Астана жайлы толғаныс

 Астана жайлы толғаныс

Сүйінтай Ақниет
7 сынып, №24 орта мектеп
Жетекшісі: Құдияр Г.Қ.

“Туған жер тұғырың, туған ел ғұмырың”, - дейді дана қазақ. Әркімге өз туған жері, туған мекені өзге жерден мың мәртебе артық. Мен де бүгін туған қалам Астан жайлы, қала берді алты алашқа бас қала болған Астана жайлы қалам тербемекпін.
Сонау орта ғасырларда даңқты Абылай хан елінің ордасы еткен Яссы яки Түркістан қаласы бүгінде қарға тамырлы қазақтың тәу етер киелі ордасына айналды. Одан кейінгі астана болған қалалардың шоқтығы биігі – ару Алматы. Ғылым мен білім, өнер мен мәдениеттің алтын қазынасына айналған Алматы бүгінде бар қазақты бауырына тартқан қара шаңырақ іспетті.
Ал бүгінгі астанамыздың орны бөлек. Бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен жаудан қорғап қалған Сарыарқаның сайын даласында орын тепкен жас қала күн санап көркейіп, кемелденіп келеді.
Өткен ғасырдың 1998 жыл алтыншы шілдесінен бастап бұрыңғы Ақмола қаласы еліміздің астанасы болды. Биыл Астана қаласына 16 жыл толады . Сол 16 жыл аралықта Астана көз тоймас көркем қалаға айналды. Қалада неше түрлі ғимараттар, көкпен таласқан зәулім үйлер , мұражайлар, ойын -сауық орталықтары бой көтеріп келеді. Әр ғимараттың өзіндік ерекшелігі мен ашылу тарихы бар.
Астананың басты монументі – “Бәйтерек”. “Бәйтерек” монументі еліміздің өсуінің, көркеюінің символы іспетті. Татулық пен тыныштықтың символы болған алып монументтің көлемі де таң қаларлықтай үлкен.
Елордадағы тағы бір таңғажайып ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайы. Төрт қырлы пирамида іспетті сарай Қазақстан халықтарының бірлігі мен әлемнің төрт дінінің тұтастығын көрсетеді.
Астана қаласында орналасқан ең ірі ойын-сауық орталығы – “Хан Шатыр”. Хан Шатыр 2010 жылы ашылған. Хан Шатырдың басқа ойын-сауық орталықтарынан ерекшелігі – жоғары қабатындағы жағажай. Ол жағажайды құмды жағажай деп атап кеткен.
Астана көшелерінен Жамбыл Жабаевтың, Абай Құнанбаевтың, әділдіктің символы болған үш бидің және қазақтың ел қорғаны болған көптеген батырларының ескерткіштерін кездестіруге болады. Осынау ұлт ардақтыларының есімдері бас қаланың көрнекті көшелерін иемденген.
“Талаптыға нұр жауар” дейді халық даналығы. Сондықтан халқыма пайдам тисін, бас қаланың гүлденуіне өз үлесімді қоссам деген ниетпен бүгінде қолыма қалам алып, туған қалам жайлы сөз қозғадым. Келешекте елімнің көк туын жоғары көтеріп, айбынын асқақтатар көсемсөз шебері болғым келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?