ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамнын мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап)

белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшінш іден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше белгілері баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұнын, өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататан соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнін баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі—басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатаайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек кана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары боладыда, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжатт. т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын үрлау. Егер басқа біреудің мүжін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа кылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада—бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап—қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері керсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарьшда әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары керсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттері не сол немесе басқа қылмыстың кұрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйедді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы — адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмаңды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме - дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес тіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерін анықтау керек. Міне бұл жер қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.
Қылмыстың жаллы түсінігі, сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнінде ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әр түрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі - барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы — бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол — нақты қылмыстың заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер — қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіпгілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белтілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіпгілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің басты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың қылмыстық құқықта онын құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайгын, яғни кез келген қылмыстар құрамынын жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстық объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік, субъективтік жақтарын, және субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылықка негіздің де жоқ екеңдігін көрсетеді. Қылмыстық құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау қылмыс құрамының элементтерін сипатгау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субъективтік жағы деп аталады.
Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық катынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамынын белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зияңды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі