Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916) » ZHARAR © 2016 | сара тастанбекова туралы қазақша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша омирбаяны, сара тастанбекова туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке сара тастанбеккызы, биография на казахском языке сара тастанбеккызы




  • »

Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916)

Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916) казакша Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916) на казахском языке

Тастанбекқызы Сара (1878–1916) – айтыскер ақын. Туған жері – қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы – Найман.

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы — тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе баскан жетімдік пен жоқшьшыктың зардабын көріп өседі.

Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916)Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі — немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.

Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.

Осылайша қаршадайынан басы дау-шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Са-раның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный каласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр кайғысына ортақтастығын білдіреді.

Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен, теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы-мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы — ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдыңда», «Жүрек сыры», «Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлендері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Тастанбекқызы Сараға арнап, Талдықорған облысының Ақсу ауданында ескерткіш тас қойылады. Ал 1993 жылы Т. Қалиилаханованың «Ақын Сара» деген кітабы жарық көреді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 309
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, сара тастанбекова туралы қазақша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша омирбаяны, сара тастанбекова туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке сара тастанбеккызы, биография на казахском языке сара тастанбеккызы, биография на казахском языке, сара тастанбеккызы, реферат на казахском языке, сара тастанбекова туралы, қазақша реферат, сара тастанбекова, тастанбекқызы сара туралы қазақша реферат, тастанбекқызы сара туралы қазақша өмірбаяны, тастанбекқызы сара туралы, тастанбекқызы сара, сара тастанбекова туралы қазақша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша реферат, сара тастанбеккызы туралы казакша омирбаяны, сара тастанбекова туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке сара тастанбеккызы, биография на казахском языке сара, Қазақша реферат: Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .