Қазақ тілі (Т2)_4 сынып
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде емес)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру 4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлаудағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
В) үлкен көлдер туралы С) биік таулар туралы D) туған жері туралы
Ормандарда (қандай?) қайыңдар өседі. Бурабайдың таулары туралы (не?) бар. | |
c) Мәтін мазмұнына сәйкес болатын ақпаратты белгіле. А) Айдана Қазақстанды көруді армандайды. В) Айдана - Джессиканың құрбысы. С) Джессика Қазақстанда тұрады. D) Айдана Америкада тұрады. |
- тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Менің Қазақстаным» тақырыбына сөйле.
Тірек сөздер: мемлекет, тәуелсіз, көп ұлтты, тату, рәміздер, танымал, көрікті жерлер, кең дала, әсем табиғат, биік ғимараттар, мақтан етемін, сүйемін.
Жоспар:
- Елімнің табиғаты
- Қазақстан халқы
- Мен елімді сүйемін
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Тыңдалғанмәтін бойынша сұрақтарғажауап береді Мәтінненқажетті ақпараттарды анықтайды | 1 |
|
| ||||||||||
Берілгентірек сөздермен жоспарға сүйеніп әңгімелейді | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 9 |
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||||||
Тыңдалғанмәтін | Тыңдалғанмәтінніңмазмұны | Мәтінніңмазмұныбойынша | Мәтінніңмазмұныбойынша | |||||||
бойыншасұрақтарға | бойыншасұрақтарғажауап | сұрақтарғажауапберуде/ | сұрақтарға жауап береді, мәтіннің | |||||||
жауап береді | берудежәнемәтіннің | сөйлемдерді толықтыруда/ мәтінге | мазмұнынасәйкесақпараттарды | |||||||
Мәтінненқажетті ақпараттарды анықтайды | 1 | мазмұнына сәйкес ақпараттарды анықтауда қиналады. | сәйкесақпараттардыанықтауда қателіктер жібереді. | анықтайды. | ||||||
Берілген тірек сөздер мен | Берілгентақырып | бойынша | Тақырыпқа сәйкес мәтін құрады, | Тілдік нормаларды сақтай отырып, | ||||||
жоспарғасүйеніп | сөйлеуде қиналады. | мәтінніңқұрылымынсақтауда/ | берілген тақырып бойынша жүйелі | |||||||
әңгімелейді | 2 | тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді. | мәтін құрайды. | |||||||
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеуәрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру 4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру 4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Екі әйел құдықтан су алып жатты. Олардың қасына тағы бір әйел келді. Өтіп бара жатқан қарт кісі де құдықтың жанында жатқан тасқа отырып, демалды. Әйелдер балалары туралы мақтанып айта бастады. Бірінші әйел:
Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты. Қария да олармен бірге жүрді. Әйелдер шаршап демалуға тоқтады. Олардың алдынан үш бала шықты. Балалардың біреуі ары-бері секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшіншісі үндемей келіп, анасының қолындағы ауыр шелекті алды. Әйелдер қариядан:
(В.Осеевадан аударылып, бейімделген) 1)Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін сәйкестендір. Бірінші ұланасының қолындағы шелекті алды. Екінші ұлсекіріп, өнер көрсетті. Үшінші ұлән салып, таң қалдырды. |
2)Сұрақтарға жауап бер.
а) Әйелдер не туралы сөйлесті?
А) ұлдарының өнері туралы В) құдықтың суы туралы
С) ауа райы туралы
D) қария туралы
b) Қарт кісі қай бала туралы айтты деп ойлайсың? Неліктен?
с) Бұл мәтіндегі оқиға неге үйретеді?
2-тапсырма
Суретке сүйеніп, сөйлемдерді толықтырып жаз.
Бала үндемей келіп,
Әйелдер балалары туралы
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Шағын мәтіннің негізгіойын анықтайды Мәтіннің мазмұнына және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға қатысты сұрақтарға жауап береді | 1 |
|
| ||||||||||
Сюжеттісуретті сәйкес сөйлемдермен толықтырады Сөйлем құрастыруда сөздердіңорын тәртібін сақтайды | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 11 |
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||||||||||||
Шағынмәтінніңнегізгі ойын анықтайды Мәтіннің мазмұнына және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауғақатысты сұрақтарға жауап береді | 1 | Мәтіннің негізгі ойын анықтауда және мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады. | Мәтінніңмазмұнына/ кейіпкерлерінеқатысты сұрақтарға жауап беруде /мәтіннің негізгі ойын анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтіннің негізгі ойын анықтайды және мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. | ||||||||||||
Сюжеттісуреттісәйкес сөйлемдермен толықтырады Сөйлемқұрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды | 2 | Сюжеттісуретті сөйлемдермен толықтырып жазуда қиналады. | Сюжетке сәйкес сөйлем құрастыруда/ сөйлем құрылысын сақтауда қателіктер жібереді. | Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып,суреттісәйкес сөйлемдермен толықтырады. . | ||||||||||||
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
- І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым, екіншісі -айтылым, үшіншісі -оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||
1 | Менің Отаным - Қазақстан |
|
|
|
|
| ||||||||||
2 | Адами құндылықтар |
|
|
|
|
| ||||||||||
Барлығы | 4 |
|
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым
- тапсырма
Берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Сәйкестендір.
1. Аружан | А) өз елінің атауын түсіндірді |
2. Энди | В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты |
3. Акира | С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты |
[3]
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта. А) Акираға қазақ халқы өте ұнады.
В) Огайо штатында қазір ауа райы салқын.
С) Аружан өз елінің елтаңбасы туралы айтты.
D) Энди еліндегі асқар таулар туралы айтты.
[1]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||
Тыңдалым |
|
|
| |||||
Барлығы |
|
Айтылым
- тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында диалогке қатыс.
Тірек сөздер: тәуелсіз, ұлт, мемлекет, шаңырақ, кең дала, биік таулар, рәміздер, елді сүю, мақтан ету
[4]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Айтылым |
|
|
| |||||||||||||||
көгілдір түсті. Бұл бейбітшілікті білдіреді. | 1 | Тақырыпқақатысты | ||||||||||||||||
|
|
| ||||||||||||||||
Барлығы |
|
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
- Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін белгілеп көрсет (1,2,3...)
Сөйлемдер | Реті |
Әтеш тотықұсты іздеп, қайта-қайта шақырады. | |
Тотықұс әтешке келетін уақытын айтады. | |
Тотықұс әтештің әдемі киімдерін сұрайды. |
[3]
- Сұраққа жауап жаз.
Тотықұс қандай дос? Неліктен?
[2]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||
Оқылым | 3 | Дұрыс белгіленген әр сөйлемге 1 балл қойылады. | |||||
Білім алушының ықтимал жауабы: Тотықұсты «нағыз дос» деуге болмайды. Өйткені ол досын алдап кетті/ Досына өтірік айтады / Өзінің айтқанын орындамайды / Нағыз достар алдамайды/... |
|
| |||||
Барлығы | 5 |
Жазылым
- тапсырма
Суретті тиісті сөздермен толықтыр. Сурет бойынша «Автобуста» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жаз (5-6 сөйлем).
[5]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Жазылым | 1 | Сюжеттің мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер қабылданады. Суретті мазмұнына сәйкес сөйлемдермен толықтырады. | |||||||||
Білім алушының ықтимал жауабы: Ербол мектепке күнде автобуспен барады. Бүгін де автобустағы бос орынға келіп отырды. Келесі аялдамадан автобусқа бір ата мінді. Ербол атаға орын берді. Атай Ерболға: «Рақмет, балам!Сен өте тәрбиелі бала екенсің», - деді. |
|
| |||||||||
Барлығы | 5 |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру 4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
1-тапсырма а) Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5-6 тірек сөз жаз. Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы. Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар. Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды. Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі. Тірек сөздер: b) Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастырып жаз. 1) 2) с) Мәтінге сүйеніп, сөйлемді толықтырып жаз. Шығыс моншасындағы бөлмелердің есігі жоқ, бірақ мұнда | |
Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Жоспар:
|
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Мәтін бойынша тірексөздерді анықтайды Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады | 1 |
|
| ||||||||||
Мәтіндіжоспар бойыншатолық мазмұндайды | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 9 |
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтінбойыншатірек сөздерді анықтайды Мәтінніңмазмұнына қатыстысұрақтар құрастырады | 1 | Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтауда және мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар қоюда қиналады. | Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтауда/мәтінніңмазмұнына қатысты сұрақтар қоюда/ сөйлемді сәйкес ақпараттармен толықтыруда қателіктер жібереді. | Мәтінбойыншатірексөздерді анықтайды және мәтінніңмазмұнынақатысты сұрақтар қояды. | ||
Мәтіндіжоспар бойыншатолық мазмұндайды | 2 | Жоспарбойыншамәтіннің мазмұнын айтуда қиналады. | Мәтіннің мазмұнын айтады, мәтіннің жүйесін / сөйлем құрылысын сақтауда қателеседі. | Жоспарбойыншамәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды. |
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/ шолып/ белгі қойып оқу 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау 4.5.1.2* Көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Құрылысшы – бірнеше мамандықтың иесі. Өйткені жалғыз адам үлкен үй сала алмайды. Дайын үй жасау бірнеше кезеңдерден тұрады. Алдымен сәулетшілер жаңа ғимараттың сызбасын жасайды. Содан соң бұл сызба бойынша тас қалаушылар ғимараттың қабырғасын тұрғызады, шатырын жабады. Бұдан кейін ағаш шеберлері терезелерін орнатады. Сылақшылар қабырғалар мен еденді бояйды. Құрылысшылар кез келген ауа райында жұмыс жасайды. Сондықтан олардың денсаулығы мықты, олар кез келген қиындыққа шыдамды болады. Құрылысшы мамандығы – ең қажетті мамандықтардың бірі.
СөйлемдерРеті Ғимараттың ішкі жұмыстары жасалады. Ғимараттың қабырғалары қаланады. Ғимараттың терезелері орнатылады. Ғимараттың сызбасы жасалады.
Сұрақ: Жауап:
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз. Менің атым – Асқар.Мен 4-сынып оқушысы... . Мен болашақ...өрт сөндіруші болғымкеледі. Менің ойымша, өрт сөндіруші – маңызды мамандық. Өйткені олар адамдар... құтқарады. Менің дос... бар. Ол ер жеткенде әскери адам болғысы келеді |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||
Мәтінненқажетті ақпаратты анықтайды Мәтінмазмұны бойыншабағалау сұрақтарын құрастырадыжәне жауап береді | 1 |
|
| ||||||
Жазубарысында үндестікзаңын сақтайды Жалғауларды орынды қолданады | 2 |
|
| ||||||
Барлығы | 8 |
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтінненқажетті ақпараттарды анықтайды Мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды және жауап береді | 1 | Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтауда және мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарынқұрастыруда қиналады. | Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтауда/ мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастыруда/ сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді. | Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды, мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады және жауап береді. | ||
Жазу барысында үндестік заңын сақтайды Жалғаулардыорынды қолданады | 2 | Көп нүктенің орнына тиісті қосымшалардықоюда қиналады. | Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қоюда қателіктер жібереді. | Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды дұрыс қояды. |
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
- ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 18
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||
1 | Мамандықтар әлемі |
|
|
|
|
| ||||||||||
2 | Мәдени мұра |
|
|
|
|
| ||||||||||
Барлығы | 4 |
|
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым
- тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Дәрігерлерге неліктен қателесуге болмайды?
А) өйткені оның жұмысы адам өмірімен байланысты В) өйткені оның жұмысы көп уақытты қажет етеді С) өйткені оның жұмысы дәрілермен байланысты
D) өйткені оның жұмысы көп оқуды қажет етеді
- Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
- Дәрігерлер адамдарға кез келген жағдайда көмектеседі, сондықтан олар
- Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
болуы керек.
- Дәрігерлер науқас адамдарды емдейді, сондықтан олар
болуы керек.
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.
А) Оның достары әнші, өрт сөндіруші болды армандайды. В) Оның ойынша, дәрігерлердің қатесін түзетуге болады. С) Оның ойынша, дәрігер болу үшін жақсы оқу керек.
D) Оның алға қойған мақсаты – ғарышкер болу.
Балл қою кестесі
[1]
[2]
[1]
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Тыңдалым |
|
| |||||||||
Барлығы |
|
Айтылым
- тапсырма
Берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы» немесе «Менің сүйікті мамандығым» деген тақырыптардың біреуі бойынша сөйле.
Тірек сөздер: мамандық түрі, болашақта, таңдау жасау, әр адамның қалауы, мамандықты сүю, пайдалы, қажетті.
Жоспар:
- Мамандықтың түрі көп
- Менің қиялымдағы мамандық
- Мамандығыммен мақтанамын
Балл қою кестесі
[4]
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Мамандықтың түрі көп. Әнші ән салады, дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім білім береді. Бірақ әр адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдауы керек. Мен дәрігер болуды қалаймын. Менің анам –дәрігер. Мен өз анама ұқсағым келеді. Дәрігерлер адамдарға көмектеседі. Оларды емдейді. Дәрігер - ең пайдалы мамандық. Болашақта өзімді жақсы дәрігер боламын деп ойлаймын. |
|
| ||||||||
Барлығы | 4 |
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
- Тараз қаласы неліктен ірі сауда орталығы болды? А) Қалада ең алғашқы монша салынды.
В) Қалада теңге соғатын ұстаханалар болды.
С) Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасты.
D) Қалада сәулет өнерінің ескерткіштері көп болды.
- Мәтіннің екінші бөлімінде не туралы айтылады? А) әдемі кесене туралы
В) сауда орталығы туралы С) қаланың әдемілігі туралы
D) көне ескерткіштер туралы
- Тараз моншасының ерекшелігі неде? Жаз.
[1]
[1]
- Берілген сұрақтарға сәйкес бөлікті тауып, байланыстырып сыз.
1) Тараз қаласының бұрынғы атаулары қандай? |
| ||
2) Көне қалада нелер көп? |
|
[1]
[2]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||
Оқылым |
|
| |||||||||||
Барлығы |
|
Жазылым
- тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз.
Отырар – көне қала. Ол бұрын Фараб қала... деп аталған. Қазір қала... орны ғана бар. Қаланы архелог... зерттеп жатыр. Одан көптеген металл бұйым... мен әшекей.
зат... табылды.
[5]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||
Жазылым |
|
| |||||||||||
Барлығы |
|
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып,
қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау 4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлаудағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Желтоқсан – қыстың басы. Қыста күннің жылуы азаяды. Терең үйшіктерде жатқан жануарла аяздан қорықпайды. Себебі қардан суық өтпейді. Қыста кейде қатты боран соғады. Ондай кезде далаға шығу қиын. Боранды күні адасып қалуға болады. Сондықтан мұндай күні абай болу керек. Қыс бірден түсе қоймайды. Өзенге мұз қатқан кезден бастап қыс келді деп айтуға болады. Аязды күні жауған қар құрғақ , ал жылы күні жауған қар жабысқақ болады. Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы. Ал қар үстінде ойнау қандай керемет! Балалар қыс мезгілін жақсы көреді. Аққала жасап, қар атысып ойнау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу – балалардың ең сүйікті ісі.
Берілген жоспар бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын айт.
|
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді | 1 |
|
| ||||||||||
Мәтіндіжоспар бойыншатолық мазмұндайды | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 9 |
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіндегіоқиғаның себебін түсіндіреді | 1 | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қиналады. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қателеседі. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді. | ||
Мәтіндіжоспар бойыншатолық мазмұндайды | 2 | Жоспарбойыншамәтіннің мазмұнын баяндауда қиналады. | Мәтіннің мазмұнын айтады, жүйелілікті сақтауда / тілдік нормаларды/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді. | Мәтін мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды. |
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру 4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру 4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлаудағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
1-тапсырма Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Біз табиғаттың байлығын көп пайдаланамыз. Бірақ бізге табиғатты қорғау да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» бар. Оның басты мақсаты – саны азайып, жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына жойылып бара жатқан жануарлар, ал сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады. Қазақстанның Қызыл кітабына қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек кездесетін жануарлар енгізілген. Бұл жануарлардың саны қорегінің азаюынан, бағалы терісі мен мүйізі үшін аулаудың салдарынан сиреп кеткен. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатты аялай білуіміз керек. | |
|
- Қызыл кітаптың қызыл түсті парағына
жазылады.
- Қызыл кітаптың сары түсті парағына
жазылады.
3) Мәтіннен қандай ой түйдің?
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Оқиғаның ретін анықтап, сандармен белгілеп көрсет (1,2,3,4). Берілген суреттер негізінде шағын мәтін құрастырып жаз (6-8 сөйлем).
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | |||
Мәтінніңмазмұнына | мәтін бойынша сұраққа жауап береді; | 1 | ||||
қатыстысұрақтарға | біріншісөйлемдісәйкесақпаратпен | 1 | ||||
жауап береді Мәтінніңнегізгіойын анықтайды | 1 |
|
| |||
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды; | 1 | |||||
Сюжеттісуреттер | суреттербойыншасюжеттіңретін | 1 | ||||
бойыншасөйлемдер | анықтайды; | |||||
құрастырады | суреттіңмазмұнынасәйкесәңгіме | 1 | ||||
құрастырады; | ||||||
мәтіннің құрылымын сақтайды; | 1 | |||||
2 | сөйлемдегісөздердіңорынтәртібін | 1 | ||||
сақтайды; | ||||||
сөйлемдердіңтынысбелгілеріндұрыс | 1 | |||||
қояды; | ||||||
сөздерді лексика-грамматикалық нормаға | 1 | |||||
сай жазады. | ||||||
Барлығы | 10 |
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтінніңмазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді Мәтіннің негізгі ойын анықтайды | 1 | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда қиналады. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/ мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда қателеседі. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды. | ||
Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады | 2 | Сюжетті суреттердің ретін анықтауда және сурет бойынша әңгіме құрап жазуда қиналады. | Сурет бойынша әңгіме құрап жазады, мәтіннің/сөйлемдердің құрылымын сақтауда / тыныс белгілерін қолдануда / лексика- грамматикалықнормаларды сақтауда қателіктер жібереді. | Сюжеттісуретбойынша жүйелі әңгіме құрап жазады. |
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
- ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 18
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||
1 | Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
|
|
| ||||||||||
2 | Табиғат құбылыстары |
|
|
|
|
| ||||||||||
Барлығы | 4 |
|
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым
- тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Қорғалжын қорығы қандай мақсатпен құрылды? А) сирек өсімдіктерді сақтау үшін
В) шағала мен үйректі сақтау үшін С) қызғылт қоқиқазды сақтау үшін
D) түлкі мен қарсақты сақтау үшін
[1]
- Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
- Қорғалжын қорығы орналасқан.
- Қорғалжын қорығын «Құс базары» деп те атайды, өйткені
- Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
[2]
- Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.
Cұрақ: Жауап:
Балл қою кестесі
[2]
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Тыңдалым |
|
|
| ||||||||||||||||||||
Барлығы |
|
Айтылым
- тапсырма
Берілген тақырыптардың біреуін таңда. Тірек сөздерді қолданып, жұбыңмен диалог құр.
- Тақырып: Сирек жануарлар
Тірек сөздер: қорғау, сиреу себебі, аулау, бағалы, тері, мүйіз, жойылу
- Тақырып: Қазақстанның Қызыл кітабы
Тірек сөздер: сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әртүрлі парақтар, қорғауға алу, тыйым салу
- Тақырып: Табиғатты қорғайық!
Тірек сөздер: байлық, өмір сүру, мүмкін емес, пайдалану, ластау, жою, зиян келтіру
[4]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы:
|
|
| ||||||||
Барлығы | 4 |
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
- Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын жауапты анықта. А) қыста ағаштарды қар басады
В) қыстың мінезі әр түрлі болады
С) табиғатқа қамқорлық жасау керек
D) боранды күні ағашқа қиын болады
[1]
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
а) Автор қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Неліктен?
[2]
b) Неліктен? не үшін? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
[1]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Оқылым |
|
|
| ||||||||||||||||
Барлығы |
|
Жазылым 4-тапсырма
Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
- Қыс көрінісі
- Боранды күн
- Жас алма ағашы
[5]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Қыс келді. Даланы аппақ қар басты. Қыста кейбір күндер аязды, кейде ашық болады. Айдос бүгін ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Айдос терезеден анасы екеуі отырғызған алма ағашын көрді. Алма ағашы желден майысып тұр екен. Айдос ағашқа: - Шыда, ағашым, боран басылады. Мен саған күтім жасаймын, - деді. |
|
| ||||||||||
Барлығы | 5 |
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау 4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Ай – Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден әлдеқайда кіші. Ай өте үлкен және жарық, сондықтан ол әрқашан адамдарды қызықтырды. 1969 жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер барды. Айда олардың іздері әлі сақталған. Себебі Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ. Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ адамдар болашақта Айға үй салып, өмір сүруді армандайды.
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Жақын, ірі, суық, бұрынғы, үлкен Оларды қатыстырып «Күн жүйесі» тақырыбында сөйле. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | |||||||
Тыңдалғанмәтін бойынша сұрақтарға жауап береді Мәтінненқажетті ақпараттарды анықтайды | 1 |
|
| |||||||
Сөйлеубарысында | берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді | 1 | ||||||||
қарама-қарсы | анықтайды; (3сөзден кем емес) | |||||||||
мағыналысөздерді | тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды; | 1 | ||||||||
қолданады | 2 |
|
| |||||||
қолданады; | ||||||||||
сөйлемнің құрылымын сақтайды; | 1 | |||||||||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | 1 | |||||||||
Барлығы | 8 |
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Тыңдалғанмәтін | 1 | Мәтінніңмазмұныбойынша | Мәтінбойыншасұраққажауап | Мәтінбойыншасұрақтарға | ||
бойыншасұрақтарға | сұраққа жауап беруде және | беруде/ сөйлемдерді толықтыруда | жауап береді және сөйлемдерді | |||
жауап береді | сөйлемдердітолықтыруда | қателіктер жібереді. | толықтырады. | |||
Мәтінненқажетті | қиналады. | |||||
ақпараттарды | ||||||
анықтайды | ||||||
Сөйлеубарысында | 2 | Берілгентақырыпбойынша | Тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды, | Берілгентақырыпқасәйкес | ||
қарама-қарсы мағыналы | қарама-қарсымағыналы | берілгенсөздергеқарама-қарсы | мәтінқұрайдыжәнесөйлеу | |||
сөздерді қолданады | сөздерді пайдаланып сөйлеуде | мағыналысөздерді | барысындақарама-қарсы | |||
қиналады. | анықтауда/сөйлемнің құрылымын / | мағыналысөздердіорынды | ||||
тілдікнормалардысақтауда | қолданады. | |||||
қателіктер жібереді. |
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау 4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Ертеде бір отбасында кішкентай Робот өмір сүрді. Оны зауытта жасады. Кішкентай Робот отбасы мүшелеріне көмектесті, кешке қызықты әңгімелер айтты, кішкентай балалармен ойнады. Кішкентай Роботтың адам болғысы келді. Мерекелерде барлығымен бірге көңіл көтергісі келді. Бірақ ол өзінің ешқашан адам бола алмайтынын түсінді. Осындай ойлардан кішкентай Роботтың көңілі түсетін. Күндер өте берді. Кішкентай балалар өсті. Роботтың әңгімелерін ешкім тыңдамады, ешкім оған назар аудармады. Кішкентай Роботтың ғажайып сиқыр жасағысы келді. Бір күні ол ...
С) кішкентай Роботтың мерекесі D) кішкентай Роботтың әңгімелері
|
- Сұрақтарға сәйкес ақпараттарды анықта.
1. Роботтың отбасындағы өмірі қандай еді? | a) Оның адам болғысы келеді. |
b) Ол кешке әңгіме айтып, кішкентай балалармен ойнайды. | |
2. Роботтың арманы не? | c) Ол ешқашан адам бола алмайтынын түсінеді |
3. Роботты қандай ойлар мазалайтын? | d) Оның әңгімелерін ешкім тыңдамады |
2-тапсырма
Берілген сөйлемдерді жалғастырып, мәтіндегі оқиғаны 5-6 cөйлеммен аяқтап жаз.
Кішкентай Роботтың ғажайып сиқыр жасағысы келді. Бір күні ол .....
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Мәтінніңмазмұны бойыншасұрақтарға жауап береді Мәтінненқажетті ақпаратты анықтайды | 1 |
|
| ||||||||||
Жазубарысында үндестікзаңын сақтайды Сөйлемдер құрастыруда сөздердің орынтәртібін сақтайды | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 10 |
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтінніңмазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Мәтінненқажетті ақпаратты анықтайды | 1 | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіннен қажетті ақпараттарды табуда қиналады. | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде/ берілген ақпараттардың сәйкестігін анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді және қажетті ақпараттарды табады. | ||
Жазубарысында үндестікзаңын сақтайды Сөйлемдер құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды | 2 | Мәтіндегіоқиғаны жалғастырып жазуда қиналады. | Мәтінді толықтырып жазады, сөйлемдердіңқұрылымын/ үндестік заңын сақтап жазуда қателіктер жібереді. | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, мәтінді толықтырып жазады. |
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
- IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі – айтылым, үшіншісі – оқылым,төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||
1 | Болашаққа саяхат |
|
|
|
|
| ||||||||||
2 | Ғарышқа саяхат |
|
|
|
|
| ||||||||||
Барлығы | 4 |
|
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым
- тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?
- Елдостың түсі
- Ғажайып кеме
- Орманға саяхат
- Елдостың арманы
- Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?
[1]
- Өзге ғаламшарлықтар Жерге не себепті келіпті?
- Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
- Елдос алаңда тұрған көрді.
- Одан екі түсті.
- Олардың бойы аласа, .
[1]
[3]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||
Тыңдалым | А) | 1 | ||||||||||
|
|
| ||||||||||
Барлығы |
|
Айтылым
- тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.
- Жарқыраған оттар
- Өзге ғаламшарлықтар
- Үлкен қауіп
[4]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Елдос далада серуендеп жүрген. Ол алаңда оттары жарқырап тұрған ғажайып кемені көрді. Кемеден екі өзге ғаламшардың адамы шықты. Олардың бойы қысқа, денесі жасыл, көздері үлкен екен. Олар Елдосқа қарай жүрді. Олар: - Жерге үлкен метеорит ұшып келеді. Мұны адамдарға айту керек, - деді. Елдос қорқып, ұйқысынан оянып кетті. |
|
| ||||||||
Барлығы | 4 |
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
- Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.
- ақылды
- жалқау
- еңбекқор
- мейірімді
- Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.
- Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады.
- Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.
- Достар уақыт машинасын бірінші рет іске қосты.
- Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.
[2]
[2]
- Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?
[1]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||
Оқылым | А) ақылды | 1 | ||||||||||
|
|
| ||||||||||
Барлығы |
|
Жазылым 4-тапсырма
Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Мәтінді өз бетіңше аяқтап көр.
Жоспар:
- Ерекше күн
- Уақыт машинасын іске қосу
- Болашаққа саяхат
[4]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Ербол мен Тимур бір сыныпта оқиды. Олар – нағыз достар. Олар уақыт машинасын құрастырды. Бүгін оны іске қосады. Достар болашақтағы Қазақстанды көргісі келді. Тимур қызыл тетікті басты. Достар болашақ Қазақстанға ұшып келді. Мұнда көп жұмысты роботтар істейді екен. Қазақстан өте үлкен және танымал мемлекет екен. |
|
| ||||||||
Барлығы | 4 |
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?