріңіз.

Cөйлемдер

Перифраздалған сөйлемдер

XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицинаменжаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды.

Медицина мен жаратылыс...

XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халықсаныныңартуы

«демографиялықжарылыстың» туындауына себепші болды.

«Демографиялық жарылыстың»...

Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.

Білім деңгейінің төмендігіне...

Кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды.

Халықаралық гуманитарлық...

  • Диаграммамен танысыңыз.

Жағдаят: Сіз география пәні бойынша 1997-2013 жылдар аралығындағы Қазақстанның иммиграциясы мен эмиграциясын зерттеп жүрсіз. Зерттеуіңіздің шағын таныстырылымын

мектепшілік оқушылар арасындағы конференцияда таныстырыңыз. Осы жылдардағы иммиграция мен эмиграция жағдайын салыстырып, пікір білдіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сөздермен

терминдердің мағынасын

түсінеді

1-2

  • сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің

орнынақажеттісөздермен терминдерді қояды;

  • сөздер мен олардыңанықтамасын сәйкестендіреді;

3

4

3

- сөлемдерді перифраз

өзгертіп жазады; 1-сөйлем

2-сөйлем 3-сөйлем 4-сөйлем

тәсілімен

1

1

1

1

Кесте,диаграмма,

шарттыбелгілермен сызбалардаберілген ақпараттарды салыстырып,пікір білдіреді

4

  • диаграммададанқажеттіақпаратты

алады;

  • таныстырылым жасайды;
  • жағдайға өзінің пікірін білдіреді;
  • қорытынды жасайды.

1

1

1

1

Барлық балл:

15

«Жаһандық мәселе: демография» ортақ тақырыбы бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардыңанықтамасын сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қиналады.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардыңанықтамасын сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қателеседі.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөздер мен олардыңанықтамасын сәйкестендіреді, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.

Кесте,диаграмма, шарттыбелгілермен сызбалардаберілген ақпараттарды салыстырып,пікір білдіреді

Диаграммадағы ақпараттарды қолданыптаныстырылым жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қиналады.

Диаграммадағы ақпараттарды қолданыптаныстырылым жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қателеседі

Диаграммадағы ақпараттарды қолданыптаныстырылым жасайды, өз пікірін білдіріп, қорытындылайды.

«Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.3.1.1Мәтіндегіақпараттыңөзектілігінанықтау, қорытынды жасау

9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәтінненмаңыздыақпараттардыанықтап, қорытынды жасайды
  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация нұсқаулық жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз.

«ПОПС формуласы»

Менің ойымша, ...

Оны былай түсіндіремін: ...

Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ... Ойымды былай қорытындылаймын: ...

Роботтардың пайдасы мен зияны

 ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.

 Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.

 Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай

түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек.

 Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.

 Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.

 Қайрат Н.Б., ҚазМҰУ-нің Филология факультетінің студенті

2. Н.Б. Қайраттың «Роботтардың пайдасы мен зияны» мақаласы бойынша аннотация жазыңыз.

Жағдаят: Сабақта аннотация қалай жазылатынын меңгердіңіз және мұғалім үйге әдеби шығарма немесе мақала бойынша аннотация жазып келуді тапсырды.

Бағалау критерийі

Тапсыр ма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінненмаңызды

1

-мәтіндегі өзекті мәселені анықтайды;

1

ақпараттарды

-себебін түсіндіреді;

1

анықтап, қорытынды

-мәселенің өзектілігіне дәлел келтіреді;

1

жасайды

-мәселе бойынша қорытындыға келеді;

1

Жанрлықжәне

2

-стильдік ерекшелігін сақтайды;

1

стильдік

-аннотация талаптарын сақтайды;

1

ерекшелігінесай

-құрылымды сақтайды;

1

аннотация

-жұмысқа өзінің бағасын береді;

1

нұсқаулық жазады

-мәтіндегі ақпаратты қолданады.

1

Барлық балл:

9

«Роботтар мен киборгтер әлемі» ортақ тақырыбы бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінненмаңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды

Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде және дәлелдер келтіруде, қорытынды жасауда қиналады.

Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде және дәлелдер келтіруде, қорытынды жасауда қателеседі.

Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіреді және дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.

Жанрлық және стильдік ерекшелігінесай аннотация нұсқаулық жазады

Ақпараттардықолдана отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазуда, шығармаға баға беруде қиналады.

Ақпараттарды қолдана отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазуда, шығармаға баға беруде қателеседі.

Ақпараттарды қолдана отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазады, шығармаға баға береді.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы