» » » Шығарма: Халқының ардақты азаматы

Шығарма: Халқының ардақты азаматы

Шығарма: Халқының ардақты азаматы казакша Шығарма: Халқының ардақты азаматы на казахском языке
Темірғали Айдана
7 сынып, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп Кербұлақ ауданы
Жетекшісі: Арыстанова Ш.М.

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді. Бірақ жас жауынгерлерде әскери білік-дағдысы болмаған, Отанына, сүйген халқына деген сүйіспеншіліктері шексіз жатқан теңіздей еді. Олар Бауыржан Момышұлының темірдей тәртіп, қатаң талапшылдығы мен мол тәрбиесінің нәтижесінде өз Отанын қорғап, жаудың бетін қайтара білді. Ол жауынгерлеріне: " Ұрыс кезінде адамның бойында екі сезім: ел алдындағы перзенттік парыз және жеке бас амандығын сақтау түйсігі айқасады. Осыған үшінші күш тәртіптілік араласқанда, парызды ұғыну жеңіп шығады " - деп айтудан жалықпаған. Темірдей берік, қатал тәртіппен қаруланған Б. Момышұлының сарбаздары Москва түбіндегі алапат ұрыста гитлерлік қанішерлерді жер құштарғанын тарих бетінен жақсы білеміз.
Бауыржан Момышұлы ! Орыс жазушысы Александр Бектің шабытпен жазылған "Панфиловшылар алғы шепте" , " Волоколамск тас жолы" кітаптарының аты аңызға айналған жау жүрек кейіпкері. Ұлы Отан соғысының шешуші ұрыстарында ерлік пен табандылық көрсеткен жауынгерлердің шайқасы туралы жазылған бұл повесть керемет маңызға ие болды. Жауынгерлер бұл кітаптарды жорық, демалыс кездерінде де қолдарынан түсірмей оқып, өздерін дұшпанға қарсы жігерлендірді. Соғыстан кейін аты аңызға айналған даңқты Панфиловшы, кеңес жазушысы Б.Момышұлының қаламынан да өз туындылары туды. Оның "Артымызда Москва" , "Майдандағы кездесулер" кітаптарын біздің сыныптың оқушылары қолдан-қолға түсірмей қызыға оқиды.
Егеменді тәуелсіз елдің "Халық батыры" атағын алған Б. Момышұлы өмірде қандай биік болса, (оған бұйырылған) ол қойылған зиратта сондай биік те! Сонау Алматы қырқаларының төріндегі биік тұғырда еңгезердей қола тұлғасы көрінеді. Бұлттары бойын созған зор мүсін аспанмен тілдесіп тұрғандай. Батып бара жатқан күннің сәулесі мүсін Б.Момышұлының жүзін нұрландырып, батырдың алыс болашаққа қадалған жанарына түсіп тұр.
Бүгінгі жас ұрпақтар "Халық батыры" Б.Момышұлының ерлік істері мен есімін үнемі өзімізбен бірге жүрегімізде алып жүреміз. Қорыта келгенде, мен шығармамды мынандай өлең жолдарымен аяқтаймын.
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан.
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Бұзып-жарып қамалды,
Жолсыз жерден жол салды.
Достар түгіл ерлігін,
Қасы да естіп тамсанды.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 60 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Күркіреп өткен бір соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Күркіреп өткен бір соғыс
Шығарма:  Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк
Балабақша сабақ жоспары: Ұлы жеңіс жасасын
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Ұлы жеңіс жасасын
Курстық жұмыс: Тарих  | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығарма: Соғыс деген суық сөз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс деген суық сөз
Шығарма: Жеңіс күні
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс күні
Шығарма: Ұлы Жеңіске 72 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіске 72 жыл
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)
Қазақша өмірбаян: Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
Өмірбаяндар жинағы
Қазақша өмірбаян: Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Халқының ардақты азаматы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Халкынын ардакты азаматы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Халқының ардақты азаматы, шығарма Халқының ардақты азаматы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Халкынын ардакты азаматы на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарым, Шығарма: Халқының ардақты азаматы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы