Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру » ZHARAR © 2017 | дене шынықтыру сабақ жоспары, дене шынықтыру ашық сабақ жеңіл атлетика, дене шынықтыру ашық сабақ жүгіру, дене шынықтыру сабағы туралы, открытые уроки на казахском языке про физической культуре




  • »

Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру

Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру казакша Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру на казахском языке

Ақмола облысы Есіл қаласы
№ 3 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Нуртазин Асылбек Кайыркенович

Сабақтың тақырыбы: 3х10 метрге қайталал жүгіру.
Сабақтың мақсаты: 1) Жүгіру әдістерін үйрету.
2) Жылдамдық сапасын және қимыл-қозғалыс ойынында ептілік қабілеттерін жетілдіру.
3) Ұстамдылыққа, жігерлілікке және төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт кешені.
Керек құрал-жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, кубиктер.

I. Кіріспе бөлім: 12 минут
Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу.
Сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру.
Саптық жаттығулар: Оңға! Солға! Артқа бұрылу.

II. Жүру жаттығулары: Екі қолды алға және екі жанға соза тепе-теңдікті сақтай жүру.
Қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, екі қол желкеде өкшемен жүру, аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру, жартылай отыра және толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары: Саппен ирек жүгіріспен жүгіру. Аяқты өкшеге тигізе жүгіру, екі тізені биік көтере жүгіру, оң (сол) жақ иықпен тіркемелі адыммен жүгіру, арқамен жүгіру.

Секіру жаттығулары: Екі қол белде қос аяқтап секіру, екі қол белде оң (сол) аяқпен кезектесіп секіру. Жәй жүріс, терең тыныс алып демалу.

Жалпы дамыту жаттығулары: Бір қатардан, екі қатарлы лек тұрғызып дене мүшелерінің буындарына жаттығу жасату.

Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде, мойынға арналған жаттығу, екі қол белде (Б. қ. а. и. к. ) басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру.
Б. қ. а. и. к. оң қол жоғарыда, сол қол төменде, 4 реттен қолды кезектесе сермейміз.
Б. қ. а. и. к. қолдың басы иықта, 4 рет алдыға, 4 рет артқа айналдыру. Б. қ. а. и. к. қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі. 4 рет қолды жазбай сермейміз, 4 рет жазып сермейміз. Жаттығуларды оңға, солға жасаймыз.
Б. қ. а. и. к. екі қол белде, оңға (солға) , алға(артқа) иілу.
Б. қ. а. и. к. Екі қол белде, оңға, (солға) 4 реттен белді айналдыру.
Б. қ. а. и. к. қол тізеде, аяқты ішке, сыртқа 4 реттен айналдыру.
Б. қ. а. и. к. отырып, тұру; қолды бүгіп, жазу.
Бір қатар сапқа тұрғызу.
Жаттығуларды толық жасауын қадағалау.


II. Негізгі бөлім: 28 минут

Қайталап жүгіру (3х10 метр) – бақылау.
Ұлдар: «5» - 9,3-9,0 сек.
«4» - 10,1-9,4 сек.
«3» -10,5-10,2 сек.
Қыздар: «5»- 9,6-9,4 сек.
«4» -10,3-9,7 сек.
«3» -10,6-10,4 сек.

Қозғалыс ойындары: «Беріп, жүгіріп өт».

Оқушылар 2 немесе 4 командаға бөлінеді. Капитан командадан 3-4 метр қашықтыққа қарсы тұрады. Берілген сигнал бойынша допты капитан бірінші тұрған оқушыға береді. Бірінші оқушы допты жерге соға беріп, капитанның артына келіп тұра қалады. Эстафета барлық оқушылар капитанның артына толық келгеннен кейін аяқталады.

Уақытты есептей отырып, тағы бір ойын өткізуге болады.

III. Қорытынды бөлімі: 5 минут

Сапқа тұрғызу. Сабақты талдау, сабаққа жақсы қатысып тапсырмаларды, бұйрық бойынша дүрыс орындаған оқушыларды анықтау, бағалау.
Кемшіліктер болса, оларды түзету жолдарын айту.
Үй тапсырмасы: Жаттығуларды қайталау.
Бір қатарға тұрғызып саппен залдан шығару.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы | | 1 004
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, 3х10 метрге қайталал жүгіру., дене шынықтыру сабақ жоспары, дене шынықтыру ашық сабақ жеңіл атлетика, дене шынықтыру ашық сабақ жүгіру, дене шынықтыру сабағы туралы, открытые уроки на казахском языке про физической культуре, Қазақша ашық сабақ Дене шынықтыру 3 х 10 метрге қайталал жүгіру, дене шынықтыру сабақ жоспары, дене шынықтыру ашық сабақ жеңіл атлетика, дене шынықтыру ашық сабақ жүгіру, дене шынықтыру сабағы туралы, открытые уроки на казахском языке про физической культуре, Қазақша ашық сабақ Дене шынықтыру 3 х 10 метрге қайталал жү, Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .