Мамандығым-мақтанышым

 Мамандығым-мақтанышым

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,

Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.

Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,

Тағы да бақшама аяңдап келемін,

Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам... Қазіргі жұмыс жасап жүрген «Нұрсәт» балабақшасына осы бір өлең шумақтарының күш-қуатымен келе жатырмын. Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін... Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.

Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...

Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.

Балабақшаның у-шуынсыз өмірімді елестете алмаймын. Әр бала өзінше бір әлем... Тым жақсы, тап-таза, сезімдері пәк, аңғал, сүйкімді жандар. Ендеше оларды қалай ғана, жақсы көрмейсің. Мені өздеріне асқар таудай сүйеніш деп біліп тұрғанын сезе тұра, мен оларға жан-тәніммен берілмесем кім болғаным...

Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне де¬ген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Мен өзгенің балалары болса да, өз балаларымнан да артық көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты7

Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам - адами парызымның орындалғаны болар.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын.

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий