Халық қаһарманы Батыр қазақ-БАУКЕҢ!

 Халық қаһарманы Батыр қазақ-БАУКЕҢ!

Шаканова Мадина
10 класс, СШ№ 25 с.Родниковское
Карагандинская область Руководитель: Смаилова А.А.

Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады
Б.Момышұлы
Биыл қазақтың біртуар батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 106 жыл толып отыр.Баукеңнің ерлік істері, жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгілік сақталады.Жадымызда мықтап жатталған даңқты тұлға есімі тарихта алтын әріппен жазылған.Қызыл империя белсенділерінің қатыгез саясатының нұсқауымен қасапшы машина қаймана қазақтың «сүт бетінен сылып алар қаймағын», яғни, саналы һәм санаулы асылдарын аяусыз қырып-жойғаны белгілі.Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік Ұлы Отан соғысы тұсында да жалғасып, ұлы далада өсіп-өнген қайсар ұлдардың есепсіз ерлігін тиісінше бағаламады, тылдағы ерен еңбекті елемеді.Керісінше, аз ұлттарға әрдайым қысым көрсетіп, қиянат жасап, марапат-атақтан, жоғары лауазымнан шеттетіп әлекке түсті. «Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ.45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды.Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл “Жоғары тактикадан» аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті.13 жыл генералдық қызмет атқарды.Бірақ генерал шені берілген жоқ». (Әскери журналист қолжазбасынан). Сол кезде жоғарғы әскери басшылыққа өзге ұлттың өкілін араластыра бермейтін саясаттың зардабы өлшеусіз болды, оны жария заманда бірақ білдік.Оның үстіне жалғандықты, жағымпаздықты өлердей жек көріп, жақтырмайтын бірбеткей Бауыржан Момышұлының ешкімнен қаймықпас өжет мінезі де шовинистік пиғылдыларды әбден қитықтырып, биліктегілер шешім қабылдар кезде әдейі сыңар езулікпен бұра тартуын тоқтатпады...
Баукеңнің баласы Бақытжан келтірген дәйекті деректерде кейбір жұмбақтарға жауап молынан табылады.Одан білетініміз, «Кеңес Одағының Батыры» атағына үш рет, генералдық шенге төрт рет ұсынылыпты.Алайда, қыңырлар «тұрғызған» қамал алынбаған.Димекең(Дінмұхаммед Қонаев)тәулекелге бел буып, іске білек сыбана кіріскенде КСРО Қорғаныс министрі Гречко: «Только через мой труп», - деп қасарысыпты дейді.Кейін осы тақырыпта жайсыз әңгімені тағы қозғап, Брежневке өтініш жасағанда, «Димаш тарихты қайта қарамай-ақ қояйық», - депті самарқау («Баукеңнің университеті»,журналист Қ.Аманжол сұхбатынан).Солақай саясаттың сасық ойлы сойылұстарлары ақиқаттың ақырында жеңіп шығатынын, келешекте ақ пен қараның ажыратылып, әділдік орнайтынын сезді ме екен, кім біледі? «Дананың жолы елден елге дейін, шаланың жолы төрден көрге дейін» - деген мақтанышымыз Бауыржан Момышұлы есімін қалай әйгілеп, төбемізге көтерсек те, артық етпес!
Азаматтықтан, адалдықтан айнымаған Баукеңге ұқсаған өскелең ұрпақ өкілдері көбейіп, өркен жая берсін! Кешегі күркіреген соғыстың зұлмат күндерінде етегімен су кешкен хас батырладың Отан үшін кеудесін оққа тосып, жан қиған жанкештілгі бүгінгі ұрпаққа үлгі.Кеңес одағының екі мәрте батыры атанған Талғат Бигелдинов пен Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сынды аға-апаларымыздың есімдері көңілге мақтаныш ұялатады.Солардың ішінде Батыр Бауыржан Момышұлының орны бөлек.Соғыстан кейінгі өмірін шығармашылыққа арнаған Баукеңнің жазған дүниелері тегіс дерлік ерлік, майдан хақында. 2010 жылы туғанына жүз жыл толған батырдың мерейтойы еліміз бойынша тойлануды. 2010 жылы еліміз үшін мерейлі жыл болып отыр.Майдангер жазушының жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануы ел абыройының белгісі.Біздің елімізден Ұлы Отан соғысына 53 майдангер жазушы қатысты.Солардың көш басында Бауыржанның есімі мақтанышпен аталады.Соғыс жазушыға не берді, ал жазушы әскери өнерге не берді? Осы жауапты Баукеңнен табуға болады.
«Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас» секілді шығармалары нағыз ерліктің бейнесі, - деп ойын білдірді профессор оқушылармен әңгіме кезінде.Баукең-жалпы ұлттық дәрежедегі қаһарман.Ол тұтас халықтың бөліп – жармайтын ортақ әрі әрбір қазақтың жүрегіндегі кіршік түсірмейтің аяулы сезімі сияқты меншіктеген өз Бауыржаны болуға лайықты ұлылық тұғырына көтерілген тұлға.Ұақыттың мәңгілік, бақилық кеңістігінде оған пендешілік шаңы жұқпайды.Қала берді, Бауыржан бүкіләлемдік, күлліғаламдық күрделі де сирек құбылыстардың санатына қосылады. Құдайға мың қайтара шүкір – тәубе деп айтайық, осындай асылдан қалған тұяқ, батырдан тараған ұрпақ барына.Бұл да болса халқымыздың бір көз қуанышы, көңілдегі жұбанышы болар. «Дананың жолы елден елге, дейін шаланың жолы төрден көрге дейін»- деген мақтанышымыз Бауыржан Момышұлы есімін қалай әйгілеп, төбемізге көтерсек те, артық етпес! Азаматтықтан, адалдықтан айнымаған Баукеңге ұқсаған өскелең ұрпақ өкілдері көбейіп, өркен жая берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!