Физика | №2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың еруінің меншікті жылуын анықтау.»

 Физика | №2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың еруінің меншікті жылуын анықтау.»

Мұғалім аты: Азат Сейылқан
Пән аты: Физика
Мекен жайы: Алматы облысы Жамбыл ауданы
Мектеп аты: Үңгіртас орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: №2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың еруінің меншікті жылуын анықтау.»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: : мұздың еруінің меншікті жылуын тәжірибе жүзінде анықтауды үйрену барысында оқушылардың құралдармен жұмыс жасау, аспап шкаласының бөлік құнын анықтау.өлшеу қатгліктерін есептеу және қорытынды жасай білу дағдыпарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, таразы, термометр, калориметр, бір кесек мұз, сүзгі қағаз, шәугім (бүкіл сыныпқа біреу).
Егер зертханалық құрал – жабдық болмаса электронды оқулықпен орындауға болады
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
a) Балқу дегеніміз не?Балқу кезінде заттың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
b) Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
c) Затты балқыту үшін қажетті жылу мөлшері қалай есептеледі?
2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жұмыс барысы:
1. Таразымен калориметрдің ішкі ыдысының массасың өлшендер: тк.
2. Оған су құйып және калориметрдің ыдысын суымен қоса өлшеңдер т, судың массасын аныктаңдар: тс=т—тк
3. Ішкі ыдысты суымен сыртқы ыдыстың ішіне қойыңдар және судың t температурасын өлшеңдер.
4. Алдын ала оны сүзгі қағазбен кептіріп, мұзды суға салыңдар.
5. Суды термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен t температураны белгілеңдер.
6. Калориметрді қайта өлшеп жөне суға салынған мүздың т массасын анықтаңдар.
7. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
mk кг mс,кг кг tc=tk t mM

8. Жылу балансы тендеуінен мүздың еруінің меншікті жылуын анықтаңдар.
Q1+Q2=Q3+Q4 мүңдағы, Q1-калориметр стақанының берген жылуы, Q2-судың берген жылуы, Q3-мұздан алынған суды жылытуға кеткен жылу.
9. Қорытынды жасаңдар.
4. Жұмысты қорытындылау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: §1-12 қайталау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: seyl
  • 17 586



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?