Аристотель

 Аристотель

Сыннан қашудың бір ғана жолы бар: ештеңе айтпаңыз, ештеңе істемеңіз, ешкім болып қалыңыз.

Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша болса таңданар едi.

Ақыл-ой көп жерде сәттiлiк аз, сәттiлiк басым жерде ақыл-ой кем.

Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек.

Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді.

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.

Достарым бар дегенде,
Досы жоқ.

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Мас болу — өз еркіңмен жындану.

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.

Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.

Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.

Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.

Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

Өмір қимылды талап етеді.

Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ

Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес

Қылмысқа сылтау ғана керек.

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий