Елбасы - қазақ халқының мақтанышы

 Елбасы - қазақ халқының мақтанышы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егемендіктің тұғырын нықтап жүрген адам, Қазақстан Республикасының тарихындағы тұңғыш президент.

Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің тұңғыш президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көрегендігінің арқасында Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытты. Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап, қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай іс бастаса да санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін - Ел басы. 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында көптеген өзгерістер орын алды. Елбасы жаңа реформалар енгізіп, халық арасындағы қиыншылықтарды шешу үшін әрекет етті. Қазақстандағы тұрып қалған өнеркәсіптерді, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты. Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіріп, Астана қаласын салды. Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді. Сол себепті 1993 жылдың 5 қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен "Болашақ" бағдарламасы құрылды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды. Сонымен қатар, Елбасы елдің болашағы - жастар деп, жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі - кемеңгерлік, көрегендік.

1991 жылы жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары - ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Елбасының аса зор еңбегі болып табылады. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары конституциялық нормаларға айналды. Елбасы Қазақстан Республикасы үшін сіңірген еңбегі зор. Сол себепті де халық оны құрметтеп, мақтан тұтады. Тіпті Елбасының атымен Алматыда, Қазанда, Түркияда даңғылдар аталған. Сонымен қатар Қазақстанда Назарбаев атындағы университет, зияткерлік мектептері және түрлі саябақтар бар. Оның құрметіне 2019 жылы елдің астанасы Астананың атауын Нұр-Сұлтанға өзгертті.

Қазақстанның 18 миллион тұрғындары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мақтан етіп, әрқашан қолдайтынына 100% сенімдімін. Қазіргі таңда, президент өкілеттігін атқаруды тоқтатқанымен, Қазақстан Республикасының президенті ретінде Қасымжомарт Тоқаев сайланғанымен, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашанда Елбасы болып қалады. Ол - дүние жүзі мойындаған, алысты айқындайтын, кемелі мен кемеңгерлігі күшті саясаткер әрі дана тұлға.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?