Қазақстан - Отаным менің!

 Қазақстан - Отаным менің!

Базарқұлова Іңкәр 8 сынып
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы

Ұясыз құс болмайтындай, Отансыз адам болмайды. Менің Отаным, атамекенім, туған жерім – Қазақстан. Қазақстан деген сөзді естісем көзіме бірден асқар-асқар таулар, шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сайраған құстар, жазық дала, сарқыраған өзен, қарасаң көзің тоймайтын табиғат елестейді. Әр адамға өз Отаны қымбат. Қазақстан мен үшін ыстық, киелі, қымбат, еш жерде қайталанбас, қасиетті өлке. Менің Қазақстанға деген сүйіспеншілігім анама деген махаббатпен тең.

Отан... Бұл бәрінің жүрегіне жылы тиер, әрбірінің жанына ең жақын сөз. Атамекенім – алтын ұям. Егерде адам жыраққа шықса, өзінің туған жерін сағынатын белгілі.

Туған жерге арналған ақын-жазушыларымыздың өлең жырлары қаншама десеңші?! Туған өлкені ештеңемен айырбастауға болмайды.

«Туған өлкең – шежірең» демекші, әр адам өзінің елінің тарихын білуі тиіс. Қазақстан - бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы. Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз қанша аңсады десеңші?! Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді? Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Еліміздің батырлары Отан үшін өмірлерін қатерге тігіп, ерлікпен соғысып, ерлікпен өмірден кетті. Жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы әрбіріміздің есімізде ең ауыр күн ретінде қалды.Ресейдің отарлығына қарсы шеруге шығып, егемендікті армандаған жастарымыз қыршынынан қиылды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ұмытпаймыз, айыптамаймыз да.

Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

Қазір Қазақстан – дербес, егеменді мемлекет. Соңғы 21 жылда Қазақстан үлкен жетістіктерге жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Мұқағали ағамыз айтқандай:

«Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаңменен, далаң да,

Болашақ та, барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»

Біз – еліміздің үміт артарымыз, елімізді көркейтетін де біздер – жастар. Қазақстан, сен кеңсің, заңғар биіксің, ұлы мемлекетсің. Мен сені мақтаныш тұтамын, қадірлеймін, ардақтаймын. Отаным менің! Мен сенің атыңды бүкіл әлемге танытатын перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: менің отаным қазақстан, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, Отан туралы шығарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, meniң otanym қazaқstan, shyғarma қazaқstan turaly, қazaқstan turaly shyғarma, қazaқstan turaly shyғarmalar, meniң otanym қazaқstan turaly shyғarma, meniң otanym қazaқstan turaly shyғarmalar, meniң otanym қazaқstan turaly әңgime, otan turaly shyғarma, otan altyn besik shyғarma, kazaksha otan altyn besik shyғarma, otan altyn besigim shyғarma, Otanym – altyn ұyam besigim shygarma skachat, skachat sochinenie Otanym – altyn ұyam besigim, meniң otanym kazahstan shygarma, Қazaқsha shyғarma: Meniң Otanym - ҚAZAҚSTAN, Қazaқsha shyғarma, Meniң Otanym - ҚAZAҚSTAN turaly kazaksha shagarma, Otan turaly shyғarma, menin otanym kazahstan shygarma, meniң otanym қazaқstan shyғarma synyp, менің, отаным, қазақстан, шығарма, туралы, шығармалар, әңгіме, отан, алтын, бесік, казакша, бесігім, Отаным, , ұям, шыгарма, скачать, сочинение, казахстан, Қазақша, шығарма:, Менің, -, ҚАЗАҚСТАН, шагарма, Отан, менин, сынып, meniң, otanym, қazaқstan, shyғarma, turaly, shyғarmalar, әңgime, otan, altyn, besik, kazaksha, besigim, Otanym, ұyam, shygarma, skachat, sochinenie, kazahstan, Қazaқsha, shyғarma:, Meniң, ҚAZAҚSTAN, shagarma, Otan, menin, synyp