Халқы үшін туған елбасы

Елі үшін туған – Елбасы.

Елі үшін туған – Елбасы

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. Міне, осындай қиын сәтте қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, тәуелсіздіктің көк жебесі болып Елбасымыз тарих сахнасына шықты. Қай кезде де ел басқару, оны қорғау оңай болмаған. Қай заманда да, қай қоғамда да жекелеген тұлғалардың жөні бөлек болған. Ондай елім, жерім деген ерлердің тарихтың тар тұстарында қандай іргелі істер атқара алғанына тарих куә. Сондай тұлғаның бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап, айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлес¬тіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды. Аз уақыттың ішінде Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Президентінің ұсыныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың көзіне айналды. Осылай қазақ халқының етектегі басы төрге шықты. Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жүзеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды, батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Осы атал¬ған аса маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Бұл қадам – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның өзіндік даму жолы еді.
Қазақстанның қазіргі таңдағы дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан Президентінің бастамасымен мемлекет өмірінің барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылған идеялар еліміздің саяси-экономикалық реформаларын жеделдетіп, даму бағыттарын айқындау арқылы ұлттық мемлекеттің гүлденуін қамтамассыз етті. Елбасымыздың қазіргі әлемдегі ең көрнекті реформаторлардың бірі екені даусыз. Тәуелсіздік алған сәттен бастап, Елбасының осы уақытқа дейінгі көптеген стратегиялары мен бағдарламалары жүзеге асырылып, өз пайдасын көрсетіп үлгерді. Жарияланған стратегиялар бүгінгі таңда өз нәтижелерін беріп, халқына жемісті қызмет етуде. Әсіресе, жастарды қолдауға арналған бағдармалар еліміздің түкпір-түкпіріндегі білімді жастарды өз білімдері мен қабілеттерін шыңдауда, кәсіп бастап, елімізді дамытуда өз үлестерін қосуына жол ашуда.
Түрік Республикасының Президенті Р.Т. Эрдоған: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды» – деп, Елбасымыздың айрықша жан екенін сөз етті.
Елбасы өзінің сындарлы саясаты мен халқын бірлікке бастаған бағыты арқасында бүгінгі таңда әлемнің алпауыт елдеріне танымал. Ұлыбританияның саясаткері Джонатан Айткеннің Лондонда, ағылшын тілінде: «Назарбаев және Қазақстанның дүниеге келуі: коммунизмнен – капитализмге» деп аталатын кітабы жарық көрді. «Назарбаев туралы кітап жазуға не себеп болды» деген тілші сауалына саясаткер: «Дүниедегі саяси лидерлер маңайына ауа райын жасай біледі. Маңайына жарқыраған шуақ шашсын, я болмаса нөсер әкелсін, әйтеуір өзінше ауа райын туғызған лидерлер тегін болмайды. Олар туралы жазу да, оқу да қызық. Өмір баспалдағы өнеге баспалдағына айналған адам ретінде Назарбаев оқырманды қатты қызықтырады» – деп жауап береді. Бұл да болса, Елбасының мәртебесінің әлемдік деңгейде биік екендігінің дәлелі.
Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Елің үшін атырам деп әр таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек.
Қорытындылай келе, елін, жерін шексіз сүйген, көшін түзеген, алып тұлға Елбасы қазақтай дархан халықтың тарих сахнасында өшпес із қалдырды. Сол ізбен келешек ұрпақ бой түземек. Қазақ елінің келешегі кемел, болашағы жарқын, алды ашық болуына елеулі үлес қосқан Елбасымыздың есімі ел есінде қашанда сақталары сөзсіз.


Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.
Әлфараби ЕРТАС, 1 курс студенті

Жариялаған: Ертас Әлфараби



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу