Патриот

 Патриот

Манарбек Данагүл
9 сынып, Марғұлан ЖОМ
Екібастұз

Отан басына қиын-қыстау іс түскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі - міне, нағыз патриот сол. Отан – ана барда шын жүрегіңмен сүйетін жер-суың, туған халқың, туған жерің бар. “Отан үшін отқа түс күймейсің” - дейді дана халық. Халық қашанда қалып айтпайды. Ел игілігін тасытуда еңбегімен ел құрметіне бөленген жайсаң жастар арамызда қаншама десеңізші?!
Патриоттық сезім әркімде бола бермейтін қасиет. Қазіргі кезде елі үшін жан беретін адамдар кемде-кем. Көбінесе сөзбен барлығы патриот, ал іспен болса олар аз. Біз патриот болуға міндеттіміз. Себебі: Қазақстанда тұрамыз, бейбітшілікте, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз. Бұған Президентіміздің де үлесі зор. Ол кісінің арқасында бүкіл әлемге танылудамыз. Адамдардың көрген қиыншылықтарына көмектесіп, қол ұшын беруде.
Патриоттық қасиетті өз бойымыздан тудыра білуіміз керек. Оған тек Отанды сүю жатпайды, сол елде тұратын жетім-жесірге қол ұшымызды берсек, бұл біздің елімізге көмек ретінде берген үлесіміз болып саналады.
Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз! Әзірше Отанды қорғау қолымыздан келмесе де, басқа кішігірім болса да істейтін заттар баршылық. Тек шын пейілмен жасасақ болғаны.
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтып кеткен болатын “Отанды сүй, еліңді аялай біл!”- деп, бұл сөздің мағынасын ашсақ көп мән бар.
“Әркімнің өз жері - жұмақ ”- дейді ғой. Әрине, мен басқа елді мекенге барсам, біраз уақыт өткен соң, ауылымды сағынамын. Әр адамға өзінің туып-өскен жері қымбат болады. Бұл жайында жазушыларымыздың шығармашылықтарын қарастырсақ тереңдеу ұғынмыз. 1941 жылдары өжеттілік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес. Көбі лаулап тұрған оттай жас жауынгерлер, гүлдей жайнаған қыздар өте көп еді. Отан үшін, ерлікпен қаза тапқандарды, қасықтай қаны қалғанша соғысқан батырларымызды ұмыту мүмкін емес. Қорыта айтқанда:
Патриот бол еліңді сүйетұғын,
Отан үшін жан беріп күйетұғын.
Сөзбен емес іспен көрсету де,
Бұл батырлық іс болар осы күнде.
Мен осы шығарған өлеңім арқылы, Отанымызды, елімізді сүйсек: патриоттық сезімге жас балаларды тәрбиелесек жаман болмаймыз. “ Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, барлығымыз бір аспан астында өмір сүріп жатқандықтан, бір жұдырық болып жұмылып осы істі алға бастауымыз керек деп ойлаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?