» » » Шығарма: Ардагер атама хат!

Шығарма: Ардагер атама хат!

Шығарма: Ардагер атама хат! казакша Шығарма: Ардагер атама хат! на казахском языке
Серікбай Арнұр
3 сынып, В.Г.Белинский атындағы орта мектеп Каскелен қ.
Жетекші: Мамбетова К.А.

Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі – Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге. Н.Ә.Назарбаев.
Сәлеметсіз бе, ардагер атам! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 71жыл толды! Яғни, мен 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатқан, ғылым мен техниканың белең алған заманының түлегі, сіздердің қан мен теріңізді төгіп, жаныңызды қалқан етіп әперген бейбіт заманның бақытты ұрпағы атынан хат жазып отырмын. Сіздердің алдарыңызда тізе бүгіп, балалық пәк жүрегіммен амандықтарыңызды тілеймін. Мен және достарым әр таңда күннің нұрына шомылып, ата-анамызға еркелеп, кең, дархан қазақ елінде туып, жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз – сіздердің арқаларыңызда. Соғыс! Сұрапыл соғыс! Қасірет! Қаншама ата-ана перзентінен, қаракөздер сүйіктісінен айырылып, бүлдіршіндер жетімдіктің азабына бесіктен белі шықпай жатып-ақ түсті.
1941 жылы жер жүзін өзіне бағындырғысы келген Германия баса көктеп кіргенде, сіздер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өлім мен өмірдің арасына түстіңіздер. Қардай бораған оқ, көл болып аққан қан, нөсердей құйылған бомба мен мина, аштық пен суық ызғармен арпалысып қажытса да Отанға деген махаббат, қаза тапқан жолдастарыңызға деген кек қажырландыра түсті. Отан үшін кеуделеріңізді оққа тосып, жауды туған жеріміздің маңына да жолатпадыңыздар. «Батыр майданда шынығады» демекші ауыр жарақат алып, отбасына деген сағыныш жаныңызды күйдірсе де бұл майданнан жеңіссіз шықпадыңыздар. Себебі сіздердің мақсаттарыңыз – жеңіс болды. Ел қорғауға ер намысымен аттанған ардагерлер, қасықтай қандарыңыз қалғанша күресіп, Отан алдындағы борыштарыңызды ақтадыңыздар. Егер сол соғыста жеңіске жетпесек, бәлкім, қазіргі жағдайымыз басқаша болар ма еді? Тіліміздің, мәдениетіміздің, дініміздің, өркениетіміздің сақталуы да үлкен жұмбақ болып қалар еді. Сондықтан, туған жерге деген албырт сезім қолыңызға қару, бойыңызға қуат беріп, өзіміздің көрікті Арқамызды, сұлу Шығысымызды, қонақжай халқымызды «қорға!» деген бұйрық берді. Жеңіс! Міне, төрт жыл бойы аңсаған армандарыңыз ақиқатқа айналды. Дүйім жұрт бейбіт өмірге қадам басып, күллі әлемде Жеңіс туы желбіреді. Ал біз болашақ ұрпақ , Жеңіс туын Еркіндік туына айналдырып, азат елде еркін өмір сүрудеміз. Халқымыз жеңіс тойын тойлауда. Қанды шайқас төрінде күрескен батырлардың жеңісі. Күш беріп мейірлене қараған күлімсіреген көздеріңіз қазақ халқын жеңіс тағдырына жеткізді, көк түтінге оранған аспанымыз ашылды.
Енді оның бәрі де өткеннің еншісінде қалды. Осы күні Ұлы Жеңіске жеткенімізге 71 жыл толыпты. Осы уақытта Қазақстан жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміз тәуелсіз мемлекет болды. Өзінің Әнұраны, Туы, Елтаңбасына ие болды.
Мен Еуропаның жүйрік көлігіне мініп, әр күн мектепке келемін. Зәулім де, ыңғайлы үйде тұрамын. Жарық кең мектепте оқимын. Онда әрқайсысымызда жеке компьютер бар, сыныбымыз техниканың соңғы құрылғыларымен жабдықталған. Демалыста жеріміздің әсем табиғатын тамашалауға шығамын. Қазақстанның осындай жетістіктерге жетуі тек сіздер сияқты батырлардың арқасында! Біз – батыр аталардың ұрпағы. Біз – сіздер қорғап қалған елдің болашағы. Бұл жеңістің қадірін бәріміз де біліп өсуіміз керек.
Он сегізде соғыс атты от кешкен
Жараланып, жас денесін оқ тескен.
Ардагер аталарым аман болшы,
Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 471 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіс
Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым етемін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым етемін
Шығарма: Ұлттық батырлар ерлігі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлттық батырлар ерлігі
Әңгіме:  Сарбасова Азиза | Менің атам  ардагер ұстаз
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: Менің Отаным
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Менің Отаным
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ардагер атама хат! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ардагер атама хат! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ардагер атама хат!, , Шығарма: Ардагер атама хат! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы