Қазақша реферат: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921) » ZHARAR © 2017 | мәди алшынбаев туралы қазақша реферат, алшынбаев мади туралы казакша реферат, алшынбаев мади туралы казакша омирбаяны, мәди алшынбаев туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке алшынбаев мади




  • »

Қазақша реферат: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

Қазақша реферат: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921) казакша Қазақша реферат: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921) на казахском языке

1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Арғы атам – әулие еткен Ер Қазыбек,
Бекболат – оның ұлы болыпты бек.
Тіленші – одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп туған бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбай-ды,
Аруағынан естіген жан қалшылдайды.
Атағы Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.

Сұрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан арасында,
Жаралған артық болып асыл затым, -
деп өзінің бекзадалық болмысын, Алашты билеген алыс-жақынға сөзі өткен асылдардың тұқымы еткенін жария еткен.
Мәди – арқалы ақын, әнші, композитор. Ғазиз басы отарлықтың озбырлығына көнбеген күрескер тұлға.

Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Мәди адуынды әжесі Алшынбай атасының тоқалы Ұлжанның бауырында ерке болып ержетіп өскен. Мәдиді бала кезінде әкесінің ағасы Қақабай қатты еркелеткен. Бес жасынан бастап Қожабек медресесіндегі Ысқақ ишанға оқуға береді. Іске қабілетті, талантты бала зерек те болып, етіне таяқ тигізбей жақсы оқыпты. Мәди есейе келе Қақабай атасына қарасты мал-мүлікті еркін жұмсай береді. Дүние үшін ағайын арасы қырбай болып, Қақабай Мәдидің жас кезінде атастырған қалыңдығынан айнып, берген малын қайтарып алады. Осылайша, әлді ағаның озбырлығына қара күшпен жауап берген Мәди қимылын малды туыстар өрескел көріп, өтірік шындықты жала жауып, істі қылып жібереді. Жергілікті жуандармен ұстасқан Мәдидің батыл қимылдары мен өткір өлеңдері, асқақ әндері отаршыл озбырлардың да зәре-құтын ұшырып, олар еркіндікті насихаттайтын, жаны азаттыққа құштар жеке батырды жазалауға құлшына кіріседі.

Үстем тап өкілдерінің «ұры» деген жалған жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады.

Мәди өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің көпшілік назарына ұсынған деректеріне қарағанда әнші 25 жасынан бастап бірнеше мәрте қуғын-сүргінге түсіп, абақтыға қамалып, жер аударылып, кең даланың «сайынан саяқ құрлы сая таппай», қашқын атанады.

Ақынның композиторлық шығармашылығының өрістеген шағы, атағы шығып, ел аузында батыр атанғаны да осы кез деп шамаланады.

1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде де талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. «Шіркін-ай» әні осы кезде туған.

1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеушісі Айтқожа Теміржанов Мәдиді «жылқы ұрлады, түрмеден қашты» деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысында отырып қарсы алады.

Замана дауылы соғып, аласапыран өзгерістерге толы дәуірде дүниеге келіп, қамшы сабындай келте ғұмыры сүргінде өткен Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылыми баға беріп, нотаға түсірген А. В. Затаевич.

Мәдидің әрбір әнінен оның тәкаппар тұлғасы, Сарыарқаның сайын даласындай кең тынысы, шексіз тереңдігі аңқып тұрады. Философиялық толғамы сұлу сазымен жараса өрілген «Үшқара» таудан аққан тасбұлақтай шымыр, гауһардай жарқылдаған «Шіркін-ай» кез келген композитор «менің әнім осындай болса ғой» деп армандайтындай шығармалар.

Бір өзі бір операға арқау болатындай шығарма «Қара кесек» әнінің орны тіпті бөлек. Қазақ музыка өнерін теориялық тұрғыдан негіздеуші, академик Ахмет Жұбанов аталған әнге төмендегідей баға берген: «Мәдидің „Қара кесегі“ бүкәл қазақ халқының әнұраны десе де болғандай. Мәдидің қазақ перзенті үшін орны бөлектігі де осындай ұлы шығармалар тудырған қайталанбас талантында».

Адамзат сапарының тарихында ұлттың рухани әлемінде өшпес із қалдырып, құйрықты жұлдыздай ағып өткен ерекше тұлғалардың бірі Мәди деп сеніммен айтамыз.

Мәдидің өміршең әндері Сарыарқаның сары беліндегі Қоянды жәрмеңкесінен бастау алып, байтақ еліміздің, алыс-жақын шет елдердің әлемдік биік сахналарынан шырқалуда.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 35
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .