Биология | Қызылша пайдасы көп

 Биология | Қызылша пайдасы көп

Кластан тыс жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе
2. Ал, кәнекей, танысайық
3. Білгіш болсаң, шешіп көр
4. Жарнамалық үзіліс ( 8 «А» класының жарнамасы)
5. Лездік сұрақтар
6. Жарнамалық үзіліс ( 8 «Ә» класының жарнамасы)
7. Химиялық қызықты тәжірибелер:
а) Шырпысыз от
ә) Ауыртпай жасалатын операция
б) Отсыз түтін
в) Жанбайтын орамал
8. Жарнамалық үзіліс ( 8 «Б» класының жарнамасы)
9. Полиглот
10. Жарнамалық үзіліс ( 8 «В» класының жарнамасы)
11. Химиялық жұмбақтар
12. Шығармашылық жұмысты қорғау:
а) Ақтөбе облысындағы экологиялық жағдайлар
ә) Қазақстандық химиктер
б) Ақтөбе облысындағы мұнай - кен орындары
в) Ақтөбе облысындағы химиялық өндіріс орындары
13. Қорытынды

Класаралық сайыстың барысы:
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сиынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты,
Тамашалау бақыты бұйырғандар – дей келе мектебімізде өтіп жатқан, жаратылыстану апталығы кезінде жоспарланып отырған 8 - кластар арасындағы класаралық сайысты ашық деп жариялаймын!
Құрметті, оқушылар, енді осы өткелі отырған сайысымызға төрелік ететін әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.( әділ – қазылар алқасы сайланды)

Кластан тыс жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе ( кластан тыс жұмыстың мақсатымен таныстыру)
Қызық думан - өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап – дей келе сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік! 2. Ал, кәнекей, танысайық ( әр топ өздерін, эмблемаларын таныстырады)
Жарқырап күн көзінде болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия – ырыс - құты көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады – деп, сайысымыздың келесі кезегіне де келіп жеттік.

8 «А» Білгіш болсаң, шешіп көр ( әртүрлі сөзжұмбақтар шешу. Осы жерде ақын Қадыр Мырзалиевтің «Периодтық кесте» өлеңін мәнерлеп оқу )
Мәнерлеп оқыған – Сқақова Гүлімай
Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі»
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік,
Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

Сөзжұмбақ «Шытырман»
Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырсаңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесін оқисыздар. Сөзді жоғарғы шеткі торкөзден бастау керек. Әр торкөздегі әріп бір - ақ рет оқылады.
х и ң д ә м ы д й
и м і д р і н м а
я л в т е а т л о
қ ы и т ы т р у б
р е а к п к ө г е
Жауабы: химиялық реактивтердің дәмін татып көруге болмайды.

4. Жарнамалық үзіліс ( 8 «А» класының жарнамасы)
5. Лездік сұрақтар ( 1минут ішінде 10 сұраққа жылдам жауап беріп үлгеруі керек)

Лездік сұрақтар: 1
1. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым ( Экология)
2. Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы ( Ас содасы)
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (Йод)
4. Сұйық металл ( Сынап)
5. Ас тұзының формуласы (NaCI)
6. Күкірт қышқылының оқылуы ( Аш - екі – эс - о - төрт)
7. Темір элементінің оқылуы (Феррум)
8. Көмір қышқылының тұзы ( Карбонат)
9. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр ( Коэффициент)
10. Периодтық кесте неше топтан тұрады? ( Сегіз)

Лездік сұрақтар: 2
1. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы ( Ас тұзы)
2. Қанның құрамына кіретін металл ( Темір)
3. Периодтық кестеде қанша бейметалл бар? ( Жиырма екі)
4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі ( Атом)
5. Индекс нені білдіреді? (Атом санын)
6. Фосфор қышқылының формуласы ( Н3РО4)
7. Күкірт қышқылының тұзы ( Сульфат)
8. Кремний элементінің оқылуы (Силициум)
9. Электронды беру процесі ( Тотығу)
10. Мұздың кристалдық торы ( Молекулалық)

Лездік сұрақтар: 3
1. Натрий гидроксидінің техникалық атауы ( Күйдіргіш натр)
2. Қалыпты жағдайда сұйық күйінде болатын бейметалл ( Бром)
3. Кальций карбонатының формуласы ( СаСО3)
4. Азот қышқылының тұзы ( Нитрат)
5. Күміс элементінің оқылуы ( Аргентум)
6. Электронды қосып алу процесі ( Тотықсыздану)
7. Ас тұзының кристалдық торы ( Иондық)
8. Метилоранж ненің аты? ( Индикатор)
9. Жылу бөле жүретін реакция ( Экзотермиялық)
10. Табиғатта кездесетін ең қатты минерал ( Алмаз)

Лездік сұрақтар: 4
1. Кестедегі VII топтың негізгі топша элементтері ( Галогендер)
2. Калий перманганатының тұрмыстық атауы ( Марганцовка)
3. Аммиактың формуласы ( NН3)
4. Кремний қышқылының тұзы ( Силикаттар)
5. Қорғасын элементінің оқылуы ( Плюмбум)
6. Сутекті алу үшін қолданылатын шыны аспап ( Кипп аппараты)
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? (Ломоносов)
8. Жылу сіңіре жүретін реакция ( Эндотермиялық)
9. Период саны нені білдіреді? ( Энергетикалық деңгей саны)
10. Фенолфталейннің түсі ( Түссіз)

6. Жарнамалық үзіліс ( 8 «Ә» класының жарнамасы) 7. Химиялық қызықты тәжірибелер:
1. Шырпысыз от – 8 «А»
Қажетті құрал – жабдықтар: калий перманганаты, күкірт қышқылы, спирт, мақта, кәрлен табақша, ағаш жаңқалары.
КМпО4 калий перманганатына ( марганцовка) 1 - 2 тамшы Н2SО4 күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісін тамызып, үстіне тимейтіндей етіп ағаш жаңқаларын қалаймыз. Мақтаны спиртке батырып алып, үстіне 1 - 2 тамшы тамызамыз, сонда ағаш шырпысыз тұтанады.
2. Ауыртпай жасалатын операция – 8 «Ә»
Қажетті құрал – жабдықтар: калий роданиді, темір (III) хлориді, мақта.
КСNS калий роданиді ерітіндісін мақта арқылы қолға жағып, пышақты FеСI3 темір ( III) хлориді ерітіндісіне батырып алып, оның үстінен сызады. Сонда қан қызыл түс пайда болады.
3КСNS + FеСI3 = Fе(СNS) 3 + 3КСI

3. Отсыз түтін – 8 «Б»
Қажетті құрал – жабдықтар: тұз қышқылы, аммоний гидроксиді, шыны таяқшалар.
Концентрлі НСI тұз қышқылының ерітіндісіне шыны таяқшаны батырып алып, екінші шыны таяқшаны NН4ОН аммоний гидроксиді ерітіндісіне батырып, екеуінің ұштарын тигізген уақытта, будақтаған түтін пайда болады.

4. Жанбайтын орамал – 8 «В»
Қажетті құрал – жабдықтар: шағын орамал, су, спирт, шырпы, қысқыштар.
Мақтадан жасалынған шағын орамалды әуелі су құйылған құтыға батырып алып, сығамыз сосын спирт құйылған құтыға батырып, алып ұзын қысқышпен ұстап тұрып, шырпымен тұтатамыз. Сонда орамал сыртындағы спирт жанып, сөнген уақытта орамал жанбай қалады.

8. Жарнамалық үзіліс ( 8 «Б» класының жарнамасы)
9. Полиглот ( қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын, оқылуын және таңбасын жазу, осы жерде мәнерлеп оқу «Периодтық заң»)
Мәнелеп оқыған – Қыдырғали Ринат 8 «Ә»

Периодтық заң
Элементтерді жүйелеуге әркімдер - ақ еңбек еткен,
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.
Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып. Әрбір топ өз алдына бір - бір дастан,
Ғылымның дамуына үлес қосқан.
Алпыс үш элементтің сырын біліп,
Кейбірін Менделеев болжап ашқан
Табылып сан элемент тізбекте өсті,
Бұл күнде бар элемент жүзден асты.
Барлық зат осылардан жаралады,
Ғалымдар мұның – дағы сырын ашты.
Кестеден түрлі түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай өріледі.
Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.
Период басталады жеңілдіктен,
Заңдылық қайталанады сегіздіктен.
Бұл – дағы период заңы, квант сыры,
Көрмейсің бір белгіні бөлек тұрған.

Полиглот
№------ Жасырын элемент ----- Таңбасы ----- Қазақша атауы -------- Орысша атауы ------- Оқылуы
1 ------- лтныа ------------------------ Аu -------------- Алтын -------------------- Золото ----------------- Аурум
2 ------- кйниерм -------------------- Si --------------- Кремний ---------------- Кремний ------------- Силициум
3 ------- сүімк ------------------------- Ag -------------- Күміс --------------------- Серебро -------------- Аргентум
4 ------ рсқоғаны ------------------- Pb --------------- Қорғасын ---------------- Свинец --------------- Плюмбум
5 ------ ымс --------------------------- Cu --------------- Мыс ----------------------- Медь ------------------ Купрум
6 ------ ктеот ------------------------- O ---------------- Оттек --------------------- Кислород ------------- О
7 ------ скует ------------------------- H ---------------- Сутек --------------------- Водород ---------------- Аш
8 ------ ыпасн ----------------------- Hg --------------- Сынап --------------------- Ртуть ----------------- Гидраргирум
9 ------ мреіт ------------------------ Fe ---------------- Темір --------------------- Железо ---------------- Феррум
10 ----- йылақа --------------------- Sn --------------- Қалайы ------------------- Олово ----------------- Станум

10. Жарнамалық үзіліс (8 класының жарнамасы)

11. Химиялық жұмбақтар (әр топ өзі таңдап алған үш жұмбаққа жауап береді)
1. Бірінші бөлігім «көп» емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін? ( Неон)
3. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, «шипалы газ» деп те есептейді (Озон)

4. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін. ( Мыс – сым)
5. Бірінші бөлігім «тасқын су» деген мағынада, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі, өзім химиялық элементпін ( Селен)
6. Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы әрібім алып тасталса шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын (Фтор)
7. Кейде қатты тас тілген болаттан да,
Кейде жұмсақ қолға алсақ, қалады таңба.
Бар ма элемент осындай табиғатта,
Аташы, тағы ойланып ұзақ таңға? (Көміртек)

8. Екі элементтен тұрады,
Жыра, шұңқыр тұрағы.
Ол болмаса әлемде,
Барша тірлік қурайды (Су)
9. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың (Ас тұзы)

10. Өзім газбын, менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (Оттек)
11. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (Су)
12. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутек)
Ғажайып нәрсе химия
Тұңғиық сыры әр алуан
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған – келесі кезекте

12. Шығармашылық жұмысты қорғау:
а) Ақтөбе облысындағы экологиялық жағдайлар
ә) Қазақстандық химиктер
б) Ақтөбе облысындағы мұнай - кен орындары
в) Ақтөбе облысындағы химиялық өндіріс орындары

13. Қорытынды (әділқазылар алқасына сөз беріледі)
Химия – жыр, әніміз шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын - күміс, жатқан аңыз – дей отыра, осы сайысымызға манадан төрелік етіп отырған әділқазылар алқасына сөз берелік......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!