Қазақстан тарихы_7 сынып


«Қазақстан тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

7-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Оқу мақсаты

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдай жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

«XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ хадығының ішкі жағдайы» тақырыбында 100-150 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Эссе критерийлері:

  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы кемінде 3 дерек келтіру;
  • Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 3 оқиғаны жазу;
  • Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандардың іс-әрекеттеріне баға беру;
  • Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан батырлардың іс-әрекеттеріне баға беру.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдау жасайды

қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 1- дерек келтіреді;

қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 2- дерек келтіреді;

қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 3- дерек келтіреді;

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 1- оқиғаны жазады;

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 2- оқиғаны жазады;

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 3- оқиғаны жазады;

қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандардың іс-әрекеттеріне баға береді;

қазақ хандығының дамуына үлес қосқан батырлардың іс-әрекеттеріне баға береді.

1

1

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл 8

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдау жасайды

Қазақ хандығының ішкі жағдайы туралы 1/2/3 дерек келтіруде, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 1/2/3 оқиғаны жазуда, қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандар мен батырлардың іс-әрекеттеріне баға беруде қиналады

«XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Оқу мақсаты

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді
  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Қазақ жерінің Ресей империясының қосылу барысын ретімен орналастырыңыз.

Дұрыс жауапты ретімен орналастырыңыз.

2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаңыз.

Абылай ханның ішкі саясатының бағыттары

1

2

Абылай ханның сыртқы саясатының бағыттары

1

2

Ханның саясатының тиімділігіне баға беріңіз

1-дәлел:

2-дәлел:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді

1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 1-оқиғаны анықтайды;

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 2- оқиғаны анықтайды;

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 3-оқиғаны анықтайды;

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 4- оқиғаны дұрыс анықтайды;

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 5- оқиғаны анықтайды;

1

1

1

1

1

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

2

Абылай ханның ішкі саясаттағы 1 -бағытын сипаттайды;

Абылай ханның ішкі саясаттағы 2 -бағытын сипаттайды;

Абылай ханның сыртқы саясаттағы 1 -бағытын сипаттайды;

Абылай ханның сыртқы саясаттағы 2 -бағытын сипаттайды;

Абылай ханның саясатының тиімділігіне 1-дәлел келтіреді;

Абылай ханның саясатының тиімділігіне 2-дәлел келтіреді.

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді

Қазақ жерінің Ресей империясының қосылу барысын 1/2/3/4/5 ретімен орналастыруда қиналады

Қазақ жерінің Ресей империясының қосылу барысын 1/2/3/4/5 ретімен орналастыруда қателіктер жібереді

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін сипаттайды

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

Абылай ханның ішкі 1/2 және сыртқы 1/2 саясатының бағыттарын талдауда, 1/2 саясатының бағыттарына баға беріп, дәлелдер келтіруде қиналады

Абылай ханның ішкі 1/2 және сыртқы 1/2 саясатының бағыттарын талдауда, 1/2 саясатының бағыттарына баға беріп, дәлелдер келтіруде қателіктер жібереді

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына баға береді

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Оқу мақсаты

7.2.1.1 Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау

7.2.2.4 Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  •  Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын сипаттайды
  •  Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сипаттап, құндылығы мен маңыздылығын анықтаңыз.

Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып

Сипаттама

Құндылығы мен маңызы

Ерулік

Жылу жинау

Асар

2. «XVIII ғасыр қазақ халқының қолданбалы өнерінің гүлденген дәуірі» тақырыбына, ПТМС формуласын қолданып баға беріңіз.

Позиция «XVIII ғасыр қазақ халқының қолданбалы өнерінің гүлденген дәуірі деп санауға болады/болмайды?» Түсіндіру (себебі...)

Мысал (мұны мынадай 2 мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (қорытынды жасаймын....)

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын сипаттайды

1

ерулік әдет-ғұрпының сипаттамасын жазады;

еруліктің маңыздылығы мен құндылығын жазады;

жылу жинау әдет-ғұрпының сипаттамасын жазады;

жылу жинаудың маңыздылығы мен құндылығын жазады;

асардың сипаттамасын жазады;

асардың маңыздылығы мен құндылығын жазады;

1

1

1

1

1

1

Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді

2

тақырып бойынша өз позициясын таңдайды;

өзі таңдаған позициясының себебін жан-жақты түсіндіреді;

1-мысал келтіреді;

2-мысал келтіреді;

қорытынды ой жазады.

1

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын сипаттайды

Ерулік/жылу жинау/асар ұғымдарына сипаттама беруде, маңыздылығы мен құндылығын сипаттауда қиналады

Ерулік/жылу жинау/асар ұғымдарына сипаттама беруде, маңыздылығы мен құндылығын сипаттауда қателіктер жібереді

Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын сипаттайды

Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді

Тақырып бойынша өз позициясын таңдауда, өзі таңдаған позициясының себебін жан-жақты түсіндіруде,

1/2 мысалдар келтіруде, қорытынды ой жазуда қиналды

Тақырып бойынша өз позициясын таңдауда, өзі таңдаған позициясының себебін жан-жақты түсіндіруде,

1/2 мысалдар келтіруде,

қорытынды ой жазуда қиналады

Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі.

Оқу мақсаты

7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының роліне баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын сипаттайды
  • Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының ролін бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • XVIII-XIX ғасырларда болған ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ себептері мен салдарын сипаттаңыз.

Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ себептері

1

2

Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ салдарлары

1

2

2. «XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің рөлі» тақырыбында эссе жазыңыз. Өз еркіңіз бойынша бір көтеріліс жетекшісін таңдаңыз.

Исатай Тайманұлы/Махамбет Өтемісұлы/ Сырым Датұлы/Кенесары Қасымұлы

Эссе критерийлері:

Тұлғаның көтеріліс барысындағы іс-әрекетін сипаттау;

Тұлғаның ерлігі туралы кемінде екі дәлел келтіру;

Көтерілістің нәтижесін жазу;

Көтерілістің тарихи маңызын жазу;

Тұлғаның көтерілістегі роліне (2 дәлел келтіру арқылы)баға беру.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын сипаттайды

1

көтерілістердің ортақ 1- себебін көрсетеді;

көтерілістердің ортақ 2- себебін көрсетеді;

көтерілістердің ортақ 1- салдарын көрсетеді;

көтерілістердің ортақ 2- салдарын көрсетеді;

1

1

1

1

Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөлін анықтайды

2

тұлғаның көтеріліс барысындағы іс-әрекетін сипаттайды;

тұлғаның ерлігі туралы 1-дәлел келтіреді;

тұлғаның ерлігі туралы 2- дәлел келтіреді;

көтерілістің нәтижесін жазады;

көтерілістің тарихи маңызын жазады;

тұлғаның көтерілістегі роліне 1-дәлел келтіреді;

тұлғаның көтерілістегі роліне 2-дәлел келтреді.

1

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын сипаттайды

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің 1/2 себептерін және 1/2 салдарын сипаттауда қиналады

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің 1/2 себептерін және 1/2 салдарын сипаттауда қателіктер жібереді

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын сипаттайды

Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының ролін анықтайды

Тұлғаның көтеріліс барысындағы іс-әрекетін сипаттауда, ерлігі туралы 1/2 дәлелдер келтіруде, көтерілістің нәтижесін/ тарихи маңызын жазуда, тұлғаның көтерілістегі роліне 1/2 дәлелдер келтіруде қиналады

Тұлғаның көтеріліс барысындағы іс-әрекетін сипаттауда, ерлігі туралы 1/2дәлелдер келтіруде, көтерілістің нәтижесін/ тарихи маңызын жазуда, тұлғаның көтерілістегі роліне 1/2 дәлелдер келтіруде қателіктер жібереді

Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының ролін анықтайды

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Оқу мақсаты

7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын жазады
  • Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Көтерілістердің себеп-салдарын жазыңыз.

2. Қазақ хандығының Ресейге қосылуы салдарынан орын алған өзгерістерді сипаттап, кестені толтырыңыз.

Cалалар

Өзгерістер

Әлеуметтік

Экономикалық

Саяси

Мәдени

3. ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы жағымды және жағымсыз өзгерістерді сипаттаңыз.

Жағымды өзгерістер

Жағымсыз өзгерістер

Қорытынды ой

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын жазады

1

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің себебін жазады;

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің салдарын жазады;

Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің себебін жазады;

Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің салдарын жазады;

1

1

1

1

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді

2

Ресейге қосылу салдарынан орын алған әлеуметтік өзгерісті анықтайды;

Ресейге қосылу салдарынан орын алған экономикалық өзгерісті анықтайды;

Ресейге қосылу салдарынан орын алған саяси өзгерісті анықтайды;

Ресейге қосылу салдарынан орын алған мәдени өзгерісті анықтайды;

1

1

1

1

3

қазақ хандығының сыртқы саясатындағы жағымды өзгерісті сипаттайды;

қазақ хандығының сыртқы саясатындағы жағымсыз өзгерісті сипаттайды.

қорытынды ой жазады.

1

1

1

Жалпы балл 11

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын жазады

Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің себебін, салдарын анықтауда қиналады

Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің себебін, салдарын анықтауда қателіктер жібереді

Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайды

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді

Ресейге қосылу салдарынан орын алған әлеуметтік/экономикалық/саяси/ мәдени өзгерісті анықтауда, қазақ хандығының сыртқы саясатындағы жағымды/жағымсыз өзгерістерді сипаттауда және қорытынды ой жазуда қиналады

Ресейге қосылу салдарынан орын алған әлеуметтік/экономикалық/саяси/ мәдени өзгерісті анықтауда, қазақ хандығының сыртқы саясатындағы жағымды/жағымсыз өзгерістерді сипаттауда және қорытынды ой жазуда қателіктер жібереді

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар. Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты

Оқу мақсаты

7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру

7.1.2.1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді анықтайды
  • Қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Тарихи фактілердің «ақиқат» не «жалған» екеніндігін анықтаңыз.

Тарихи фактілер

Ақиқат

Жалған

1

1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаны М.Сперанский дайындады

2

1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Орал, Семей облыстары енді

3

1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформа бойынша облысты әскери губернаторлар басқарды

4

Бөкей ордасы Астрахан губерниясының құрамына қосылды

2. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаға дейінгі және реформадан кейінгі қазақ қоғамындағы өзгерістерді салыстырыңыз.

Дәстүрлі қазақ қоғамының ерекшеліктері

1867-1868 жылғы әкімшілік реформадан кейінгі өзгерістер

Қазақ халқының өмір сүру салты

Мәдениеті

Әлеуметтік құрамы

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді анықтайды

1

1- фактінің жалған/ ақиқат екендігін анықтайды;

2- фактінің жалған/ ақиқат екендігін анықтайды;

3 -фактінің жалған/ ақиқат екендігін анықтайды;

4 -фактінің жалған/ ақиқат екендігін анықтайды;

1

1

1

1

Қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы түсіндіреді

2

дәстүрлі қазақ қоғамындағы халықтың өмір сүру салтын сипаттайды;

реформадан кейінгі қазақ халқының өмір сүру салтын сипаттайды;

дәстүрлі қазақ қоғамындағы халықтың мәдениетін сипаттайды;

реформадан кейінгі қазақ халқының мәдениетін сипаттайды;

дәстүрлі қазақ қоғамындағы халықтың әлеуметтік құрамын сипаттайды;

реформадан кейінгі қазақ халқының әлеуметтік құрамын сипаттайды;

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді анықтайды

1/2/3/4 тарихи фактілердің ақиқат/жалған екендігін анықтауда қиналады

1/2/3/4 тарихи фактілердің ақиқат/жалған екендігін анықтауда қателіктер жібереді

Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді сипаттайды

Қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы түсіндіреді

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы/ реформадан кейінгі халықтың өмір сүру салтын/мәдениетін/әлеуметтік құрамын түсіндіруде және қорытынды ой жазуда қиналады

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы/ реформадан кейінгі халықтың өмір сүру салтын/мәдениетін/әлеуметтік құрамын түсіндіруде және қорытынды ой жазуда қателіктер жібереді

Қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы түсіндіреді

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Жәрмеңке саудасының дамуы

Оқу мақсаты

7.4.2.1 Капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау

7.4.2.2 Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын көрсетеді
  • Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған қазақ-орыс еңбекшілерінің атауын көрсетіңіз.

А) батырақтар

В) босқындар

С) жатақтар

D) еріктілер

2. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірін көрсетіңіз.

А) Ақмола облысы

В) Семей облысы

С) Өскемен уезі

D) Петропавл уезі

3. Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауарын анықтаңыз.

А) астық

В) жер

С) жүн

D) мал

4. Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпесті көрсетіңіз.

А) Вали Ахун Юлдашев

В) Мехти Рафаилов

С) М.Ниязов

D) С.Мадатов

  • 5. Суреттерді пайдалана отырып, капиталистік қатынастардың енуінің нәтижелерін сипаттаңыз.

Алғашқы Қарағанды көмір шахталары

Жалдамалы әйелдердің ауыр еңбегі

Спасск мыс қорыту пештері

Қазақ жеріндегі алғаш темір жолдың салынуы

Жағымды жағы

Жағымсыз жағы

Қорытынды ой жазыңыз:

6. Жәрмеңкелердің сауданың дамуына қосқан үлесін анықтаңыз.

Жәрмеңкелердің атауы

Жәрмеңкенің қосқан үлесі

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын көрсетеді

1-4

тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған қазақ-орыс еңбекшілерінің атауын көрсетеді;

ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірін көрсетеді;

Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауарын анықтайды;

Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпесті көрсетеді;

1

1

1

1

5

Қазақ жеріндегі капиталистік қатынастардың дамуының жағымды жағын сипаттайды;

Қазақ жеріндегі капиталистік қатынастардың дамуының жағымсыз жағын сипаттайды;

қорытынды ой жазады;

1

1

1

Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін көрсетеді

6

сауданың дамуына үлес қосқан 1-жәрмеңкені анықтайды;

сауданың дамуына үлес қосқан 2-жәрмеңкені анықтайды;

1-жәрмеңкенің сауданың дамуына қосқан үлесін анықтайды;

2-жәрмеңкенің сауданың дамуына қосқан үлесін анықтайды.

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Критериалды бағалау

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын көрсетеді

Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған қазақ-орыс еңбекшілерінің атауын/

ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірін/

Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауарын/

Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпесті көрсетуде/Қазақ жеріндегі капиталистік қатынастардың дамуының жағымды/жағымсыз жақтарын сипаттап, қорытынды ой жазуда қиналады

Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған қазақ-орыс еңбекшілерінің атауын/

ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірін/

Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауарын/

Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпесті көрсетуде/Қазақ жеріндегі капиталистік қатынастардың дамуының жағымды/жағымсыз жақтарын сипаттап, қорытынды ой жазуда қателіктер жібереді

Капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын сипаттайды

Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін көрсетеді

Сауданың дамуына үлес қосқан 1/2 жәрмеңкені анықтауда, 1/2 жәрмеңкенің сауданың дамуына қосқан үлесін көрсетуде қиналады

Сауданың дамуына үлес қосқан 1/2 жәрмеңкені анықтауда, 1/2 жәрмеңкенің сауданың дамуына қосқан үлесін көрсетуде қателіктер жібереді

Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін көрсетеді

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы

Оқу мақсаты

7.2.3.2 XIX ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру

7.2.2.1 Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін анықтайды
  • Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Білім беру мен ағарту саласының ерекшелігін анықтаңыз.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту саласының ерекшелігі

a.

b.

c.

d.

e.

2. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ауыз әдбиеті мен музыка өнері туралы ойыңызды ПТМС формуласы арқылы пікіріңізді білдіріңіз.

Позиция «ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка өнері тарихи дерек көзі ретінде құндылығы жоғары /құндылығы төмен» Түсіндіру (себебі мынадай 2 дәлел келтіре аламын...)

Мысал (мұны мынадай 2 мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (қорытынды жасаймын....)

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін анықтайды

1

білім беру мен ағарту саласының 1-ерекшелігін жазады;

білім беру мен ағарту саласының 2-ерекшелігін жазады;

білім беру мен ағарту саласының 3-ерекшелігін жазады;

білім беру мен ағарту саласының 4-ерекшелігін жазады;

білім беру мен ағарту саласының 5-ерекшелігін жазады;

1

1

1

1

1

Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді

2

тақырыпқа қатысты өз позициясын анықтайды;

өзі таңдаған позициясын түсіндіруде 1-дәлел келтіреді;

өзі таңдаған позициясын түсіндіруде 2-дәлел келтіреді;

ойын нақтылау үшін 1 -мысал келтіреді;

ойын нақтылау үшін 2 -мысал келтіреді;

қорытынды жасайды.

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Критериалды бағалау

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін анықтайды

Білім беру және ағарту саласының 1/2/3/4/5 ерекшеліктерін анықтауда қиналады

Білім беру және ағарту саласының 1/2/3/4/5 ерекшеліктерін анықтауда қателіктер жібереді

Білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін анықтайды

Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді

Өзінің позициясын айтуда,

оны түсіндіруде 1 / 2 дәлел және мысал келтіріп, қорытынды жасауда қиналады

Өзінің позициясын айтуда,

оны түсіндіруде 1 / 2 дәлел және мысал келтіріп, қорытынды жасауда қателіктер жібереді

Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу