Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ   ТИІМДІЛІГІ

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға “менеджмент” деген тез енді.” Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус” , яғни “қол,күш” дегенді білдіреді.
Күнделікті тұрмыста бұл сөз белгіл бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған шешім , әрекет-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен , менеджменттің тиімділігін және оның іс-әрекетін экономикалық табыстар,экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататын – қолда бар адам мен материалдар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын – ең алдымен адамдар. Осыдан :менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен,менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымтастыру . Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды , олардың жұмысын жандандыруды , әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару , басшылық ету орган.
Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару.

1. Сыртқы ортаны бағалау және талдау

Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш параметрі (өлшемі) бойынша зерттейді.
1. Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.
2. Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.
3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауіп-қатер мүмкіндігін анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына, қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіидік береді.
Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрақтарға жауап береді:
1. Ұйым қазір қайда орналасқан?
2. Жоғарғы басшының пікірінше, болашақта ұйым қайда болуы тиіс?
3. Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?
Сыртқы ортаны талдағанда мынадай факторларға көңіл бөледі.
Экономикалық факторлар. Бұлардың ішінде: инфляция немесе дефляция қарқыны, жұмыс бастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы. Осы факторлардың әрқайсысы фирмаға қауіп-қатер төндіруі, немесе жаңа мүмкіндіктер беруі мүмкін.
Саяси факторлар. Бизнес пен кәсіпкер фирмалары жетекшілерінің саяси процеске белсене қатысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін көрсетеді. Басшы жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік құжаттарын, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы күшін жалдау жөңіндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай-ақ басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда келісімдерін қадағалауы тиіс. Үкімет іскерлік мәселелерге тұрақты және белсенді қатысатындықтан, ұйымдар саяси әрекетті мұқият қадағалауы тиіс.
Нарықтық факторлар. Өзгермелі нарықтық сыртқы орта тұрақты талдау объектісі болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның факторлары алуан түрлі алуан түрлі,оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр түрлі бұйымдардың өмірлік цикліне нарыққа (рынокқа) енудің жеңілдігі, халық табысының бөлінуі және саладағы бәсеке деңгейі. Әртүрлі нарықтық факторларды талдау басшыға оның стратегиясын айқындауға және бәсекелестер бойынша фирма позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Технологиялық факторлар. Сыртқы ортаның технологиясын талдау өндіріс технологиясындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Халықаралық фактарлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ компаниялар халықаралық рынокта жұмыс істейді.
Осыған орай біршама кең ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап отыру қажет.
Бәсеке факторлары. Профессор Портер мұндай объектіні талдауды, бәсекелесуші ретінде, басшы мынадай сұрақтарға нақты жауап беруі тиіс деп есептейді: «Бәсекелесушіге не қозғау салады?», «Бәсекелесуші не істейді?» және «Ол не істей алады?». Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық элемент қатысады:
1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау, 2. бәсекелесушілердің ағымдары стратегиясын баралау, 3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда жұмыс істейтін компанияның алгышарттарын шолу және 4. бәсекелесушілердің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.
Басшылардың осы элементтерді мұкият зерттеуіне көмектесу үшін Портер төрт сұрақ ұсынады:
1. Бәсекелесуші өзінің қазіргі жағдайына канағаттана ма?
Бәсекелесуші стратегиядағы қандай өзгеріс қадамын қабылдайды?
3. Бәсекелесушінің осал жері кандай?
4. Бәсекелесуші жақтан қандай ірі және неғұрлым тиімді шаралар килігуі мүмкін?
Әлеуметтіік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі„ қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.

Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соғаң қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Жүргізінен талдаудан кейін басшы үйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс
.




2.Ішкі ортаны бағалау және талдау

Фирманың ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ қөіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың зор маңызы бар.Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.
Басқарушының тексеруі мынадай функцняларға жүргізіледі: маркетинг, қаржылар (бухгалтерлік есеп), операциялар (өндіріс), адам ресурстары, сондай-ақ мәдениет пен корпорация бейнесі.
Маркетингті тексергенде мынадай факторлар қарастырылады:
1. Нарық үлесі және бәсекелесу қабілеті.
2. Бұйым ассортиментінің алуан түрлілігі және сапасы.
3. Нарықтық демографиялық статистика.
4. Тауарды жұртшылыққа сатар алдында және сатқаннан кейінгі тексеру.
5. Нарықтық зерттеу және іздестіру.
6. Тиімді өткізу, жарнама және тауардың қозғалысы.
7. Пайдалар.
Қаржылар—бухгалтерлік есеп. Қаржы күйін талдау бәсекелесушілермен салыстырғанда ұйымның алдағы ішкі мүмкіндіктері мен осал тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Операциялар. Фирманың ұзақ уақыт өмір сүруі үшін операцияларды басқаруды үздіксіз тексерудің айрықша маңызы бар. Мұнда мынадай сұрақтарға жауап берілуі тиіс;
1 Бәсекелесушілермен салыстырғанда тауар өндіруді немесе қызмет көрсетуді неғұрлым төмен бағамен жүзеге асыруға бола ма? Егер болмаса, себебі қандай?
2. Жаңа материалдарды алу мүмкіндігі қандай?
3. Біздің жабдықтар (қуаты) қазіргі талапқа сай келе ме және ол жақсы жұмыс істей ме?
4. Сатып алу материалдар аумағының қорын және тапсырысты (заказ) жүзеге асыру уақытын кемітуге есептелген бе?
5. Біздің өніміміз маусымдық сұраныстың ауытқуына ұшырады ма, жұмыс істейтіндерді уақытша босатуға не себепші болады? Егер бұл осылай болса, осы жағдайды қалай түзетуге болады?
6. Біздің бәсекелесушімізге қызмет көрсете алмайтын рынокқа біз қызмет ете аламыз ба?
7. Біз сапаны бақылау жүйесін тиімді, әрі нәтижелі жүргізе аламыз ба?
8. Біз өндіріс процесін қаншалықты тиімді жоспарладық және жобаладық?
Адам ресурстары. Адам ресурстары функциясын тексеруде бірқатар мәселелер бар. Ұйымда кездесетін адам ресурстарына байланысты проблемалар ,мына темендегідей:
1. Қазіргі кезде бизнес саласында жұмыс істейтін қызметкерлер типін Сіз қалай сипаттар едіңіз, болашақта олардан не күтуге болады?
2. Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен әзірлігі қандай?
3. Бізде тиімді, әрі бәсекелесуге қабілетті жүйе бар ма?
4. Біз басшы қызметкерлердің орнына адам белгілеу тәртібін жоспарлаймыз ба?
5. Біз басшы қызметкерлерді даярлауды және білімін жетілдіруді тиімді пайдаланамыз ба?
6. Соңғы жылдары бізде жетекші мамандардан айырылып қалу болды ма? Егер болса, себебі неде?
7. Біздің жүйедегі қызметшілердіц іс-әрекетін баралау мұқият талдау соңғы рет қашан жүргізілді?
8. Сапа үйірмелерін пайдалану немесе жұмыскерлердің басқаруға қатысуы бойынша біз бұйым сапасы мен қызметкерлер жұмысын жақсарта аламыз ба?
Осы сұрақтардың әрқайсысын мұқият қарастыру арқылы басшы мүмкіндіктерді айқындап, тиісті өзгерту шараларын қолдана алады. Егер ұйымда білікті қызметкерлер мен іскер басшылар жеткілікті болса, онда алуан түрлі балама стратегияларды қолдана алады.
Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар фирманың ішкі және сырткы қалыпты күйін сақтай алатың факторларга толық жауап береді. Бұран жататындар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі (имидж).
Ұйымдағы қарым-қатынасты немесе хал-ахуалды корпорация мәдениеті деп атайды, Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет-ғұрпын бейнелейді. Басшы белгілі бір типтегі жұмысксрлерді ұйымға қабылдағанда және қолайлы мінез-құлықты қалыптастырғанда осы мәдениетті пайдаланады.
Корпорацияның ұйым ішіндегі, сондай-ақ одан тысқары бейнесі қызметкерлер, клиенттер және коғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұнын өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен, студенттердің қай колледжке немесе университетке көбірек ден қоятындығы осы ұйымның бейнесіне — имиджке байланысты.
Фирманың мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы-жаман атануына - репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жету, ойдағыдай ма? Мұны ол өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы саладағы басқа ұйымдармен салыстырғанда жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле ме? Осындай сұрақтарға жауап беру компанияның мәдениеті мен бейнесі қаншалық екендігін көрсетеді?
Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет ететін, қазірше коя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап, сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады.


3. Стратегиялық жоспарлау

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің - «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бүл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

4. Рынок сыйымдылығының және өткізу көлемін тиімділігін жоспарлау

Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады, сондықтанда кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу келемін болжалдау маңызды рөл атқарады.
Кез келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжалдауға байланысты. Сол себептен де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша рөл атқарып қоймай, басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте — өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда — шикізат қажетін, ал қаржы саласында — ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжалдау ерекше қажет.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункті мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады: — қысқа мерзімдік; өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны). географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу:
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктары бұрынғы өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері т. б.
Болжалдаған кезде тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай-ақ орташа және ұзақ мерзімді бағалау мен болжалдауды ескеру қажет. Соңғы екі уақыт мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қысқа мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі, кез келген артық материалдардың қолайлылығы т. б.)
Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы байланыстарды үш түрлі тәсілмен аныктауға болады:
- рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметтің заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің болжамы) және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт аралығында (қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен пайда кұнының болжамы;
- бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уақыт кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы құжаты (документ),
- рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемінің. болжамы сол уақытта бюджет болады, егер оны компаниядағы жалпы қызметке жауаптылар қарап, бекітетін болса.
Жоспар жасаудың алғашкы қадамы бастапқы ақпарат (информация) жинау болып саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.
5. Фирма ішіндегі деректерді талдау
Өткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте түрінде беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс:
1. сату айналымы (саны);
2. сату құны (айналымы);
3. сату бағасы (өз өнімдері, бәсеке өнімдері);
4. өз өнімдерінің өткізу болжамы;
5. өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көр-сеткіштердің арасындағы ауытқулар.
Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық
ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктері өткізудің болашақтағы деректерін болжауға ықпал етеді, Өткізу статистикасы мынадай өзгерістер бойынша айқындалады:
1. тауарлар және тауар топтары;
2. сауда есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;
3. сатып алушылар тобы;
4. тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі;
5 сату жолдары.
Тауарларды тобы бойынша айыру өте қажетті, өйткені сауда
бағдарламасы көбінесе едәуір ауқымды. Оның үстіне тауарлардың кейбір түрлеріне сыртқы жағдайдың әр түрлі әсері ықпал етеді.
Сауда аудандары және аудан өкілдіктері бойынша айыру жекелеген ауданда тауарлардың өткізілуінің дамуын көрсетуге, сауда қызметкерлерінің арасындағы өзара байланысты, жарнамалардың және жарнама құралдарының тиімділігін талдауға, сондай-ақ, сатушылардың жалақы деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.
Барлық 5 пункт бойьнша өткізудің жүйелі деректері өткізудің кұрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат береді. Тұтастай алғанда фирма ішіндегі деректер өткізу жолдарын көрсетуге, әрі оған жұмсалатын шығындарды белгілеуге мүмкіндік береді.

6. Рынок туралы деректерді талдау

Рынок туралы деректерді алу өте қажет, өйткені бұрынғы өткізу қызметінің көрсеткіштері болашақта өткізілуге тиісті тауарларды бағалауға мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым көлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Батыс кәсіпорындарында мынадай көрсеткіштер талданады:
1. аудандарға және жас топтарына белінген тұрғын халық санының динамикасы. Мұндай мәлімет халық тұтынатын тауарларды сатуды ұйымдастыруда айрықша маңызы бар;
2. әр жан басына есептегенде тауар тұтынылу. Мұндай деректерді талдау тұтынушылардың талғам-тілегіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді;
3. халық (сатып алушылар) табысының динамикасы. Мұндай мәлімет шығынның бір түрінен екінші түріне ауысуын көрсетеді;
4. сатып алу қабілетінің динамикасы;
5. рыноктағы барлық салыстырмалы тауарларға тұтастай сұраныс динамикасы. Мұндай деректерді нақты өнеркәсіптік саладағы өндірістік қуаттың пайдалану статистикасы бойынша алуға болады. Осындай талдау өзара алмастырылатын тауарлардың пайдаланылуының ауысу мүмкіндігін көрсетеді;
6. бәсекелестердің өндірістік қуатының немесе нақты салада жұмыс істейтіндер санының өзгеру диамикасы.
1—3 пункттер бойынша қандай мәліметтердің алынғанына қарай, кәсіпорын өзінің өндірістік бағдарламасын өзгертеді.
4—6 пункттердегі деректерді талдау, тауарларды 3 топқа бөлуге мүмкіндік береді:
- өскелең сұранысқа ие тауарлар;
- бейтарап тауарлар;
- сұранысы кеміген тауарлар.
Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды фирма ішіндегі деректермен салыстыру, рынок динамикасы мен кәсіпорын меншігіндегі динамика аралығында қалыптасқан пропорцияны бейнелейді.


7. Рынокты арнайы зерттеу

Рынок динамикасын бақылау және оның коньюктурасын талдау, өткізу динамикасы туралы қажетті деректер алудың маңызды құралы болып саналады. Рыноктың дамуын бақылау - бұл кәсіпорынның ұдайы мәлімет алуы, іс жүзінде рынокты әрдайым «екінші рет» зерттеу, яғни бар деректерді талдау.
Мұндай деректердің біразы кәсіпорында болады (айналым статистикасы, өкілдер есебі), біразын басқа көздерден алуға болады (орталық статистика басқармасышық, сауда палаталарының ассоциациялары мен одақтардың деректері). Оларды талдау өткізу бөлімінің тұрақты міндеті болып саналады.
Соңғы жылдары тікелей зерттеу, басқаша айтқанда арнайы зерттеу айрықша маңызды бола түсті. Мұндайда рыноктың жай-күйі бірден алынады. Осындай жағдайда сандық және сапалық зерттеулер қолданылады.
Жалпы алғанда болжалдау тәсілі үш топқа бөлінуі мүмкін:
- сандық; сапалық; құрама.
Тұтастай болжалдау тәсілі аумағында тауар өткізу жөніндегі басқарушы күрделілігі жөнінен алуан түрлі амалдардың біреуін таңдап алуы тиіс. Тәжірибеде тәсілді таңдауға мынадай факторлар ықпал етеді:
-осыған байланысты шығын деңгейі (ақша және уақыт);
- қолда бар тәжірибелер мен эксперттер ұсынысы;
- компьютерлік техникалардың болуы.
Тауар өткізу жөніндегі басқарушы, әр түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу үшін болжалдаудың қарапайым және күрделі тәсілдерінің кейбіреуінен хабардар болуы тиіс.
Осы зерттеулер көмегімен алынатын деректер көпшілік қолды тауарларды өткізу саласында айрықша кажетті, мүнда «Стайлинг», буып-түю, тауар атауы т. б. шешуші рөлі бар.
Жұртшылықтың тауар сатып алуы тек сол тауардың сапасына ғана емес, сондай-ақ оның буып-түйілуіне, сыртқы формасына т. б. байланысты екендігі белгілі. Мұнда жарнама да елеулі ықпал етеді. Тұрақты сатып алушылар жарнама фильмдерде немесе плакаттарда көрген тауарларын сөредегі тауарлармен ұқсастыра білуі тиіс. Кейде тұтынушылар тауарлардың буылып-түйілу формаларына, түсіне т. б. көбірек көңіл бөледі. Мұндай мәліметтерді сұрау салу (ауызша, жазбаша немесе, соңғы жылдары телефонмен) арқылы білуге болады.
Тиісті акциялар жасаған кезде тәжірибелі мамандарға жүгіну қажет, өйткені мәселелердің қойылуының өзі көпшілік жағдайда оның бағытына жауап береді немесе ықпал етеді. Қосымша зерттеулер жүргізу арнайы фирмалардың дербес ісі.
Батыс Европа елдері мен АҚШ-та жоғарыда аталғандармен қоса мынадай тәсілдер де қолданылады:
- тұтынушылардан сұрау салу; нарық индекстері; қойманы бақылау; сауда фирмасы қоймасының есебі.
Рынокты зерттеуге мамандандырылған ірі фирмалардың өзінде тұтынушылардың тұрақты топтары болады да, сол топтардан ұдайы сұрау салып отырады.

8. Тауар өткізудің тиімділік жоспары '
Оның негізгі алынған деректерімен және болашақта өткізу болжамымен қаланады. Тауар өткізуді әр айға және аптаға жоспарлайды. Егер тауарларды қайта бөлу тенденциясы байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады Мұндайда жылдық мөлшер шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық айналымның бөлігі ретінде есептейді.
Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс процесі, әдетте, тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін тауар өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасы тәсілімен жасайды.
Жоспарды сандық көрсеткіштермен жасағаннан кейін кұндық көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады., мұндайда әдетте орташа бағаға сүйенеді.
Содан кейін өнімнің жекелеген түрлері, тауар өткізу аудандары мен сатып алушылар тобы бойынша өткізу шығындарының жоспары жасалады.
Осыдан кейін өндіріс құны мен сату бағасының ең төменгі деңгейі бойынша жоспарлы пайданы анықтайды. Мұнда ең көп жеңілдікті және төлем жағдайын анықтау қажет.
Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен барлық сатушылар үшін қосымша нұсқаулар жасалады.
Сонымен, тауар өткізу жоспары қалған барлық жоспарларды жасаудың негізі болып саналады жәнеде әрдайым бұған мыналар енеді;
- мөлшерлік (сандық) жоспар;
- құн жоспары;
- жеңілдіктер, мерзімдер және төлем жағдайлары туралы нұсқаулар.


9. Пайданы жоспарлау

Пайданы (кірісті) жоспарлау - - кәсіпорынды басқарудың маңызды құралы. Кәсіпорын стратегиясы әдетте пайда табуға тырысатындықтан, бұл жоспар ең өзектісі болып саналады.
Пайданы жоспарлаудың алуан түрлі тәсілдері болады, соның төртеуі неғұрлым кең тараған.
1.Тиімділікті болжалдау. Жұмсалған капиталдың тиімділігін есептеу үшін айналым капиталы шамасы мен жүмсалған капиталдан түскен пайда мөлшерінің (%) мәнін табады. Мұнда мынадай формуланы пайдаланады:



айналым қаржысы +күрделі қаржы-жұмсалған капитал;

айналым қаржысы капитал айналымдық коэффициент;
жұмсалған капитал

капитал айналымы пайда коэффициенті;
өзіндік құн

пайда тиімділік коэффициенті;
айналым

айналым-- * пайда капитал тиімділігі
жұмсалған капитал айналым

АҚШ-та формула кеңінен, тіпті өнімнің жекелеген түрлері бойынша да қолданылады.
2. Тиімділік лимитін талдау. Бұл тәсіл график арқылы жоспарлы пайданы, әрі капитал айналымы кезінде шығын шамасының ауытқуы бойынша кәсіпорынның икемділгін көрсетуге мүмкіндік береді.
Есептеуді формула бойынша жүргізеді:

а = тұрақты шырындар

1. — тұрақты шырындарға %-і / 100

б = тұрақты шығындар

I- өзгермелі шығындар
жоспарды айналым
Бұл талдауда «өлі нүкте» (шығынды жабу үшін ең аз айналым) мен жоспарланған айналымның арасындағы «қабыспаушылықтың» зор мәні бар. Тек осының өзі ғана капитал айналымын жоспарлағанда кәсіпорынның еркін әрекет етуін көрсетеді. Кәсіпорынға мұны білу тиімсіздікке (зиянға) жол бермеуге мүмкіндік береді.
3. Өтімділікті жабуды талдау (тиімділікті талдау варианты). Өндіріс шығындарын осы тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорындар ақша жұмсайтындарға бөлінеді, әрі бұған қатысты еместері де, мәселен, амортизация шығындары да жатады. Ақша жұмсауға сәйкес келетін құн қисық сызығы нүктесінің, айналым қисық сызығы нүктесімен қиылысуы, өтімділікті сақтау үшін айналымның ең аз шамасын көрсетеді.
4. Аз айналымды регрессивтік бөлу. Аталған тәсілмен капитал айналымының айлық өзгерісі жоспарлы пайданың мөлшеріне қандай шамада ықпал ететіндігін бақылауға мүмкіндік береді. Аталган графикте әрбір айдағы пайданың немесе зиянның шамасын тіркеуге болады.

11.Қаржыны жоспарлау

Қаржы жоспарын жасау кәсіпорындағы қаржының даму жағдайын көрсетеді. Қаржыны жоспарлаудың 2 түрі бар: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік.
1. Ұзақ мерзімдік қаржы жоспары. а) Капиталға қажеттілікті анықтау -- ұзақ мерзімдік қаржы жоспарының алғашқы қадамы. Мұның өзі кредиттерді таңдауды жүзеге асыруға, оларды алу мерзімін белгілеуге және капиталдың тиімділігіне қарай өзінде және заемға бөлуге мүмкіндік береді.
Капиталға қажеттілікті анықтау айналымдағы және негізгі қаржылар бойынша бөлек жүргізіледі де, өндірісті ұлғайтуға, жөндеуге, жетілдіруге, реконструкциялауға және тиімді етуге қажетті қаржы құралдары туралы статистикалық деректер болып саналады.
Қажетті айналым қаржыларының мөлшері негізгі қаржылардың жалпы сомасына және олардың айналымына байланысты. Қажетті айналым қаржыларының шамасын анықтау үшін бірқатар тәсілдерді пайдаланады.
Ұ қ с а с к ә с і п о р ы н д а р д ы ң б а л а н с т а р ы н са л ы с т ы р у. Бұл ең қарапайым тәсіл. Бірақ бұл әрбір кәсіпорынның ерекшеліктерін ескермейді жәнеде басқа тәсілдерді қолданғанда не беретінін бақылау үшін ғана жарамды.
К а п и т а л ғ а қ а ж е т т і л і к т і ә с е р е т е т і н ж е к е л е г е н ф а к т о р л а р д ы т а л д а у, басқаша айтқанда, күнделікті пайда болатын шығындарды талдау -күнделікті шығындар - қаржыны тұрақтандыру мерзімі (күн есебімен) — айналым қаржысы.
А й н а л ы м д а ғ ы 100 д о л л а р е с е б і н д е ө з і н д і к қ ұ н д ы т а л д а у және т ө л е м ж а ғ д а й ы н е с е п т е у. Аталған тәсіл алдыңғылардан едәуір дәлірек

Мысал: Айналымдағы 100 доллар есебіндегі шығындар
.
Шикізат пен материалдар 40 долл.
Басқадай шығындар 30 долл.
Амортизация және басқадай ақша-
сыз шығындар 10 долл.
Барлығы: 80 долл.
Материалдар мен шикізаттардың қоймада тұру уақыты 30 күн
(40 күн — 10 күні жеткізушіге төлеу мерзімі)
Өндіру уақыты 15 күн
Дайын өнімнің қоймада тұру уақыты 10 күн
Сатып алушыларға төлеу мерзімі 30 күн
Барлығы: 85 күн

Айналым қаржыларына қажеттілікті анықтаудың ақырғы формуласы:
Айналым қаржы күндік айналым айналымдағы 100
ларын қажет 10 Х доллар есебінде
сіну капитал шығыны
б) Күрделі қаржы жоспары (инвестициялық жоспар). Аталған жо = спар кәсіпорындары барлық күрделі қаржыны қамтиды. Оны жасау үшін тиімділікті және барлық күрделі қаржының өтелу мерзімін талдау қажет. Ол үшін мыналар атқарылады:
- өндіріс шығындарын салыстырмалы талдау. Осы арқылы жаңа жабдықтардың шығындарын пайдаланудағы жабдықтардың шығындарымен салыстырады;
- пайдаларды салыстырмалы талдау. Мұнда жаңа ескі жабдықтар бойынша шығындар мен пайдалар салғастырылады;
- тиімділікті анықтау. Талдау барысында жаңа жабдықтарды алуға және пайдалануға қажетті күрделі қаржылар жабдықтардан алынған қосымша табыспен салғастырылады:
- өтелуін анықтау. Мұндағы жағдайда күрделі қаржы айналымының жиілігі талданады.
в) Баланстың өтімділігін үзақ мерзімге жоспарлау. Жоспар-лаудың бұл түрі кәсіпорынның біршама ұзақ перспективадағы қаржы жағдайын көрсетеді. Оның негізіне өткізу жоспары мен басқа да жоспарлардың деректері алынады. Басты мақсаты— өтімділікті талдау меи бақылау болып саналатын қысқа мерзімдік жоспардан айырмашылығы, осы тектес жоспарды жасау негізгі қаржы принцнптерін сақтауға мүмкіндік береді.
2. Қысқа мерзімдік қаржы жоспары. Өтімділік прннципін сақтау басқа жоспарланған шараларды өмірге енгізуді біршама шектеді. Қысқа мерзімдік қаржы жоспарының кәсіпорын үшін ерекше мәні бар, өйткені ол басқа жоспарлармен қоса өтімділікті талдауға және бақылауға мүмкіндік береді, ал оған қойылған резервтер өтімді құралдар туралы мәлімет береді.

Қысқа мерзімдік қаржы жоспары мынадай жоспарлардан тұрады:
1. Кезекті қаржы жоспарынан:
айналымдағы табыс, ағымдағы шығындар (шикізат, материалдар, сңбек ақы)
ағымдағы қызметтің ұтысы немесе шығыны
2. Кәсіпорын қызметінің бейтарап саласындағы қаржы жоспары: табыс (ескі жабдықтарды сату т. б.)
шығын
бейтарап қызметтің ұтысы мен шығыны
3. Кредиттік жоспар;
4. Күрделі қаржы бөлу жоспары;
5. Өтімдікті қамтамасыз ету жоспары.
Ол алдыңғы жоспарлардың ұтысын немесе зиянын қамтиды: ұтыс пен шығынның жиынтығы
Қолда бар өтімді құралдар
Өтімді кұралдар резерві.

Қаржы жоспарын жасағанда қаржыландырудың бірқатар жалпы ережесі басымдылыққа ие болады. Олар мыналар:
1. қаржы қатынасы мерзімдерінің принципі («банктің алтын ережесі»). Қаржыны пайдалану және алу белгіленген мерзімде етуі тиіс, яғни ұзақ мерзімді өтелетін күрделі қаржы ұзақ мерзімге берілуі тиіс;
2. төлем қабілетінің принципі. Жоспарлау төлем қабілетін кез келген уақытта қамтамасыз етуі тиіс;
3. күрделі қаржының тиімділік принципі. Барлық күрделі қаржы үшін қаржыландырудың ең арзан әдісі таңдап алынуы тиіс. Заем капиталын сол уақытта қатыстыруға болады, егер бұл өзіндегі қаржының тиімділігін арттыратын болса;
4. тәуекел етудің балансылану принципі. Әсіресе тәуекелді күрделі қаржыны өз қаржысы есебінен қаржыландыру қажет;
5. рынок қажетіне бейімделу принципі. Рынок коньюктурасын (болжамын) ескерудің, әрі ұсынылған кредитке өзіңнің тәуелділігіңді ескерудің айрықша маңызы бар;
6. шектеулі тиімділік принципі. Неғұрлым көп пайда келтіретін күрделі қаржыны таңдап алу қажет;
Батыстағы кәсіпорындардың жоспарлау жүйесімен танысқан кезде, барлық жоспарлау кәсіпорын мақсатына бейімделетіндігін (американдықтардың түсіндіруінше кәсіпорын философиясы), демек пайда табуды көздейтіндігін ескеру қажет.
Пайда дегеніміз, салықты шегеріп тастағанда қалатын таза табыс. Сондықтанда қаржы жоспарын жасаған кезде кәсіпорын басшысы салық жүйесін де, сондай-ақ салық ауыртпалығын кеміту мүмкіндігін де ескереді.
Бұл жағдай әсіресе халықаралық концерн үшін айрықша маңызды. Өйткені, белгілі бір концерннің кәсіпорындары әр түрлі елдерде орналасады. Түскен пайда да жоспарлы түрде, нақты елдегі салық шамасына қарай бөлінеді. Демек, табыс салығы жоғарғы елдерде пайда біршама төмен деңгейде, ал салығы шамалы елдерде, жоғары деңгейде ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?