Биология | ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

 Биология | ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.

Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері.

Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:

1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:

2. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;

3. Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі;

4. Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.

Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу дамитын) болып екіге бөлінеді.

Қауырт қанайналым жеткіліксіздігі тез дамитын жүрек аурулары, қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігі кездерінде немесе олардың біріккен жеткіліксіздігінде дамиды. Қауырт миокардтың инфаркты, ауыр жүрек аритмиялары, кардиогендік шок, коллапс, жүрек демікпесі немесе өкпенің ісінуі қанайналым жеткіліксіздігін дамытып, адамның тез жан тапсыруына әкелуі мүмкін.

Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігі (ҚЖ) үш дәрежеде өтеді.

І - дәреже — бастапқы, жасырын ҚЖ. Бұл кезде тыныштық жағдайда жеткіліксіздік байқалмайды. Өйткені тыныштық жағдайда организмнің оттегіге мұқтаждығы минөтіне 300—350 мл-ден аспайды. Ал қол жұмысын атқарғанда науқаста алқыну, жүрек қағу, әлсіздік, тез шаршау т. б. сияқты әйгіленімдер пайда болады. Сондықтан ҚЖ-нің бұл сатысы қосымша функциялық жүктемелер беру арқылы анықталады. Науқастын еңбекке қабілеттілігі қатты төмендейді.

ІІ - дәрежеде қанайналым жеткіліксіздігі ІІА және ІІВ болып бөлінеді. ІІА дәрежесінде жоғарыда келтірілген әйгіленімдер тыныштық жағдайда болады. ІІВ дәрежесінде үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінде қанның іркілуі байқалады.

ІІІ - дәрежеде қанайналым жеткіліксіздігінің теңгерілмеген (декомпенсациялық) ақтық түрі. Бұл кезде қанайналымның ауыр бұзылыстары дамып, ағзалар мен тіндерде қайтымсыз құрылымдық өзгерістер, зат алмасудың тұрақты бұзылыстары байқалады және олардың қызметтері төмендейді. Мұндай науқастар төсек тартып жатып қалады, еңбекке қабілеті мүлде жоғалады.





Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!