Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763) » ZHARAR © 2017 | сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша омирбаяны, сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке хангельды батыр сырымбетулы




  • »

Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763)

Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763) казакша Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763) на казахском языке

Сырымбетұлы Хангелді - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі –Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Көнекөз кәриялардың, батырдың қазіргі ұрпақтарының айтуына қарағанда, оның аты Хангелді емес, Қангелді көрінеді. Бала анадан шыр етіп жерге түскенде, қан шеңгелдеп туғандықтан, оған халық дәстүрі бойынша «Қан-келді» деп ат қойыпты.

Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763)Хангелді заманында айтулы батыр болған. Ұлы жүздің ақылшы білікті адамдарымен аралас-құралас жүріп, ел басқарысқан, жау жүрек батырларымен үзеңгілес жүріп, қол бастаған.

Аягөз, Тесіктас жерінде жоңғарлармен болған шайқастарда ерлігімен ерекше көзге түскен, атақты Аңырақай соғысына қатысқан.

Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әкесімен тізе қосып, үлкен ұлы Тілеуке мен немересі Райымбек те жауға шапқан. Екеуі де есімін ел таныған батыр болған.

Хангелді батыр сол кездің жағдайына орай Ұлы жүз қазақтарының Роосияға қосылуына ел ағаларымен бірге елеулі үлес қосады. 1733 жылы Төле би, Сатай және Бөлек батырлармен бірге орыс мемлекетінің қол астына қарауға тілек білдіріп, орыстың патша әйелі Анна Ивановнаның (Иоанновнаның) атына хат жазды. Бұл алғашқы хатты Аралбай батыр мен Оразгелді батыр жеткізсе, бір жылдан кейін, яғни 1734 жылы тағы да патша атына жазылған екінші хатты Петерборға тікелей Хангелді мен Төле бидің немере нісі Айтбай екеуі апарады.

Ел аузында Абылай сұлтан жоңғарлар қолында тұтқын болғанда, оны босатуға Төле би бастап барған тоқсан адамның ішінде Хангелді де болған көрінеді. Ол қолбасшылығымен аты танылған кезде еларалық бітімгерлік жұмыстарға да барып, өзінің білікті мәмілегерлігімен де көзге түседі. Қытай деректерінде оның Жауғаш батырмен бірге қытайдың шекара әкімшілігіне барғаны айтылады.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 16
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша омирбаяны, сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке хангельды батыр сырымбетулы, биография на казахском языке хангельды батыр сырымбетулы, биография на казахском языке, хангельды батыр сырымбетулы, реферат на казахском языке, сырымбетұлы хангелді батыр туралы, қазақша реферат, сырымбетұлы хангелді батыр, сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша реферат, хангельды батыр сырымбетулы туралы казакша омирбаяны, сырымбетұлы хангелді батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке хангельды батыр сы, Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .