Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез үдерісі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады.
Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.
Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар ұсынылған суреттерінен экологиялық пирамида құра білулеріне назар аудару керек. Қоректік тізбектегі әр ағзаның рөлін талдау арқылы энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру қажет. Ол үшін экологиялық пирамида деңгейлерінде энергия мен заттардың ауысуын көрсетуге болады.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы себептерін түсіндіре білулері, энергия мен заттардың ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.
Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде экожүйедегі факторларды түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.
Есеп шығарған кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
Саралау тапсырмалары
Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?