Ару қала – Астанам!

Ару қала – Астанам!

 «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды.

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз.

Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.

Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз.

Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы.

Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!! 


Қажетті сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Оқырман Назерке
    2 + 2 -
    Астана- болашақтың қаласы
    Астана өте әдемі қала! Астана-Еуразияның қақортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрыңғы аты-Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6- мамырдағы жарлығымен Астана қаласы болфп өзгерілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды. 2011 жылы Астанада жетінші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілген.
  2. Жанерке
    Жанерке 30.10.2020 15:31
    2 + 2 -
    Астана Қазақстанның бас қаласы.Астана өте әдемі қала.Қала әдемі Есілдің жағасында орналасқан.Астанада әдемі Бәйтерек,Хан шатыр, Президент сарайы бар.Астананың көшелері кең әрі таза.Қаланың әсемділігіне қарап көз Астана күннен күнге көркейуде
    1. ZHARAR 31.12.2020 04:45
      2 + 3 -
      қысқа астана туралы шығарма эссе күшті