Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Құқықтық тәртіп. Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық
Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды.
Жеке адамның өзге мінез-құлық нұсқасын таңдауға амалы қалмайтын жағдайда жасаған құқыққа қарсы әрекеті (мысалы, өте қажет болған жағдай, қажетті қорғаныс) құқық бұзушылық деп танылмайды. Еркіне тәуелсіз құқық нормасын бұзу объективті түрде құқыққа қарсы әрекет болады, бірақ жаза қолданылатын құқық бұзушылық емес. «Объективті айыптауға, - делінген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодкексінде,- яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді» (19-баптың 2-тармағы).
Құқыққа қарсы әрекет ол кінәлі болғанда құқық бұзушылыққа айналады. Кінә дегеніміз- субъектінің қоғам, мемлекет, жеке адам мүдделеріне іштей теріс көзқарасының құқыққа қарсы әрекет жасаумен білдірілген көрінісі. Кінә негізгі екі нысанға: қасақана және абайсыздықпен жасалған болып бөлінеді.
Кінә нысаны жауапкершілік шарасына тікелей ықпал етеді.
Құқық бұзушылықтың заң жүзінде жауапкершілік жүктеу үшін қажетті және жеткілікті, мейлінше жалпы, дағдылы және елеулі белгілерінің жүйесі құқық бұзушылық құрамы деп аталады.
Құқық бұзушылық құрамын құрайтын белгілердің тіпті біреуінің болмауы заң жүзіндегі жауапкершілікті болғызбайды.
Құқық бұзушылық құрамына мыналар кіреді:
1) Құқық бұзушылық субъектісі – заңмен құқық бұзушылыққа қабілетті деп танылатын жеке адамдар немесе сондай әрекет жасаған әлеуметтік ұйымдар;
Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды.
2) Құқық бұзушылық объектісі – құқықпен реттеліп, қорғалатын және құқық бұзушылық араласатын нәрсе. Тектік объект – қоғамдық қатынастар, олардың саласы және түр объектісі - өмір, денсаулық, ождан, мүлік және т.б.;
3) Құқық бұзушылықтың субъективті жағы – субъектінің өз әрекеті мен оның зардаптарына ішкі, психикалық көзқарасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы.
Бұл көзқарас (кінә) тікелей қасақаналық нысанда болуы мүмкін, яғни бұл орайда субъект өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті сипатын ұғынады, зиянды зардаптардың болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын ала біледі және олардың болуын тілейді. Жанама қасақаналық нысанда да болуы мүмкін, бұл ретте субъект өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын ұғынады, зиянды зардаптардың болу мүмкіндігін алдын ала біледі, бұл орайда олардың болуын тілемейді, бірақ саналы түрде жол береді не оларға немқұрайды қарайды.
4) Құқық бұзушылықтың объективті жағы - әрекеттің өзі немесе әрекетсіздік, құқыққа қарсылық (әрекетті заңда көрсету), зиянды нәтиже (мағыналы аспект), әрекет (себеп) пен одан туындайтын зиянды нәтиже (салдар) арасындағы тікелей (кездейсоқ емес) себеп-салдары байланыс сияқты, құқық бұзушылықты сипттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы.
Сипаты мен дәрежесі бойынша қоғамдық қауіпті құқық бұзушылық қылмыс және теріс қылық түрлеріне жіктеледі.
Қылмыс – қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».
Қылмыскерлік құрылымы – қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне және олардың жалпы қылмыскерліктегі үлесіне қарай қылмыскерліктің түрлері бойынша сапалық сипаттамасы (кісі өлтірушілік; бұзақылық; ұрлық; қызметтік қылмыстар және т.б.).
Қылмыскерлік құрылымы қасақана және абайсызда жасалған; ашкөздік және күш қолданылған; айқын және патенттік; қылмыскерлердің жынысы мен жасы бойынша; қылмыстың жасалған уақыты мен орны бойынша қылмыстар болып бөлінеді.
Қылмыскерлік серпінділігі – қылмыскерлікке қозғалыс үстінде, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болған сан және сапа өзгерістері арқылы заңдардағы және халық санындағы өзгерістерді ескере отырып берілетін сипаттама.
Теріс қылық – қоғамдық қауіптілігінің азырақ дәрежеде болуымен сипатталады. Ол қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында және қол сұғушылықтың әртүрлі объектілерінде жасалады, тиісінше заңдық салдарға әкеп соғады.
Жекелеген қылмыстың тікелей себебінің пайда болуына әкеп соққан мән-жайлар кешенін криминологтар мынадай үш топқа бөледі:
1) Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу жағдайлары;
2) Қылмыс жасалған кездегі нақты жағдай, қылмыстың дәлелдері;
3) Қылмыстық нәтиженің болуына себепші болған мән-жайлар.
Белгілі бір субъектінің өзінің бір әрекетімен теріс қылықтың бірнеше түрін жасап, оның заңдық жауапкершіліктің тиісті түрлерінің де тууына әкеп соға алатыны сирек кездеспейді.

Заңдық жауапкершілік дегеніміз – арнаулы органдар немесе лауазымды тұлға түріндегі мемлекет пен құқық бұзушының арасындағы тиісінше айырулар мен құқыққа қарсы әрекеті үшін жағымсыз салдарға төзу міндеті жүктелетін құқық нормасын бұзудан туындайтын құқықтық қатынас. Жеке сипаттағы (мысалы, бас бостандығынан айыру), мүліктік (мысалы, айыппұл) немесе ұйымдық сипаттағы (мысалы, жұмыстан шығару) шектеулер осындай зардаптар болуы мүмкін.
Әлеуметтік жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретіндегі заңдық жауапкершіліктің белгілері мыналар: а) мемлекет құқық нормаларында белгілеген; ә) мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенеді; б) арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар іс жүргізу тәртібімен қолданады; в) құқық бұзушы үшін нақты теріс зардаптардан көрінеді және қосымша міндеттер жүктеумен байланысты; г) тек қана жасалған құқық бұзушылық үшін туады және қоғамдық бетіне басумен байланысты.
Заңдық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Заңдық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазалау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу, ысыратып өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада заңды мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру және заңдық жауапқа тартылушы субъектінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу.
Құқық бұзушылықтардың түрлеріне қарай заңдық жауапкершілік былайша жіктеледі:
Қылмыстық, тек қана қылмыс үшін және қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарына сәйкес соттың үкімі бойынша ғана қолданылатын ең қатаң түрі;
Әкімшілік, яғни әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін, қызмет міндеттерін орындау мен байланысы жоқ түрі;
Азаматтық, шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын түрі;
Тәртіптік, тәртіптік билігі бар лауазымды адамдардың тәртіптік теріс қылық үшін қолданылатын түрі.
Тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес, бағыныштылық тәртібімен, кейбір салаларда қолданылатын тәртіптік жарғылар мен ережелерге сәйкес пайда болуы мүмкін;
Кешірім жасау немесе рақымшылық ету актілері жауаптылықтан босатпайды, бірақ жазаны ауыстыруы немесе жоюы мүмкін....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!